О ббк 83. 3 (5 Қаз) б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет20/24
Дата31.12.2016
өлшемі1,7 Mb.
#830
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

4.  Аңыз  өлең
7
  Адамның  бал  ашқанға,  ырымға,  қыдырға, 
аян бергенге, түс көргенге илануынан шыққан ел ішінде аңыз 
қылып  айтылатын  түрлі  әңгімелер  болады.  Сол  әңгімелерді 
ақындар ажарлы тілмен, әдемілеп, өлең етіп шығарғаны аңыз 
өлең болады. Аңыз өлеңінің мысалы: Мағжанның «Қорқыты», 
«Орман  патшасы»,  «Масадағы»  «Данышпан  Аликтің  өлімі», 
Абайдың «Ескендір» әңгімесі.
5. Көңілді сөз. Табиғатқа жақын, қулық-сұмдық жайлар, әдіс 
жоқ, тамағы тоқ, уайымы жоқ, адал ниет, ақ көңіл адамдардың 
талассыз, тартыссыз, тыныштықпен шеккен өмірін сөзбен су-
реттеп шығару көңілді сөз болады.
Осындай  адамдардың  ғамалдары  от  басы,  үй  шаруасынан 
аспайды.  Басқалардың  істеріндей  шиеленісіп,  байланысып, 
баттасып  жатқан  істері  болмайды.  Ондай  үйдің  іші  үлкенін 
сыйлағыш, кішілерін балаша мәпелегіш, мейірімді, меймандос 
келеді. Қазақтың сондай үйлерінің тұрмысын сөзбен суреттеп 
шығарса, көңілді сөз болып шығады.
7
 Аңыз әңгіме мазмұны аңыз жыр сияқты болады. Екеуінің айырмасы біреуі өлеңмен, 
екіншісі жай айтылуында ғана.

332
Бұл түрлі сөз біздің әдебиетте әлі жоқ.
6.  Мысал.  Мұның  не  туралы  сөз  болатындығы  анайы 
әдебиет туралы сөз болғанда айтылған еді. Мұндағы айтыла-
тыны анайы әдебиеттегі мысал мен сыпайы әдебиеттегі мысал 
екеуінің арасындағы айырмасы. Анайы әдебиеттегі мысалдар 
былай  шыққан:  алғашқы  адамдар  басқа  мақұлықтардан  ұзап 
жарымаған.  Олар  да  түрлі  табиғат  түрлі  тәсілмен  тіршілік 
ететіндігін көріп, олар да адамша ойлайды, сөйлеседі, кеңеседі, 
бірін-бірі алдайды, арбайды деп білген. Сондықтан адамның ісін 
әңгіме қылған сияқты олардың да істерін әңгіме қылған. Онан 
хайуандар турасындағы ертегілер шыққан. Онан бері келе, хайу-
андар тіршілік еткенмен, нақ адамша ойласып, сөйлесіп, кеңес 
етпейтіндігіне көзі жеткеннен кейін, мақұлықтар турасындағы 
ертектер  өтірікке  саналып,  бірте-бірте  жоғалып,  тек  мысал-
дар  ғана  қалған.  «Түйе  бойына  сеніп,  жылдан  құр  қалыпты» 
деген,  «Тышқан  шаңырақтағы  еттің  сасығын-ай  депті»  деген 
сияқты мысалдар – хайуандар турасынан сөйлеген ертектерден 
қалған мысалдар. Түйенің алданып қалуы туралы, тышқанның 
шаңырақтағы етке бойы жетпеген соң, сасық деп кемітуі тура-
лы әңгімелер, ертектер болмаса, ондай мысалдар халық тілінде 
болмас еді. Мұндай мысалдардың пайда болуына себеп болған 
ертегіде айтылған хайуандардың ісіне адамдардың істерінің де 
ұқсауы, қолы жетпеген нәрсесін жамандайтын мінез адамдарда 
да  бар.  Сондай  мінездерді  адамдардың  кемшілігін  көрсеткісі 
келгенде қазақ тышқанның «шаңырақтағы еттің сасығын-ай» 
дегенін мысалға келтіреді.
Анайы әдебиетте болған хайуандар мінезі мен адам мінезін 
көрсету  мақсаты  сыпайы  әдебиетте  де  бар.  Мақсат  жағынан 
бір-бірінен  айрылмайды.  Айрылатын  жері  айтылуында, 
анайы  әдебиетте  хайуанның  мінезі  құр  мысал  болды  да,  со-
нымен  айтушы  қанағаттанады  да  қояды.  Сыпайы  әдебиеттің 
мысалы  мінезінің  ұқсауымен  қатар,  айтылуының  әдемілігін 
де бірдей еске алады. Мінезінің ұқсауы қандай келісті болса, 
әңгімесінің де сондай келісті болуын көздейді. Мұнда ұқсатуы 
да,  әңгімесінің  айтылуы  да  –  екі  жағы  бірдей  қызғылықты 
болып,  тыңдаушыға  екі  жағы  бірдей  әсер  етеді.  Мысалдарға 
бұлайша түр шығарушылардың ең шебері Франция жұртында 
Лабунтен  (1759-1831),  орыста  Крылов  (1763-1844)  болған. 
Олардан  бұрын  ескі  түрмен  мысалдаушы  шеберлер  үнді 
жұртында  болған,  гректе  (Эзоп),  Румда  (Бедір)  болған.  Кры-

333
лов  мысалдарының  түрлері  «Қырық  мысалдағылар»,  Абай 
кітаптарындағылар,  «Жиған-терген»  деген  Өтетілеуұлының 
кітабындағылар. Крылов мысалдарының ішінде Эзоптан, Ла-
бунтеннен алғандары да бар.
(Әуезе иә әңгіме түріндегі сөздердің нұсқаларын
 нұсқалықтың 166, 197-інші нөмірлерінен қара). 
іі. толғау түрлері
Толғау нендей сөз екені «Дарынды сөз түрлері» деген бап-
та  айтылған  еді.  Мысалдары  «Ауыз  әдебиеттің»,  «Дарынды 
әдебиеттің»  толғау  бөлімдерінде  көрсетілген  еді.  Бұл  жерде 
азырақ толғау сөздер жақсы болып шығуына қандай шарттар 
қойылатынын айту керек.
Нағыз  толғау  мен  күй  (яки  ән)  арасы  жақын,  екеуінің  де 
зейінге айтары аз, көңілге айтары көп. Толғау әдемілігі әуелі, 
айтуға алынған көңілдің күйіне қарай; екінші, оны айтып жет-
кізетін сөйлеу түріне қарай болады. Сүйтіп, толғау әдемі болып 
шығуы үшін екі түрлі шартты орнына келтіру керек. Толғаудың 
мазмұн  жағына  қойылатын  шартты  ішкі  деп,  сөйлеу  түріне 
қойылатын шартты тысқы дейміз.
1. Ішкі шарты: а) Толғау жалпы сырлы болуы керек. Ақын 
толғауы  да  өз  көңілінің  күйін  айтады,  бірақ  ол  күй  өзгеге 
түсінікті болуы тиіс. Күйі түсінікті болмаса, өзгелерге әсер ете 
алмайды.
ә) Толғау шын сырлы болуы тиіс. Өтірік жай сөзге де жарас-
пайды. Толғау сияқты сырлы шығармаға өтірік жараспақ түгіл, 
бүлдіреді. Сондықтан күйлі толғау көңілде шын болған күйден 
шығуы керек. Бұрынғы қазақ ақындарының мақтау, құттықтау 
өлеңдерінің көбі қадірсіз болып кетуі шын көңілден шын толғау 
болып шықпағандықтан.
б)  Толғау  таза  болуы  тиіс  –  лас,  былғаныш,  нәжіс  әдемі 
нәрседен шықса, көңілге қандай әсер етеді? Толғау сөзге был- 
ғаныш сөз, былғаныш пікір қатысса, о да сондай әсер етеді.
в)  Толғау  көңілдің  тереңдегі  күйінен  хабар  беруі  тиіс. 
Көңілдің  бер  жағынан  шыққан  толғаудың  әсері  оқушының 
көңілінде терең із қалдыра алмайды.
2. Тысқы шарты: а) Толғау сөзі көңіл күйінің бейне билеуі 
сияқты болу тиіс. Күй де, би де біріне-бірі үйлесіп келгенде, 
сұлу болып шығады. Күй мен бидің үйлесуі.

334
ә)  Толғау  қысқа  болуы  тиіс.  Көңіл  күйінің  көбі-ақ  бір 
қалыпта ұзақ тұрмайды. Көңіл күйінен шығатын толғау көңіл 
табиғатына қарай ұзын болмасқа тиіс, ұзын болмайды да. Нағыз 
толғаулардың көбі-ақ 4-5 ауыз өлеңнен аспайды.
б)  Толғау  әуезді  сөзбен  айтылуы  тиіс.  Адамның  көңілінің 
күйін  жақсы  білдіретін  –  күй  мен  ән.  Әннен  соңғы  көңілге 
көбірек әсер беретін – әуезді сөз, әуезді сөздің әдемісі – өлең. 
Толғау  көңіл  сөзі  болғандықтан  әсер  күшін  көбейтетін  өлең 
түрде айтылуы тиіс. Көбінесе солай айтылады да. Толғаудың 
құны қанша деген мәселеге келсек, толғау сөз өнерінің барып 
тұрған  жері  деп  саналады.  Толғаудағы  көңіл  күйлерінің  бәрі 
өмір  жүзінде  адам  біткеннің  бәрінің  басында  бола  бермейді. 
Көңілдің түрлі күйін әдемілеп айтып, сөзбен келтіруге үлкен 
ақындық  керек;  толғау  жақсы  болса,  оқығандар  өз  басын-
да  болмаған  күйлерді  толғау  күшімен  өзінде  болған  күйдей 
басынан кешіріп өтпек. Бұл өзгелердің көңіл күйін де дұрыс 
танып, дұрыс білуге үйретпек. Толғау көңілдің көркем сырла-
рын өрнекті сөздермен айтып білдіріп, адамның көрік сезімін 
күшейтеді.  Әдемі  толғаудан  алатын  адамның  көрік  ләззаты 
басқа сөздердің бәрінен де артық болады.
Ақынға дүниенің әдемілігі көрік пен махаббат екеуінде ғана. 
Өмірдің көрік пен махаббатқа дұрыс келетін істері сүйіндіреді, 
теріс  келетін  істері  күйіндіреді.  Мұның  мағынасы  көңілді 
сүйінішті,  күйінішті  күйге  түсіру  болады.  Күйініш  көңілге 
наразылық туғызады. Көңіл наразылығы мұң туғызады, мұң ой 
туғызады.  Осы  айтылған  істерге  қарай  күйлі  толғау  бірнеше 
түрге бөлінеді:
1. сап толғау. Қорыққанда «ойбай!», қуанғанда «алақай!», 
қиналғанда  «уһ!»,  таңданғанда  «о!»,  өкінгенде  «қап!»  деген 
сияқты  пайым,  пікір,  ой  белгілі  кіріспеген,  құстың  сайрауы 
сияқты көңілдің таза күйінен шығатын сөз сап толғау яки сай-
рау деп аталады.
2. Марқайыс толғауы. Көңіл шын ырза болып, марқайып 
өскен шақта шығатын сөз марқайыс толғау болады. Көңілдің 
шын  өсіп,  марқаюы  қуанышты  ұлы  уақиғаның  үстінде  бола-
ды. Ұлы уақиғалар ұлы адамдардың яки бүтін елдің, халықтың, 
таптың  өмірінде  де  сирек  болатындықтан,  марқайыс  түрлі 
тұлғаларда  әдебиет  жүзінде  аз  ұшырайды.  Марқайыс  орны-
мен айтылса, ұнамды болады. Ұнамсыз айтылса, ерсі көрініп, 
марқайыс әсері болмайды, масқаралық әсері болып шығады.

335
3. налыс толғау. Әркімнің өмір жүзінде көздеген мұраты 
болады  яғни  сол  мұрат  көрген  нәрсесінің  жолында  болады. 
Мұратына жетсе, бақытты болады. Мұратына жетіп, бақытты 
болған шақта да бақыт ұзақ тұрмайды, үйткені бақыттың бо-
луына,  болмауына  себепкер  нәрселер  көп,  қайғы-қасіретсіз, 
уайымсыз, мұңсыз, қатерсіз, қауіпсіз шаттықпен тыныш өмір 
сүретін  адамдар  тіпті  болмайды.  Өмір  жолы  мұратқа  тура 
жүргізбейді. Тура жүргізбесе, көңілге реніш, шер пайда бола-
ды. Сондай өмір жүзіндегі түрлі опасыздық ақынды да ренжі-
теді, мұңайтады. Ықыласын қайтарады. Ренжу, мұңаю, ықылас 
қайту  ақынды  көңілсіз  күйге  түсіреді,  шерлендіреді.  Шерлі 
күйден  шыққан  сөз  мұңды  болып  шығады.  Сондай  мұңды, 
шерлі толғаулар налыс толғау деп аталады.
4.  намыстаныс.  Намыс  толғау  басында  тайғақ  кешу,  тар 
жолда, қиыншылық шегіне жетіп, тақалған шақта шығатын сөз. 
Қиын хал нағыз қиын шегіне жеткенде қиын істі істеуге керек 
қылады. Сол қиын істі істеуге көбінің батылы жетпей, намы-
сына тигізіп, қанын қыздырып сөйлеу қайрау сөз деп аталған. 
Сол қайрау сөздің өлеңмен айтылғанын намыс толғауы дейміз. 
Намыс толғау соғыс кезінде соғысқа түсіру үшін яғни не өліп, 
не өлтіріп шығатын өлім жолына айдаған жерде айтқан.
Қазақ  патшаға  қарамай,  басы  бос  тұрған  кезінде  түрлі 
жұрттармен  соғысқан  шағы  болған.  Ол  кезде  қазақ  намыс 
толғаулары азаматтың намысын қоздырып, қанын қыздырып, 
соғысқа  айдау  үшін  айтылған.  Сондықтан  намыс  толғау 
түріндегі  сөздер  батырлар  жырында  (ертегі  жырларда)  көп 
ұшырайды. Қазақ орыс патшасына қарап басы байланған соң, 
соғыс болмаған, соғыс болмаған соң, соғыста айтылатын на-
мыс  толғаулар  да  жоғалған.  Бірақ  намыс  толғау  айтылатын 
соғыс болмағанмен, соғысқа бара-бара ер басына қиыншылық 
түсетін басқа істерге айтылатын қайрау сөздер де намыс толғау 
табына  кіреді.  Мәселен,  бағындырған  патшадан  басын  боса-
тып алу – жұртқа соғыспен бірдей дәрежелі қиын іс. Сондай 
іске қайрау мақсатпен айтылған өлең о да намыс толғауы бола-
ды, сондықтан «Интернационал» өлеңі сияқты, «Асау тұлпар» 
кітабындағы  «Жолдастар»  деген  өлең  сияқты,  «Масадағы», 
«Оян,  қазақ!»  кітабындағы  кейбір  өлеңдер  сияқты  сөздер 
намыс  толғау  болады.  Бірақ  намыс  толғауының  асыл  түбі 
өте  қиыншылық  орында  шыққан  сөз  болғандықтан,  шын 
қиыншылық орында айтылса ғана шын намыс толғауы болады. 

336
Не жайбарақат орында айтылған намыс толғаудың сөзі ұқсаса 
да, өзі болып шықпайды.
5.  сұқтаныс.  Сұқтану  деп  бір  нәрсеге  артықша  назар 
түсуін айтамыз. Адам сұқтанғанда, жақсы нәрсеге сұқтанады, 
жаман  нәрсе  қаншама  ұлы  болып,  адамның  назарын  түсіріп, 
таңдандырғанмен, сұқтандырмайды. Ұлы болсын, ұсақ болсын 
бір жақсы нәрсеге сұқтанамыз. Ол жақсы нәрсе табиғат ісінің 
жүзінде де, адам ісінің жүзінде де болады. Солай болған соң, 
сұқтаныс  толғауда  көбінесе  ғаламның  ұлылығы,  табиғаттың 
сыры,  шеберлігі,  сұлулығы,  адам  ісінің  де  сұқтанарлық, 
ұлылары, жақсылары, көркемдері сөз болады. Өмір мен өлім, 
жақсылық  пен  жамандық  сияқты  нәрселердің  мән-мағынасы 
турасындағы  толғаулардың  көбі  де  сұқтаныс  табына  кіреді. 
Сұқтандыратын нәрселердің көбі-ақ тек сұқтандырып қоймай, 
адамды ойландырады, қиялдандырады, сондықтан түбіріндегі 
толғаулардың  көбі  таза  толғау  болмай,  байымдамалау,  ойла-
малдау болып келеді. 
Жоғарыда айтылған нәрселер турасында байымдау даналық 
(пәлсапалық) байымдауы болып шығады.
6.  Ойламалдау.  Көңіл  ырза  болмаудан  наразылық  туа-
ды.  Наразылық  мұңға  айналады.  Мұңнан  ой,  қиял  тербе-
неді,  сүйтіп,  көңіл  ырза  болмағандағы  шығатын  толғаулар 
жалғыз көңіл күйінің сөзі болмай, ой, қиял қатысып шығады. 
Сондықтан мұңды толғаулар ойламалдау деп аталады. Көңілдің 
ырза болмайтын нәрселері – түрлі жамандықтар, кемшіліктер, 
міндер.  Адам  қауымында  жасалған  адамшылық  үлгі  болады. 
Адамның ісі сол адамшылық үлгімен пішіліп, тігілмесе, адам 
қауымына  ерсі,  жаман  мін  болып  көрінеді.  Адамның  көбі-ақ 
ол үлгіден алыс болады. Біреулер үлгімен істеу қолынан кел-
мегендіктен  алыс  болады,  біреулер  тіпті  адамшылық  үлгіні 
керек қылмағандықтан алыс болады. Қолынан келмегендіктен 
алыс болу кемшілік болады. Керек қылмай, адамшылық үлгісін 
аяғына  басу  жамандық,  айып  болады.  Еңбек,  шаруашылық, 
тағысын тағылардың бәрінде де бар. Оның үстіне, әр ақынның 
өз адамшылық үлгісі де болады. Өз үлгісіне тура келмейтін іс-
терді де ақын теріс көреді. Жамандыққа, кемшілікке, мінге са-
найды. Өз үлгісі болсын, өзгенікі болсын, әйтеуір адамшылық 
үлгіге теріс келетін істі ақын айтпақшы. Айтқанда, жай ақыл 
түрінде айтып, даттайды да, үгіттегенде иә даттағанда, бүтін 
елдің,  жұрттың  басындағы  мінін,  кемшілігін,  жамандығын 

337
көрсетіп  те  айтады;  бір  адамның  басындағы  мін,  кемшілік, 
жамандықтарын көрсетіп те айтады. Үгітті бүтін жұртқа айтса 
да,  бір  адамға  айтса  да  үгіт  болады.  Сөгіс  бір  адамға  бастап 
айтылғанда,  масқаралау  (әлемдеу)  болады  да,  жұртқа  қастап 
айтқанда әшкерелеу (даттау) болады.
Әшкерелеу  де,  масқаралау  да  екі  түрлі  болады.  Жай  сөгіс 
әшкерелеу бар, күлкі қылып әшкерелеу бар. Масқаралау да сон-
дай. Жай жамандап масқаралау бар да, күлкі қылып масқаралау 
бар. Жамандық адамды кейітеді, қайғыртады, мұңайтады, рен-
жітеді. Кемшілік пен мін адамның күлкісін келтіреді. Осыған 
қарай толғаудың ойдамалдау түрі көбінесе не сөгіс толғауға не 
күліс толғауға айналып кетеді.
7.  сөгіс  толғау.  Өмірдің  жамандық  жағына  ырза  бол-
май, мінеп шығарған сөздердің жалпы аты қазақ тілінде жоқ, 
сондықтан толғаудың бұл түріне сөгіс толғау деп жаңадан ат 
қойылып  отыр.  Сөгіс  толғау  жамандықты  жариялап,  бетке 
басу ниетпен шығарылады. Үгіттеуден ұрсу күштірек, жай ай-
тудан ұялту күштірек. Сол мәніспен сөгіс түріндегі сөздер ел 
түзеу, құлық тазарту жағына көбірек әсер етеді деп саналады. 
Бұрынғы тек үгіт түріндегі сөздердің орнын бірте-бірте сөгіс 
толғау алып, өте үгіт түріндегі сөздер жоғалмақшы, бірақ әлі 
де сөгіс толғауға ақыл айту, жөн көрсету сияқты сөздер көбірек 
қатысып, сөгісінен үгіті басым болып кететіндері көп. Сүйтіп, 
толғау болмай, тек ақыл айту болып шығатындары көп бола-
ды.  Асылында,  таза  толғау  болатын  сөз  аз  болады.  Көбінесе 
толғаудың  әр  түрі  араласып  отырады.  Сондай-ақ,  толғауға 
толғау  емес  сөздер  де  дәйім  қатысып,  аралас  келіп  отырады. 
Үйткені ақылқиялкөңіл деп үшке бөлгенмен, олар бірінің ісі-
не бірі қатыспай тұрмайды.
Жамандық  екі  түрлі:  кешірімді  жамандық  бар,  кешірімсіз 
жамаңдық  бар.  Кешірімді  жамандық  тек  кемшлік  болады  да, 
кешірімсіз жамандық айып болады. Кешірімді жамандық – тек 
білмегендіктен  болатын  жамандық.  Кешірімсіз  жамандық 
тек біле тұра істелетін жамандық. Толғаушы толғағанда, еке-
уін  екі  түрлі  толғайды.  Кешірімсіз  жамандықты  толғағанда 
беті-жүзіне  қарамай,  айыбын  айқын  айтып,  бетіне  басып, 
сөгіп  толғайды.  Айыбын  бетіне  басып  көрсету  күйе  жағып 
көрсетумен  бірдей  болғандықтан,  даттау  деп  те  айтылады. 
Кешірімді жамандықты, толғағанда, жамандығын, кемшілігін 
айқын айтпай, күлкі түрінде көрсетіп ұялту, арланту ниетпен 

338
толғайды. Сондықтан күліс толғау күлкілеукелемеждеу болып 
шығады. Күлкі қылу әлемдеп көрсетумен бірдей нәрсе, бірақ 
көпке жаққан күйе яки таққан әлем, көптің үстінде болған соң, 
күшті әсер ете алмайды. Көп ішінде бір адамға жаққан күйе, 
таққан әлем күштірек әсер етеді. Сондықтан көпті қандай дат-
тап, сөккенмен, масқаралауға болмайды. Сөзбен жеке адамды 
ғана масқаралауға болады.
Ақын  залымдықты,  надандықты  көріп,  күйінгенде  қандай 
күйге түсіп толғайтынын Абайдың төмендегі сөзі көрсетеді:
Адамның кейбір кездері 
Көңілде алаң басылса, 
Тәңірінің берген өнері 
Көк бұлттан ашылса,
Сылдырлап өңкей келісім 
Тас бұлақтың суындай, 
Кірлеген жүрек өзі үшін 
Тұра алмас әсте жуынбай.
Тәңірінің күні жарқырап
Ұйқыдан көңіл ашар көз.
Қуаттан ойдан бас құрап, 
Еркеленіп шығар сөз.
Сонда ақын белін буынып, 
Алды-артына қаранар. 
Дүние кірін жуынып, 
Көрініп ойға сөз салар. 
Қыранша қарап Қырымға
Мұң мен зарды қолға алар. 
Кектеніп надан зұлымға, 
Шиыршық атып толғанар.
Әділет пенен ақылға 
Сынатып көрген-білгенін, 
Білдірер алыс, жақынға 
Солардың сөйле дегенін.
Ызалы жүрек, долы қол
Улы сия, ащы тіл 
Не жазып кетсе, жайы сол,
Жек көрсеңдер, өзің біл. 
8. Күліс. Екі түрлі күлкі бар: 1) шын күлкі, 2) сын күлкі. Шын 
күлкі – шаттық үстінде, көңіл хоштанғанда келетін күлкі. Сын 
күлкі  –  нәрсе  көңілге  күдікті,  ерсі  көрінген  уақытта  келетін 

339
күлкі. Анау көңілдің күйінен тура шығатын күлкі де, күлкілі 
күйді көңілге сын тудырғаннан кейін шығатын күлкі күлкілеу 
толғауға қару болатын соңғы түрдегі күлкі.
Адамның  арына  тию  жағынан  күлкі  сөз  бірнеше  түрге 
бөлінеді.  Адам  ауырлайтын  да,  ауырламайтын  да  күлкі  бар. 
Ауыр күлкінің аты мазақмысқыл болады да, жеңіл күлкінің 
аты сықақ, қулық болады. Ең жеңілі ойын сөз, оны әзіл деп ай-
тамыз.
а) Мазақ қылу біреудің кемшілігін, мінін айтып күлу бола-
ды. Әдебиет жүзінде мазақ қылу кемшілік пен міңді әшкерелеп, 
жұртқа жаю болады. Бұл әлемдеп жұрт алдына өткізумен бір 
есеп іс. Мазақ түрінде күлкінің ауыр болатын себебі осыдан.
ә)  Мысқылдау  –  сөздің  өңін  теріс  айналдырып  айту.  Олай 
айту кекесін болады. Кекесін сөз зілді болады. Мысқыл сөздің 
ауыр тиетін себебі осы.
б) Сықақ пен қулық күлкі сөздің, асылында, ауырламайтын 
түрлері. Бұлар ауырлайтын түрге айналса, онда олар сықақ та, 
қулық та болмай, мазақ пен мысқылдың бірінің түріне түсіп ке-
теді.
Әзіл де солай. Зілсіз болса әзіл болады да, зілді болса әжуа
келемеж, мазақ, мысқыл сияқты күлкі түріне айналып кетеді.
Біз  күлгенде,  әуелі  тек  күлкі  келтіретін  нәрсеге  күлеміз, 
неден күлкі болып тұрған мәнісін тексермейміз. Себебін тек-
серіп  күлгенде,  көңілімізді  келтірген  нәрсе  болып  шығуы  да 
ықтимал,  олай-бұлай,  қайта  қайғыға  қалдыратын,  ойға  баты-
ратын  нәрсе  болып  шығуы  да  ықтимал.  Ақындардың  адам 
мініне,  кемшілігіне  күліп  шығарған  сөздерін  тек  күлкі  үшін 
шығарған сөз деп қарамасқа керек. Ондай сөздердің көбінің-ақ 
бергі жағы ғана күлкі болып, арғы жағы адамды мұңайтатын, 
қайғыртатын сөз болуы ықтимал 
(Толғау нұсқаларын нұсқалықтың 
198, 275- інші нөмірлерінен қара).
ііі. Айтыс-тартыс түрлері
Айтыс-тартыс сындар әдебиеттің бір түрі екендігі жоғарыда 
айтылған еді. Айтыс-тартыс қазақ ақындарының айтысқаны да 
емес,  олардың  айтыстырып  шығаратын  өлеңдері  де  емес,  ол 
айтысу иә айтыстыру мен айтыс-тартыс екеуінің арасында аты-
нан басқа жанасатын жері шамалы: екеуінің айтыс деген аты 

340
мен айтыса сөйлесуі ғана ұқсас. Онан басқа бір-біріне жанаса-
тын жері жоқтығы төмендегі сөздерден мәлім болады.
Айтыс-тартыстың  әуезе  мен  толғауға  да  ұқсастығы  аз. 
Әуезеде  (әңгіме)  ақын  өз  жағынан  еш  нәрсе  қатыстырмай, 
басқаның  басында  болған  уақиғаны  айтады  да  қояды.  Ай-
тыс-тартыста  ақын  өз  басындағы  емес,  басқаның  басындағы 
уақиғаны  көрсетіп,  өз  басынан,  көңілінің  күйінен  еш  нәрсе 
қатыстырмайды. Бұ жағынан айтыс-тартыс әуезеге (әңгімеге) 
жақын. 
Әуезеде  (әңгіме)  бір  болған  уақиғаны,  уақиғада  болған 
адамдардың  не  істеген  әңгімесін  естиміз,  бірақ  ол  адам-
дарды,  уақиғаларды  көрмейміз.  Айтыс-тартыста  ақынның 
айтқан әңгімесін естімейміз, уақиғаның өзін, уақиғада болған 
адамдардың  өздерін  көреміз.  Уақиға  көз  алдымызда  болып, 
адамдардың  тіршілік  жүзінде  айтысып-тартысып  өмір  шек-
кенін көреміз. Тіршілік майданында адамдардың ақылы жет-
кенінше  амалдап,  қайратына  қарай  қару  қылып  алысқаны, 
арбағаны, қуанғаны, жылағаны, ойнағаны, күлгені, сүйінгені, 
күйінгені, жауласқаны, дауласқаны, бітіскені, жарасқаны өмір 
жүзіндегідей көрініп, көз алдыңнан өтеді.
Бұл шын өмірдің өзі емес, нәрсенің айнаға түскен сәулесі 
сияқты,  өмірдің  алаңда  көрсетілетін  сәулесі  ғана.  Бірақ 
нәрсенің айнаға түскен сәулесі қандай айнымайды, бұ да сондай 
шын  өмірдің  өзінен  айнымайтын  сәулесі.  Айтыс-тартыстағы 
уақиғалар,  адамдар,  асылында,  болған  заттар  емес,  ақын  өзі 
жасаған, ақын қиялынан туған заттар. 
Ақын  адамдарын  жасап,  ауыздарына  сөздерін  салып,  іс-
тейтін істерін дағдылап, ал істей беріңдер деп, өзі ғайып бо-
лып  кеткен  сияқты,  айтыс-тартыста  ақынның  өз  тарапынан 
еш  нәрсе  сезілмейді.  Әуезеде  (әңгіме)  уақиғаны  сөйлеу,  ай-
тыс-тартыста ақын өзі сөйлемей, өзгелерді сөйлетіп, айтысты-
рып, тартыстырып жіберіп, өзі бейтарап болып, тек қызығына 
қарап  отырып  қалған  сияқты  болады.  Мұнда  өткендік  жоқ, 
осы уақытпен керсетіледі. Әуезеде (әңгіме) ақын айтқанынан 
өткен уақиғаның әңгімесін естиміз, айтыс-тартыста уақиғаны 
біреудің  айтқанынан  естіп  білеміз.  Көзбен  көріп  те  білеміз. 
Әуезе мен айтыс-тартыс арасындағы зор айырыс осы.
Айтыс-тартыс пен толғау арасында да айырыс зор. Айтыс-
тартыста  ақын  өз  тарапынан  еш  нәрсе  сөйлемегендіктен,  өзі 
сезілмей  тек  қиялынан  туған  адамдар  бәрін  істеген  сияқты 

341
болып көрінеді дедік. Толғау – ақыннын ішкі ғаламының сөзі 
болғандықтан мұнда да сөзімен өзі көрсетіп отырады. Толғауда 
ақын қабағын қарс жауып, қайғырып тұрған күйінде де, беті 
гүл-гүл  жайнап,  қуанып  тұрған  күйінде  де,  сүйінген  күйінде 
де, күйінген күйінде де, тарыққаң, зарыққан, жабыққан күйінде 
де, шаттанған, марқайған, масайраған күйіңде де көріп отыра-
мыз. Айтыс-тартыста ол жоқ.
Сүйтіп, айтыс-тартыс пен әуезенің (әңгіме) арасындағы да, 
толғау мен айтыс-тартыс арасындағы да айырыс зор. Бірақ ай-
тыс-тартыс пен әуезе (әңгіме) екеуінің арасы толғау мен айтыс-
тартыс екеуінің арасынан жақынырақ. Үйткені бірі уақиғаны 
айтып білдірсе, екіншісі уақиғаны көзге көрсетіп таныстырады. 
Екеуі де тысқы ғаламның хабары, тысқы ғаламның өзі. Бұлай 
дегеннен  айтыс-тартыс  тысқы  ғаламның  сөзі  деп  те  түсіну 
керек  емес.  Асылында,  айтыс-тартыс  ішкі  ғалам  мен  тысқы 
ғаламның түйіскенін көрсететін сөз түрі.
Адамның  ішкі  ғаламы  мен  тысқы  ғаламы  түйіседі  деген 
сөзді  түсінікті  болу  үшін  азырақ  баяндап  өтейік.  Адам  бала 
күнінде тысқы ғаламдағы көзге көрініп, денеге сезіліп тұрған 
нәрселерді ғана танумен болады. Есі әбден кіргенше өзгеден 
өзін  айырмайды,  өзгенің  істегенін  істеп,  дегенімен  болады. 
Есейген сайын өзінің өзгеден басқалығын біліп, өзіне ұнағанын 
істеп,  ұнамағанын  істемей,  қиықтық  шығара  бастайды.  Ер-
жеткен  сайын  дүниенің  ісіне  өзінше  сүйініп,  өзінше  күйініп, 
өзінше  жол  тұтып,  өзінше  өміріне  жол  белгілеп,  жақсылық, 
жамандыққа өз көзімен қарап, өзінше сынап, өзінше бағалап, 
өзінше пікірлейтін болады. Өз алдына мұңы, мұраты, мақсаты, 
мүддесі болып, сол мұрат-мақсатына жету талабына кіріскен 
жерде  тысқы  ғаламға  тиісті  жердің  шегіне  келіп,  ішкі  ғалам 
мен тысқы ғалам екеуі кездеседі. Сонда ішкі ғаламның ниетіне 
тысқы ғаламның шарттары тура келмей, екеуі ілінісіп, ұстаса 
кетеді.
Задында,  тіпті  мүддесі  жоқ  адам  болмайды.  Адам  болған 
соң, оның көңілі бір нәрсені тілемей тұрмайды, көңілі тілеуіне 
қарай бір нәрсе істемей тағы да тұрмайды. Көңілінің тілеуі де, 
ол тілеуінің жолындағы ғамалы да адамына қарай түрлі болады, 
неғұрлым қайратты болса, соғұрлым мақсаты да зор болады. 
Ұсақ адамның мақсаты да ұсақ болады. Біреу жер жүзін өзіне 
қарату,  бағындыру  талабында  болады,  біреу  дүниеге  атағын 
жаю талабында болады; біреу дүниенің сырын танып, адамның 

342
көзін ашып, білімін арттыру талабында болып, сонымен өмірін 
өткізеді.  Біреу  адам  баласын  теңгеріп,  арасына  әділдік  орна-
тып, дүниеден жұмақ жасау талабында болып, өмірін сонымен 
өткізеді.  Біреулер  тек  дүние  жию,  бай  болу  мақсатпен  өмір 
өткізеді;  әйтеуір  тілеусіз,  мақсатсыз  адам  жоқ.  Аз  болсын, 
көп  болсын  әркімнің  мұраты  бар.  Ұлы  болсын,  ұсақ  болсын 
әркімнің мұраты бар. Тілеусіз, мақсатсыз адам болмаған соң, 
талассыз, тартыссыз да адам жоқ. Әркім әліне қарай таласады, 
тартысады. Талас, тартыс табиғаттың негізгі заңының бірі.
Табиғат  тас  жүрек,  қанша  өтініп  жалынсаң  да,  жағынсаң 
да, өзінің заңынан бұрылмайды. Табиғаттың заңы қатты, үкімі 
рақымсыз:  жолы  толып  жатқан  кер  мен  кедергі;  ісі  шынжыр 
қатар тіркескен себеп пен салдар болып, алды-артыңды ораған 
шырмау. Өз еркім өзімде, өз ісіме өзім қожа, өзім себеппін деп 
жүрген адам тұрмыс ісінің орауынан, шырмауынан әрі аса ал-
майды. Табиғат заңы мейірімсіз, мерзімсіз бір тағдыр: дауыл-
ды тоқтатуға, жазды ұзартуға, қысты қысқартуға, суды жоғары 
ағызуға  еш  адамның  қолынан  келмейді;  сол  сияқты  табиғат 
заңы адамда, адам әлеуметінде де бар. Адам қанша дана, білімді 
болса  да,  қанша  қаһарман,  қайратты  болса  да,  әлеумет  оның 
мақсатын ұқпайтын болса, қайраткер қамалға жалғыз шапқан 
батырдай әлек болмақ.
Ұстасу әркімнің әліне қарай түрлі болады. Біреу ұстасу жо-
лында әлек болады, біреу азап шегеді, біреу құр әуре болады. 
Кейбіреулердің айтқаны келіп, сөзі дұрыстыққа шығады. Осы-
ны көрсететін әдебиет түріне тек айтыс дегеннен айтыс-тартыс 
деген ат сәйкесірек болады деуіміздің мәнісі осы. Мұнан былай 
қарай иә айтыс-тартыс, иә ұстасу деген атын қолданамыз.
Жоғарыда айтылған сөздерден көрініп тұр:
1. Ұстасу жалғыз тысқы ғаламды сөйлейтін әуезе де емес 
екендігі, жалғыз ішкі ғаламнан хабар беретін толғау да емес екен-
дігі; бұл ішкі ғалам мен тысқы ғаламның ұстасуынан шыққан 
– әуезе мен толғау екеуі де бар дүбара сөз болатындығы;
2. Шығарма ұстасу болу үшін мазмұны адамның дүрілдеген, 
дуылдаған, бұрқырақты дауылды ісі болу тиістігі;
3.  Ұстасушының  және  басқа  ұстасу  бұрқағының  ішінде 
жүрген адамның мінезі, құлқы, мұңы, мүддесі, ниеті, мұраты, 
барша сыр-сипатын баяндайтын болған соң, сөйлеген сөзінен, 
істеген ісінен, ұсқынынан, әлпетінен, әдетінен көрінерге тиістігі;
4. Ұстасудың мақсаты тысқы ғаламға қарсы жұмсалған ішкі 

343
қайрат болған себепті, ол қайратты жұмсатып отырған белгілі 
бір мақсат болған соң, ұстасуда көрсететін ғамалдар ойламаған 
жерден  шыққан  уақиға  сияқты  болмай,  мақсатты  қайраттан 
туған ғамалдар болып көрінуге тиістігі.
Е с к е р т у: Мақсатты қайраттан туған ғамал дегеннің мәнісі 
мынау  болады:  Әуелі  мақсатты  қайраттан  туған  ғамал  болу 
үшін, ол ғамал мұрат жолына жұмсалған ғамал болуы керек. 
Олай  болмаса,  ғамал  ойламаған  жерден  шыққан  тек  уақиға 
ғана болады. Мәселен, екі адам сөзден ілінісіп, төбелесіп, біре-
уі  өліп  қалды.  Бұл  қайғылы  уақиға  болады,  бірақ  ұстастыру 
шамасына сүрлеу бола алмайды.
Егерде жылқыға тиген ұрыны өлтірсе, ол ойламаған уақиға 
болмайды, үйткені ұрының мұраты ұрлықпен күн көру, ұрлық- 
пен  мал  жию  еді.  Оның  жылқыға  тиюі  мұратының  жолында 
істеген мақсат ғамалы болады да, өлуі мұратына қарай алған 
сыбағасы болады.
Екінші,  мақсатты  қайраттан  туған  ғамал  болу  үшін,  кезі-
не  келген  шабыттың  ғана  ғамалы  болмай,  құмарлық,  әуестік 
сияқты мінез иә құлық табиғатында бар негізді, ынтасындағы 
мақсаттан туған ғамал болуы керек. Қайраткер жаны сол ынта-
сында болады.
Үшінші,  ынта  тек  ынта  күйінде  яки  құмарлық,  әуестік 
күйінде  қалмай,  іске  айналса  ғана  мақсатты  қайраттан  туған 
ғамал болады. Ынтасына лайық мұраты болса, мұратына жету-
ге істеген жеделді ғамалы болса, сол ғамал мақсатты қайраттан 
туған ғамал болады. Ынта ғамалға айналмаса, ішкі ынта болады 
да қояды. Ісі жоқ құр ынта кәдеге аспайтын бұйым сияқты. Нөл 
сияқты мәні де, мағынасы да жоқ нәрсе оған мән мен мағына 
бел байлап кірісіп, белсеніп істі істей бастағаннан былай қарай 
пайда  болады.  Ұстасу  осы  бел  байлағаннан  басталады.  Бел 
байламай, белсенбей тұрғанда, ынта көңілдің күйі ғана, ойла-
ну, толғану ғана болып отырады. Бел байлап іске кіріскен соң, 
толғау қалады, ұстасу басталады. Бір жағында қамалға шапқан 
батыр сияқты қайраткер, бір жағында оның қайратына қарсы 
керме  тартып,  кедергі  қойып,  жолын  боөгеген  табиғат  заңы, 
табиғат тағдыры, әлеумет әдеті, әлеумет бөгеті.
Ұстасудың  үш  дәуірі  болады:  1)  байланыс,  2)  шиеленіс,  
3) шешіліс. Ұстасудың бұл үш дәуірі күресу дәуірлері сияқты. 
Байланыс – палуандардың белдерін буынып, білектерін сыба-
нып, балтырларын түрініп, күреске шығып ұстасқаны есебінде-

344
гі дәуірі; шиеленіс – палуандардың әдіс-амал, күш, өнері бәрін 
жұмсап, қайрат қылып, күресті қыздырған шағы сияқты дәуір; 
шешіліс  –  палуандардың  бірін-бірі  жыққан  мезгілі  сияқты 
дәуір.
Ұстасу  шығармалар  қайраткердің  түріне  қарай үшке  бөлі- 
неді: 1) әлектеніс, 2) азаптаныс. 3) әуреленіс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет