О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет12/239
Дата06.01.2022
өлшемі3 Mb.
#14588
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   239
Байланысты:
is-kagaz Abutalip (1)

ІІ.
 
Кеңес үкіметі құрылған кезең
1920 жылы және одан кейінгі кезеңде қазақ тіліне деген көзқарасты 
төмендегі қабылданған құжаттардан байқауға болады:

1920 жылы Қазақ АССР-і Кеңестерінің бірінші құрылтай съезінде 
республикадағы  әр  ұлт  барлық  мекемелер  мен  мектептерде  ана  тілін 
қолдануда тең құқылы деген шешім қабылданды. 

Қазақ АССР Халық комиссарлар комитетінің 1921 жылы 2 ақпанда 
жарық  көрген  «Республиканың  мемлекеттік  мекемелерінде  қазақ  және 
орыс тілдерін қолдану туралы» Декреті;

Қазақ АССР ОАК-нің 1923 жылғы 22 қарашадағы «Қазақ тілінде 
ісқағаздарын жүргізуді ендіру туралы» Декреті;

Қазақ  АССР  ОАК  Президиумының  1923  жылғы  «Қазақ  тілінде 
ісқағаздарын енгізу жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту 
туралы» Қаулысы;

Қазақ  АССР  Юстиция  Халық  комиссариатының  1923  жылғы 
11  маусымдағы  «Сот-тергеу  органдарының  халық  соттары  мен  халық 
тергеушілерінің қазақ тілінде іс жүргізуді ендіруге байланысты» нұсқау 
хаты.

1924  жылы  қабылданған  Қазақстанның  бірінші  Конституциясы 
бойынша қазақ және орыс тілдері республикада мемлекеттік тіл болып 
танылған. 

Қазақ АССР ХКК-нің 1924 жылғы 23 сәуірдегі өлкелік мекемелерді 
қазақ тіліндегі жазу машинкасымен қамтамасыз ету жөніндегі өкімі;

Қазақ  АССР  Еңбек  Халық  Комиссариатының  1924  жылғы 
21  маусымдағы  «Қазақ  тілінде  іс  жүргізуді  енгізуге  байланысты 
қызметкерлерді жұмыстан босату және оларды қазақ тілінде сөйлеп, жаза 
алатын қызметкерлермен алмастырудың тәртібі жөніндегі» Қаулысы;

 Қазақ АССР ОАК-нің 1927 жылғы 17 мамырдағы «Қазақ уездері 
мен өлкелік мекемелердің қазақ тілінде ісқағаздарын жүргізуге көшірудің 
соңғы мерзімін белгілеу туралы» Қаулысы;

Қазақ  АССР  Халық  ағарту  комиссариатының  1930  жылғы  3 
қаңтардағы  Барлық  өлкелік  халыққа  білім  беру  бөлімдеріндегі  орыс 
мектептерінде қазақ тілін міндетті түрде оқыту жөніндегі нұсқау хаты

1934  жылғы  Орталық  Атқару  Комитетінің  «Қазақ  мектептерде 
қазақ тілін міндетті түрде оқыту жөніндегі» Қаулысы және т.б. құжаттар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет