ісқағаздар стилін жетілдіруде үлкен рөл атқарды.
Газеттің негізгі бағдарламасы – үкіметтің бұйрық-жарлықтарын,
сот орындарының үкімдерін, сауда хабарларын, Ресей және басқа
мемлекеттердің өмірінде кездесетін оқиғаларды, шаруашылық ха-
барларын жазып тұру болды. Сонымен қатар, мұнда қазақ халқының
тарихы, мәдениеті, әдебиетіне қатысты материалдар да жарияланды.
Материалдар мазмұнына қарай негізгі екі топқа бөлінді: ресми және
ресми емес. Ресми материалдарға үкімет бұйрықтары, кейбір саяси-
экономикалық мәселелер, ресми емес бөлімге жай корреспонденциялар,
тарихи мақалалар мен көркем әдебиет үлгілері жатты. Газет материал-
дары публицистикалық, ғылыми, көркем әдебиет және ресми ісқағаздар
стилінде жазылды.
Достарыңызбен бөлісу: |