Ө ресі жетпей, Күндестік қы лған оңбайды



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата16.12.2022
өлшемі0,82 Mb.
#57631
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
2 наурыз 1973 жыл
Белгісіз бір дүлей күш қол-аяғымды матап
тіптен ойыма да кұрсау салып тастаған сиякты. 
Не ойлап, не жазары м ды білмеймін. Белгісіз 
біреудің көңілін тауып, ойынан ш ыкпақ болам. 
Ол не? Кім? Білмеймін...
Күн көру киындап барады. Балаларымның 
тағдырынан қорқамын.
6 наурыз 1973 жыл
... Поэзия — ғылым. Зерттеу керек. Адам 
өмірінің, адам жанының зерттелмеген, қалам 
тартылмаған несі қалды? Соны табу, соны 
зерттеу керек. Адам сезімін ж ан-ж ақты зерт- 
тейтін' құдірет болса, ол — тек поэзия. Б асқа 
еш қандай да ғылымның қолынан келмейтін 
шаруа бұл!
7 наурыз 1973 жыл
Мәскеуден хат келді. Білмеймін...
9 наурыз 1973 жыл
Ш олпаным айта жүретін, Ш олпанымның 
ұрпағы айта жүретін өлең-ертегі жазып кө- 
рейінші...
д»
8


17 наурыз 1973 жыл
Өткен аптада Мүсіреповте (үйінде) болдым. 
Бұл адаммен ж акын келіп сұхбаттасканым сол. 
Үйінде өзі ж алғы з екен. Ж ылы карсы алды. 
Екі сағаттай әңгімелестік. Мен Ғабеңді бойын- 
дағы дарынын беріп болған адам деп айта ал- 
маймын. Ал, бойында жасырынып ж аткан 
ж анартауы бар екеніне күмәнім жок. Уақыт-ай! 
Әдебиет, жалпы искусство жөнінде болар- 
болмас, шолу ж асап, пікірлестік. Қ арт әріден 
ойлайды. Қазіргі к а за к поэзиясы қатты тол- 
ғандырып жүрген көрінеді, Бірдеме десем бе 
дейді.
«Аккулар ұйы ктағандаға» тебіреніп пікір 
айтты, сүйсініп калды, мен ыңғайсыздандым, 
онымды түсіне койды да, коя койды. Өлеңдер 
окыдым. 
Қетерде 
маған 
калам 
сыйлады. 
(Алтын қ ал ам ).
Қ арт картайған екен. Бүкіл үйде ж алғы з 
өзі отырғаны катты әсер етті маған... Каби- 
неті жұпыны, ж азу столы тіпті жұпыны, басы 
арты к дұниелер, әлеміш -жаламы ш тар жок. 
Ұзынды-кысқалы, бір түстес, үшкір ұш талған 
қара қарындаш тар. Тілдей п ар акқа арабш а 
жазып тастапты, ж аң ад ан ж азы лған, сірә. 
Қорапқа салған екі мылтығы тұр. Кіре берісте 
саятшының сауыт-саймандары. Ретін тауып, 
өзімен ұзағы р ак сөйлесер ме еді? Б іраз бірге
2— 2519
9


болып, достасар ма еді? Тәңірім-ай, бұлар деген 
аяғын үзеңгіге салып тұрған адам дар ғой...
Енді өзім туралы. Ж ыр түсінер қауым 
өлеңдерің жақсы дейді. Әр тұстан қолпаш таған 
хаттар да алып жүрмін, бірақ сенуім қиын. 
Ж ам ан жыр ж азу қиынға түсіп барады. Ж ақсы
жыр басы лмаса, ж ар ы қ көрмесе қайтем?! Ба- 
лаларымды қайтіп асыраймын? Әйелім де, ба- 
лалары м да ақылсыздар емес, бірак менен 
гөрі ақш аны сыйлай ма, қалай?! Білмеймін... 
Тәңірім әзірге шешемді тірі қоя тұрса екен. Өс- 
тіп, тұралап жүрген кезімде қисая қалса, ел- 
ж ұртқа м асқара болам ба деп коркамын...
20 наурыз 1973 жыл
Құрбы-құрдас, зам андастар мен туралы 
көп-көп қауесет таратады . Біріне-бірі айтады, 
«өзімсініп» өзіме де айтып калады. Көбісін 
бояп, бірінен-бірі ж аңарты п айтады. Ал мен 
олардыц қай қырымнан қасығысы келіп тұр- 
ғанын түсінбейді ғой дейсің бе... Тусінемін. 
Бекер обалдары не керек, бәрінің сыйлайтынын 
да білемін. Білем де қоям, қарсы болмаймын, 
айта берсін. Арамдық ойласа, өздерінің басынан 
артылмасын, тек менің ж ұртқа зиянсыз екен- 
дігімді түсіне ме, ж о к па?!
Мен үшін, дүниеніқ еқ қорлығы — адамның 
айыбын бетіне басу, оның нашарлығын дәлел- 
деу. 
Бұл — бір. Екінші — болмайды, ж ара-
10


майды, ж о к деп айта алмайтыным. Қорлыкты 
осыдан тартып жүрмін. Көнілшектік — менік 
осал жерім. Ең осал жерім. Сірә, сүріне бере- 
тінім де осыдан болар.
Уақыт өз ролімді маған да бөліп берген, 
соны дұрыстап ойнап шығу жолында мен де 
тырбанып бағамын, әрине. Демек, мінездегі 
ж асанды лы к 
(артистік) 
маған 
да 
бөтен 
емес-ау...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет