Студент: Калиев Тоқтар



Дата10.02.2023
өлшемі16,34 Kb.
#67008

Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы
TR-2203
Студент: Калиев Тоқтар
Қабылдаған: Лекенова А.А.


Абай жолы
2 том


1.Таң алдында бір ғана сағат мызғығаны болмаса,Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді.Бірақ әлі талған жоқ.Әліде кітап бетіне үнілуде(ТАЙҒАҚТА,1 абзац)


Тәрбие түрі:Бұл сөйлемнен тәрбиенің бірнеше түрін байқауға болады.Олар зияткерлік тәрбие мен көркем-эстетикалық тәрбие.Өйткені бұл сөйлемдерде Абайдын окуға деген ынтасы мен ауыр еңбегі байқалады.


2.Абай жақсы ұғынатын шағатай,түркі кітаптарымен қатар,тілін қиналып түсінетін араб,парсы және олардан гөрі де әлі ауырырақ тиетін орыс тіліндегі кітаптар(ТАЙҒАҚТА,1-абзац)


Тәрбие түрі:Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбиені байқауға болады.Себебі,Абай қандай қиын болса да өзге тілді меңгеріп,өз мақсатына жету үшін оқыды.Ал біз білетіндей өзге тіл өзімен бірге өз мәдениетін қатар ұстайды.
3.Абай өзі білген шындықты шешесінен жасыруды ешуақытта қажет,мүмкін деп білмейтін.(ТАЙҒАҚТА,8-абзац)


Тәрбие түрі:Отбасы тәрбиесі,рухани-адамгершілік тәрбиесі байқалады.Абай анасына өтірік айтып немесе жасырып қалу дегенді мүлдем білмейді.Ал өтірік айту рухани-адамгершілік тәрбиесінін жоқтығына дәлел.
4.Құнанбай өмір бойында сараңдықтың құлы болған кісі емес.Бірақ ашылып-шашылғыш та емес.(ТАЙҒАҚТА,25-абзац)


Тәрбие түрі:Еңбек экономикалық және экологиялық тәрбие.Шыққан жолына ақшасы жетсе де,Құнанбайдын үнемдеуі экономикалық тәрбиенің айқын дәлелі
5.Баймағамбет Бүркітбайдың күндегі сауыншы көмекшісі болмаса да,оның қол-аяғының аурулығын білуші еді.Өзі адамға жаны ашығыш,бауырмал қалпымен Бүркітбайға кейде ақыл айтып,көмек еткісі келеді.(ЖАЙЛАУДА,15-абзац)


Тәрбие түрі:Рухани-адамгершілік тәрбие.Көмек беріп,ақылын айту,менің ойымша,жанашырлық рухани-адамгершілік тәрбиесінің басты қасиеті.
6.Абай кітабын оқи отыра,даланың кей дыбыс,иістерін үстірт қана сезінсе,кейде оңай оралған қатар ойды жаңағыдай ойлай да отыр.(ЕҢІСТЕ,7-абзац)


Тәрбие түрі:Менің ойымша зияткерлік пен көркем эстетикалық тәрбие Абайдың бойына жақсы сіңірілген.Себебі,Абай кітап оқып отырып,табиғатпен үндесіп,жаңа бір энергия алатын секілді және ой бөлердей дыбыстарға мән бермей,өзінің зияткерлік мақсатына жету жолында сол дыбыстарды қосуда.Мысалы,оны Абайдын 4 мезгіл жайлы өлендерінен байқауға болады
7.Таза сыпырылып,таза жиылған оңаша үй Абай көңілін көтеріңкі етеді.(ЕҢІСТЕ,8-абзац)


Тәрбие түрі:Менің ойымша бұл сөйлемнен экологиялық тәрбиені байқауға болады.Себебі,Абайдың көңілі көтеріңкі болу үшін тек айналасы,қоршаған орта тазалығы жеткілікті.
8.Орыс тілінде жазылған ұзақ әңгімені Абайдың ең алғаш рет еркін ұғып,тіл бөтендігін жеңген кезі осы.(ЕҢІСТЕ,9-абзац)


Тәрбие түрі:Бұл сөйлемнен бірден тәрбиенің 3 түрін байқауға болады.Олар:Зияткерлік,еңбек экономикалық пен көпмәдениетті тәрбие.Себебі,Абай осы орыс тілің меңгеруге көп уақыт бөліп еңбектенді,соңында тілді меңгерумен қатар,өзге ұлт мәдениетін тани бастады.
9.Құс бабын білетін ыңғайлы қимылмен басы-жонын сипады.
(ЕҢІСТЕ,70-абзац)


Тәрбие түрі:Көркем-эстетикалық және ұлттық тәрбие.Себебі,құс бабын білудің өзі бөлек мәдениет.Ал ол заманда біздің ата-бабаларымыз,даналарымыз құс баптаған,сол себептен Абайдын бұл іс-әрекетің ұлттық тәрбиеге жатқызуға болады деп ойлаймын.


10.Осы сөздердің Абай басына қарыз екенің және соның бір жағы ұлық алды емес,өзі айтып жүрген халық алдындағы қарыз екенін ойлағандықтан,Абай бұл жолы мынау үш болысқа ешкімнің ойында жоқ үш жасты сайлатты.(ЕҢІСТЕ,соңынан 4-абзац)


Тәрбие түрі:Патриотизм және азаматтық тәрбие.Оны Абайдың халық атынан қатысып,халқын сүйгендіктен әр ісін халық алдындағы парыз деп санауынан байқауға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет