Ө. Сұлтанғазин атындағы


зан  төңкерісіне  дейінгі  қазақ  тарихына  жаңа  тұжырымдама  тұрғысы



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#18914
1   2   3   4   5   6   7   8
зан  төңкерісіне  дейінгі  қазақ  тарихына  жаңа  тұжырымдама  тұрғысы 

негізінде  қайта  қарау»  деп  аталатын  докторлық  диссертациясын  қорғады. 

Оқулыққа да диссертацияға да талқылау барысында, кейіннен баспа сөз бе-

тінде де сын-пікірлер айтылды. Кейінгі жылдары осының барлығы ескерліп 

оқулық он рет қайта басылды.  

ХХ  ғасырдың  80-жылдары  аяғында  тарихшылар  ортасында  ел  тарихы, 

жер тарихына баса көңіл аудару керек деген пікір етек алды. Атақ дәрежесі 

бар тарихшылар қазақтың көне тарихына қалам тарта бастады. Бұған түрткі 

болған алдымен 1986 жылғы Алматы уақиғасы. Кеудесінде отаншылдық ру-

хы бар азаматтар өз тарихын мәдениетін білуге құмартты. Осы арада әсіресе 

қазақ тілді баспасөз беттерінде журналист ағайындардың тарихқа байланыс-

ты  материалдары  жарық  көре  бастады.  Олардың  ішінде  сын  көтермейтін, 




ертегіге  ұқсастары  да  баршылық  еді.  Осындай  жағдай  тарихшылар  алдына 

үлкен міндеттер қойды. 

А. Күзембайұлы алдымен Министрлік пен сол кезде Қазақстан Орталық 

комитетінің хатшысы Өзбекәлі Жәнібековқа хат жолдап, Қазақстан тарихын 

балалар бақшасыннан бастап жоғарғы оқу орындарына дейінгі мекемелердің 

оқу  жоспарына  кіргізу  жөнінде  ұсыныс  жасады.  Көп  кешікпей  ол  министр-

ліктен  орта  мектептер  үшін  пән  бойынша  оқу  бағдарламасын  жасауға  тап-

сырма алды. Баламалы бағдарлама жасаған ол Қазақ тарихын орта мектепке 

кіргізу  үшін  көп  еңбек  жасады.  Біріншіден,  Қарағанды,  Қостанай,  Торғай, 

Жезқазған, Көкшетау  облыстарында  тарихшы мұғалімдерді қайта дайындау 

ісіне ат салысты. Содан кейін кафедра мұғалімдері орта мектеп мұғалімдері 

үшін «Тіректі конспект» деп аталатын материалдар жинағын жазып, оны кө-

бейттірді.  Қарағанды  университеті  оқытушылары  Орталық  Қазақстан  оқу 

орындарында қазақ тарихын оқытуға ат салысты.  

1989 жылы Қазақ ССР Кәсіптік білім  беру комитетінің тапсырмасымен 

кәсіптік  орта  білім  беретін  оқу  орындары  үшін  «Менің  республикам»  деп 

аталатын жаңа пән үшін оқу бағдарламасын жасап, Тараз, Қостанай, Алматы 

қалаларында  тарих,  экономика  және  география  пәндерінің  мұғалімдерімен 

аймақтық семинарлар жүргізді.  

А.  Күзембайұлы  90-жылдардағы  саяси  процессінде  белсене  қатысқан 

адам. Сол жылдардағы бүкілхалықтық «Азат» қозғалысының басшыларының 

бірі  ретінде  елге  танымал  болды.  Республикалық  «Азат»  саяси  партиясын 

ұйымдастырушылардың  бірі  ретінде  ол  елде  демократиялық  үрдістің 

қалыптасуына өз үлесін қосты.  

1993  жылдың  тамыз  айында  Қостанай  ауыл  шаруашылығы  институы 

басшылығының  шақыруымен  Аманжол  осы  оқу  орнында  «Қазақстан  тари-

хы» кафедрасын ұйымдастырды. 1998 жылы тамыз айында ол Солтүстік Қа-

зақстан  мемлекеттік  университетінің  заң  факультетінің  деканы  болып  та-

ғайындалды.  Сонымен  бірге  ол  Қазақ  мемлекеттік  заң  академиясының 

Солтүстік Қазақстан филиалының директоры қызметін қоса атқарды. 

2001 жылдың жазында Мемлекеттік қызмет инстуты Алматыдан Қызыл-

жарға  көшіп  келіп,  осы  жердегі  Заң  университеті  мен  Мемлекеттік  қызмет 

институты  филиалдарының  негізінде  жаңа  оқу  орыны  құрылды.  Аманжол 

Күзембайұлы осы оқу орнына бас проректор болып тағайындалды.  

2004 – жылдан бастап профессор А. Күзембайұлы Қостанай мемлекеттік 

педагогикалық институтында қызмет істейді. Ол Қазақстан тарихы кафедра-

сының  меңгерушісі,  тарих  факультетінің  деканы,  аумақтық  тарихи  зерттеу-

лер  орталығының  басшысы,  институт  ректорының  кеңесшісі  қызметтерін 

атқарды.  Қазір  осы  институттың  Қазақстан  тарихы  кафедрасының  профес-

соры. 



2004  жылдың  ақпанында  ол  өзінің  жеке  меншіктік  Қостанай  аумақтық 

тарихи  зерттеулер  институтін  ұйымдастырды.  Бұл  институт  осы  күнде 

Солтүстік Қазақстан аумағы тарихының өзекті мәселелерін зерттеу үстінде. 

Институт  2006-2014  жылдары  Қостанай  облысының  елді-мекендерін 

аралап,  олардың  тарих  атауларын  зерттеді.  Соның  нәтижесінде  бес  томдық 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет