«Историческая топонимка Костанайской области» атты монографияны
жарыққа шығарды.
Профессор А.Күзембайұлы Қазақстан тарихының өзекті, аз зерттелген
проблемалары жөнінде 300-ден астам ғылыми еңбек жазған тарихшы. Оның
ішінде 56 монография, оқулық және оқу құралдары бар. ЖОО-на арналған
«История Казахстана» еңбегі 1992 жылдан бастап 10 рет 50 000 данамен
баспадан шығарылды. Ол өзінің шәкірттерімен бірге халқымыздың көне жә-
не ортағасырлық тарихы, ғылымның теориялық және әдіснамалық мәселе-
лері бойынша зерттеу жүргізуде. Өзінің оқулықтарында халқымыздың ұлт-
азаттық қозғалысына үлкен көңіл бөлді. Қазақ тарихына еуроцентристік көз-
қарасты әшкерелей отырып, ол ұлттық тарих – қазақ халқының мүддесін
көздеуі керектігін дәлелдеді.
Ол 12 ғылым кандидатын, 2 ғылым докторын дайындап шығарды.
Аманжол Күзембайұлы студенттерге білім берумен бірге, өз білімін де
жетілдіріп келеді. Сондай ізденімпаздығы мен біліктілігі, еңбекқорлығы, тә-
жірибе молдығының арқасында 2006 және 2015 жылдары екі мәрте респуб-
лика бойынша «Үздік оқытушы» грантының иегері атанды.
«Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» (1991ж.),
Достарыңызбен бөлісу: |