Өазақстанда өндірілетін металдар мен бейметалдар


Қорғасын-мырыш (полиметалл)



бет3/5
Дата15.04.2023
өлшемі120,72 Kb.
#82847
1   2   3   4   5
Қорғасын-мырыш (полиметалл) кендері Кенді Алтайда, Сарыарқада, Қаратау мен Жоңғар Алатауында таралған. Олардың негізінде ірі тау-кен байыту және металлургиялық кәсіпорындар Лениногорскіде, Зыряновскіде, Өскеменде, Текеліде, Шымкентге, Қарағайлыда, Кентауда жәие т.б. жұмыс істейді.
Полиметалл кендерінің құрамында қорғасын мен мырыш немесе мыс пен мырыш немесе қорғасын мен мыс немесе тек мырыш болады.
Сарыарқада Атасу тиіндегі полиметалл кендері Қарағанды және Жезқазған облыстарында орналасқан. Комплексті, қосымша компоненттері бар кен орындары Балқаштың солтүстігінде орналасқан. Бірнеше полиме-талл кендерінен біреуі ғана — Ақжол іске қосылған.
Қаратауда Ақсайдан басқа Аралтау, Ақсоран, Байжансай кен орындары бар. Жоңғар Алатауында Текелі, Көксу, Суықтөбе, Орталық Суықтөбе және т.б. кен орындары іске қосылған.
Шу мен Іле тауында да полиметалл кен орындары табылған.
Алтын мен күміс ертеден Қазақстанның шығысымен солтүстігінде өндіріліп келген. Солтүстікте — Ақсу, Машайық, Жусалы, Жақтабыл, Төртқұдық және т.б. кен орындары. Шығыста — Қалбы алтынды ауаны. Алтын Оңтүстік Қазақстанда Жоңғар Алатауы мен Шу және Іле тауларында табылған.
Көкшетау жақын жылдары негізгі алтын өндіруші аймаққа айналады. Өндірілетін алтын мөлшерін қазіргі жылына 10—15-тен 100—120 тоннаға дейін арттыруға болады.
Сирек металдар Қазақстан жерінде кеңінен таралған.
Вольфрам мен молибденнің өнеркәсіптік кен орындары Сарыарқада (Байназар, Ақмая, Шалқия, Саран, Батыстау және т.б.), Таулы Алтайда (Көкшіл, Шындығатай), Іле Алатауында ашылған. Солтүстік Балқаш кен орындарында (Қоңырат, Бозшакөл, Саян) және Қаратаудың, ванадийлі кен орындарында әр түрлі мөлшерде молибден қоры бар.
Тантал-ниобий кендері Қалба мен Мұғалжарда таралған. Комплексті ниобий кендері Семей және Көкшетау облыстарының гранитті шөгінділерінен табылған.
Цирконий Сарыарқаның батысы мен солтүстігінде, Торғай ойпатында, Арал маңы мен Мұғалжарда таралған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет