Адам мен жануарларда болатын ортақ белгілер.Адам мен
жануарлардың сыртқы және ішкі мүшелердің құрлысында бір – біріне
ұқсас белгілер кӛптеп кездеседі. Ондай белгілердің бірінші тобына – адам
денесінде кездесетін рудиментті (латынша арғы тегінен қалған қалдық
белгілер) мүшелерді жатқызуға болады. Қазіргі кездегі адам денесіндегі
мұндай рудиментті мүшелер 90 –ға жуық. Ондай мүшелерге тері асты,
құлақ маңындағы бұлшық еттерді, терідегі түктерді, омыртқа жотасындағы
құйымшақ бӛлімін, соқырішекті, т.б. мүшелер жатады. Адамда мұндай
кейбір мүшелердің атқаратын қызметі де ӛзгерген. Мысалы,
жануаларларда болатын соқырішек, негізінен, ас қорытуға қатысатын
болса, адамда қорғаныштық қызмет атқарады.
Адам денесінде кейде кездесетін жануарларға ұқсас белгілердің
екінші тобына атавизмді (латынша – арғы тегін қайталау) мүшелер
жатады. Ондай мүшелерге кейде құйрықты баланың дүниеге келуі,
денесіне қалың түк ӛсуі, кӛп емшекті адамдардың тууы, т.б. жатқызуға
болады. Адам денесінде кездесетін мұндай рудиментті және атавизмді
мүшелер адамның арғы тегінің жануарлардан шыққандығына нақтылы
ғылыми дәлел бола алады.