Адам мен адамтектес маймылдардың ҧқсас белгілері. Адам мен
адамтектес маймылдардың сыртқы құрылысында және мінез – құлығында
да кӛптеген ұқсас белгілер бар. Мысалы, сыртқы орта жағдайларындағы
тітіркендіргіштерге байланысты кӛңіл күйінің ӛзгеруінен, ұрпақтарына
қамқорлық жасауынан (сүйіспешілігі, ызалануы), т.б. айқын аңғаруға
болады. Сонымен қатар маймылдарда да орталық жүйке жүйесі және есте
сақтау қабілеті жақсы дамыған. Осыған байланысты адам мен маймылда
шартсыз,
шартты
рефлекстер
ұқсас
қалыптасады.
Адамтектес
маймылдардың да құйрығы болмайды, саусақтарының ұшы жалпақ әрі
онда жалпақ тырнақтары бар. Олардың сезім мүшелері, терісінің
құрылысы, қан топтары, жалпы аурулары және олардың денесінде тіршілік
ететін паразиттері де ұқсас болады. Хромосомаларының құрылысы да
ұқсас келеді. Адамда – 46, ал адамтектес маймылдарда – 48 хромосома бар.
Міне, осы айтылған белгілердің бәрі де адам мен адамтектес
маймылдардың арғы тегінің бір – біріне жақын екендігін дәлелдей түседі.