156
Инклюзивті оқыту – мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар
балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеметтендіру және интеграция процестерін
жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту.
Инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және
мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту - оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс - әрекетіне
қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту - адамдармен қарым - қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға
мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше
қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы.
Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен
сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ
беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың
жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам
құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір - бірімен қарым - қатынас
жасауға,
танып білуге, қабылдауға үйренеді.
Кемтар балаларың ата-анасы көмекші не арнайы мектептер мен мектеп интернаттарға,
психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттер мен кластарға балаларын бергісі келмесе
жалпы балалар оқитын мектептерге ПМПК –ның қорытыңдысы бойынша көрсетілген, яғни
баланың денгейіне қарай жеңілдетілген бағдарлама бойынша инклюзивті оқытуға міндетті.
Адамзат техниканың қарқынды дамуы арқасында жаңа дәуірге аяқ басты,
Компьютерлер, Интернет, спутниктік теледидар, мультимедия біздің өмірімізге шапшаң еніп
үлгерді. Компьютерлік технологиялардың дамуы қоғамды жылдам өрістеп жатқан
интеграциялық процестерге байланысты ақпараттандырудың ауқымды
проблемасымен бетпе-
бет келтіріп отыр.
Бұл проблема тіршілігіміздің барлық саласын: ғылымды да, мәдениетті де, білім беру
қызметін де, өндірісті де түгел қамтиды. Ақпараттық технологияларды пайдаланбайынша
қазіргі өмірде бағдар табудың өзі қиын болатын жағдай туындауда. Бірақ біз бұл ғасырдың
өзге де болмыстық шындығы бар екенін мойындауымыз керек. Ол - жалпы білім беретін
мектеп оқушылары құрамының физикалық, психикалық және сенсорлық даму деңгейлері
бойынша бір текті еместігі. Әсіресе оқу мекемелеріне келуге дәрмені жоқ, денсаулық
мүмкіндіктері шектеулі балалар, сондай-ақ мүгедек балалар жағдайы айрықша назар аударуды
талап етеді
. Мектеп алдында мынадай міндет тұр: оқушылардың, соның ішінде денсаулық
мүмкіндігі шектеулі балалардың ойдағыдай әлеуметтенуі үшін бірқатар біліктілік қабілетін
қалыптастыру.
Білім
беру
жүйесін
ақпараттандыруды
жоғары
қарқыны,
телекоммуникациялық технологиялардың дамуы мен Интернеттің жаһандық желісі айрықша
талаптары бар балалар алдынан білім алуда жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Мұндағы
неғұрлым тиімді жұмыс формаларының бірі дистанциялық оқыту
болып табылады. «Балаға
білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру
керек» - деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау
керек. Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылық, әрбір баласы – еліміздің ертеңі
екенін ескерсек, әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының сапалы білім алып, азамат болып
қалыптасуына жағдай жасау міндетіміз болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі бір оқушының
болса да білім сапасының жоғарылауы, ұлтымыздың саналы келешегіне қазіргі уақыттан
бастап жинақталынып жатқан қор деп түсінуіміз қажет.
Педагог қызметкерлер дамуындағы кемшілігі бар баланы өзімен қатарлас дені сау
балалармен бірдей спорттық сайыстарға, түрлі байқауларға қатыстыру арқылы өмірге
құштарлығын, танымдық қабілеттерін дамытады. Осы мақсатты орындауда әлеуметтік тәрбие
мәселелерін көре білу, сезіну және шешу жолдарын қарастыру, мүмкіндігі шектеулі
баланы әлеуметтендіруге қолайлы шарт жасау, кедергілерді мүмкіндігінше жоя білу, орнын
толтыру. Мүмкіндігі шектеулі баланы қатарға қосу, әлеуметтендіру үрдісін дұрыс
157
ұйымдастырып, түрлі әлеуметтік кедергіге қарсы тұра алатын тұлғаны қалыптастыруда АКТ
– ның барлық мүмкіндігін пайдаланамыз. Бұрын біз көрнекіліктерді көбінесе қағаздан жасап,
оны
әрдайым
жаңартып
отыратынбыз,
ал
қазіргі
таңда
мен
өз
тәжірибемде
оқушыларға
интерактивті
тақтаны
пайдаланамын.
Қазіргі
кезде мектептерде жаңа үрдіске сай жеке компьютерлер, интерактивті тақтамен
жабдықталған мультимедиа кабинеттері ашылып, интерактивті тақта орнатылды.
Интерактивті тақта - бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық
мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретiн аса маңызды құрал. Қазіргі уақытта білім
беруде интерактивті құралдарды кеңінен қолданылып жүргені баршамызға аян.
Сонымен қатар интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының
шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Барлық пәндер бойынша бағдарламаға
сай тақырыптық DVD, CD-ROМ дискаларымен қамтамасыз етілген. Мультимедияның
әдістемелік күші оқушыны бейнекөріністермен тез қызықтырып, көңіл күйіне көмек береді.
Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған
білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Электрондық
оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдап көрсетуге
болады. Бұл мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Қытайдың
бір нақыл сөзіне көңіл аударсақ: «Маған айтшы – мен ұмытып қаламын; маған көрсетші –
менің есімде қалады; өзіме істетші – мен сонда түсінемін» делінген.
Яғни,
оқушылардың
көпшілігі
естігенінің
5%
және көргенін
20%
есте сақтайтыны белгілі.
Аудио
және
видеоақпаратты
бір
мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50% дейін арттырады.
Компьютерлік және ақпараттық технологиялар заман талабы.
Достарыңызбен бөлісу: