2. Түзету-дамыту бағыты: Түзету-дамыту жұмыстары мынадай бағыттарда жүзеге
асады. Ұсақ моториканы дамытуға арналған жаттығулар мен ойындар; Сенсорлы қабылдауды
дамыту; (уақыт кеңістігін, пішін мен көлем, түстерді қабылдауы);салыстыру, талдау,
жинақтау, қорытындылау, жалпы ойлау операцияларын қалыптастыру; зейіннің
тұрақтылығын және шоғырлануын дамыту; көру, есту арқылы есте сақтауын дамыту;
психомоторлық дамуды жүзеге асыру мен сөйлеу тілін, сөздік қорын арттыру.
Алынған диагностика нәтижесі бойынша балаға жүргізілетін түзету-дамыту жұмысының
бағыты анықталып, бағдарлама түзіледі. Бағдарламада баланың жеке бас ерекшеліктері мен
қабілеттері ескеріліп сабақ жоспары жасалады. Түзету-дамыту сабақтары оқушының сабақтан
бос уақытында өтіледі. Түзету-дамыту сабақтарының ұзақтығы 20-35 минут (оқушының зейін
тұрақтылығына және төзімділігіне байланысты).