Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет106/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   284
Байланысты:
2019obl.konf2

Список литературы: 
1.  Дэвид Митчелл Эффективные педагогические технологии специального и инклюзивного 
образования. РООИ «Перспектива», 2011. 
2.  Е.А.    Ямбург,  С.Д.Забрамная.  Управление  службой  сопровождения  детей  в  условиях 
образовательной организации. М.:«Бослен», 2013 г. 
3.  Шипицына JI.M. «Необучаемый» ребенок в семье и обществе. СПб. «Дидактика Плюс», 
2002.  
 
 
ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУГЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ: ӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТ 
   
Имангалиева Назгул Аскаровна, 
№33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің  
психолог, психология пәні оқытушысы 
 
Балаларды  бақытты етудің ең  ең жақсы жолы 
 оларды жақсы күйге келтіру. 
Оскар Уайльд 
 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  «Білім  беру  жүйесінің  басты 
міндеттеріне:білім  бағдарламаларын  меңгеру  үшін  жағдайлар  жасау  және  жеке  адамның 
шығармашылық рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілікпен салауатты өмір 
салтының  берік  негіздерін  қалыптастыру  жеке  басының  дамуы  үшін  жағдай  жасау  арқылы 
парасатты байыту»  деп атап көрсеткен. Осыған байланысты қоғам алдына оқушының жеке 
басын үйлесімді дамытуға бағыттайтын міндеттер қойылып отыр.  


163 
 
Қазіргі таңда білім беру жүйесінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға айрықша орын 
бөлінген. Бұл балаларға қатысты біздің алдымызда тұрған негізгі міндет – олардың әлеуметтік 
ақталуы мен бейімделуіне, қоғамдағы толыққанды өмірге дайындалуына жағдай жасау және 
көмек көрсету.  Қазіргі уақытта дамуында ақауы бар балалар саны артып отыр. Оларды оқыту 
кеңейіп, түзетіп қолдау технологиялары жетілдіруде . Ерекше білім беру ерекше балаға білім 
беру  саясатының  бір  түрі  болып  табылады.  Білім  берудің  бұл  түрінде  мүмкіндігі  шектеулі 
баланың  өз-өзіне  сенімі  артады,  ол  маңайындағылар  тарапынан  өзіне  қолдау  бар  екенін 
сезінеді, бұл баланың өзін-өзі бағалай білуіне, қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауына 
, өзін қоғамның толыққанды мүшесі сезуіне жол ашады, осы сенімділіктерін дамыта түсуде 
психолог  маманның    ролі  зор.  Оқытудың  бұл  түрі  арқылы  мүмкіндігі  шектеулі  бала  өз 
қабілетіне  сай,  ата-  анасынан  алшақтамай,  яғни  арнайы  мектеп-интернаттарда  тұрып  оқуға 
мәжбүр  болмай,  тұрғылықты  жерде  білім  алып,  қоғам  біте  қайнасып,  әлеуметтік  жағынан 
бейімделеді.  Ата-анасы  да  баласының  дамуы  мен  тәрбиесіне  белсене  қатысып,  жеткіншек 
алдында жауапкершіліктері артады. Психолог ата-анамен тікелей байланыста болып, баланың 
білім алуына үлес қосады. Инклюзивтік білім беру дегеніміз -барлық балаларды, соның ішінде 
мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  жалпы  білім  үрдісіне  толық  енгізу  және  әлеуметтік 
бейімдеуге,  жынысына,  шығу  тегіне,  дініне,  жағдайына  қарамай,  балаларды  айыратын 
кедергілерді  жоюға,  ата-аналарын  белсенділікке  шақыруға,  баланың  түзеу-педагогикалық 
және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған 
тиімді  оқытуға  бағытталған  мемлекеттік  саясат.  Инклюзивті  оқыту-ерекше  мұқтаждықтары 
бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. 
Біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы ресми деректер бойынша Қазақстан 
Республикасында  білім  беруді  дамытудың   2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасында көрсетілді.  
Мақсаты:  Инклюзивті  білім  берудің  басты  мақсаты  ерекше  мұқтаждықтары  бар 
балалардың  жалпы  білім  беретін  мектептерде  оқыту,  балалардың  қандай  да  бір 
дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, 
сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру. Осы 
бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын  туғызады. 
Міндеттері: Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытуда заманауи технологияларды 
қолдана отырып, оқушыларды өмірге бейімдеу, алған білім дағдыларын іскерлікпен қолдана 
білуге тәрбиелеу; Дамуындағы ауытқудың алдын алып, біріккен түрде жұмыстану, баланың 
коммуникативті және бейімделу дағдысын қалыптастыру;  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет