Список литературы:
1. «Социальная адаптация и интеграция детей с нарушениями слуха». Сост. Астафьева
В.М. - М.: АПК иПРО, 2000
2. «Сурдопсихология»: Учеб.пособие. - М.: «Академия», 2002. Богданова Т.Г.
3. «Социальное развитие детей с нарушением слуха». Журнал дефектология, №2 2004г.
Плахова Т.В, Л.В Дмитриева.
РӨЛДІК ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУГЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР
БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Қайрғалиева С.Ж.,
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Тамды орта мектебі
«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның
шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың
қалыптасуы мүмкін емес».
В.А. Сухомлинский
Бүгінгі таңда жалпы білім беретін орта мектеп жаңа қоғам мектебі, болашақ мектебі ,
яғни саналы халықтық мәдениетке бағытталған, баланың жекебасының дамуына, жеке тұлға
болып қалыптасуына жағдай жасайтын, бәсекеге қабілетті, елдің ертеңі болатын жас ұрпақты
өсіріп, дамытатын мектеп болуы тиіс.
Жалпы орта білім беретін мектептерде үлгерімі төмен оқушылардың елу пайызы ерекше
білім беруге қажеттілігі бар балалардың құрайтындығы бүгінгі күні ғылыми түрде дәлелденіп
отыр. К. С. Лебединская, В. И. Лубовской, т. б дефектологтар зерттеулерінде балалардың жас
мөлшері бірдей болғанымен, психикалық дамуы әртүрлі, яғни интеллектуалды қабілетінің
жасына сәйкес келмейтіндігін ерекше атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты
міндеттеріне: білім бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау және жеке адамның
шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір
салтының берік негіздерін қалыптастыру, жекебасының дамуы үшін жағдай жасау арқылы
парасатты байыту», - деп атап көрсеткен. Осыған байланысты қоғам алдына оқушының
жекебасын үйлесімді дамытуға бағыттайтын міндеттер қойылып отыр. Отанымыздың әрбір
болашақ азаматын жан-жақты тәрбиелеп, білім беру арқылы дамыту ең жауапты іс.
Д.Эльконин бала психикасының дамуында ойынды «Жетекші іс-әрекет» сөз тіркесімен
сипаттайды. Д.Эльконин еңбектері балалар ойынның әлеуметтік табиғатын ерекше мәдени
құрылым ретінде түсіндіреді, ол ойынды ересектердің қоғамдық өмірін бейнелеу деп
анықтайды.
Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi,
есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты
психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың
оқуға үлгермеушiлiгi жетi - сегiз жастан анық байқалады. Оның негiзгi белгiлерi: сабаққа
белсендiлiгi байқалмайды, берiлген тапсырмаларды үлкендердiң көмегiнсiз дұрыс орындай
алмайды, сыныптастарымен аз араласады, өз ойын ашық айта алмайды, оқу мен жазу,
есептеулерде көп қателер жiбередi, тез шаршағыш, зейiнi тұрақсыз болады, өз өзiн төмен
бағалауы; қоршаған ортаға сенбеушiлiкпен қарауы; өз күшiне деген сенiмсiздiгi. Қазіргі таңда
172
елімізде арнайы білім бердуді қажет ететін балаларға арнайы білім беруді қажет ететін
балаларға арнайы мектептер мен жалпы мектептердің ішінен арнайы сыныптар ашылуда.
Арнайы білім беруді қажет ететін балаларды оқыту - түзету процесiнде әдiстемелiк нұс-
қауларды дұрыс және жоғары деңгейде ұйымдастырып, төмендегі жұмыс түрлеріне көңіл бөлу
керек:
Жалпы білім беру циклі сабақтарында, сондай - ақ арнайы оқыту кезінде әр
баламен жеке жұмыс жүргізу;
Түрліше әдіс, тәсілдермен қажудың алдын алу, яғни, ақыл - ой мен тәжірибелік
жұмыстарды алмастырып отыру;
Қызықты және әсемделген дидактикалық заттарды дайындау, көрнекіліктің
түрліше әдіс тәсілдерін қолдану;
Баланың білім алу іскерлігін барынша белсенді етіп, олардың сөйлеуін
дамытатын және оқу іскерлігіне қажетті дағдыны қалыптастыру әдістерін
қолдану;
Дайындық (оқу бағдарламаның нақты бір бөлігін меңгеруге) жұмыстарын жүргізу
және қоршаған орта жайлы білімдерін кеңейтуді қамтамасыз ету;
Оқуда және оқудан тыс кездерде баланың барлық іскерлігінің түрін дер кезінде,
қажетті жағдайға сәйкес үздіксіз түзетілуіне көңіл аудару.
Білім беру мекемесінде оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың әр
уақытта нәтижеге жету үшін бақылаудан тыс қалмауы қажет. Сонымен бірге әр баланың
физиологиялық, психологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып, сынып жетекшісі,
психилог, логопед,дефектолог және ата-ана тығыз байланыста болып, түзету жұмыстары
тиімді жүргізілген жағдайда жұмысымыз нәтижелі болады. Психикалық дамуы тежелген
балалардың ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, балаларды мүмкіндіктеріне қарай
дамыту, оларға сеніммен қарап, жеке тұлға ретінде өмірге бейімдеу, оқытудың тиімді
тәсілдерін іздестіру, пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі жұмыстар атқарылады.
Қазіргі озық технология заманында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардызаман
талабына сай, түрлі әлеуметтік жағдайлардан адаспай, дұрыс жол таба алатын, еңбекқор
азамат етіп қалай әзірлеп шығаруға болады деген сұрақ жұмыс жүрген әрбір ұстазды
шығармашылық жұмыстар мен инновациялық технология әдіс-тәсілдерін іздеуге итермелейді.
Сабақта ойын әдіс-тәсілдерін қолданып, мүмкіндігі шектеулі балдармен, көбінесе, ойын
арқылы жұмыс жасаған тиімді. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер
алып білімін жетілдіреді. Ойнай жүріп балалар қоршаған орта жайлы білімдерін толықтырады,
дербес шешім қабылдауға дағдыланады, ойлау барысында ұтқырлық пен тапқырлық
танытады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай
қабілеті бар екенін байқап көреді. Түрлі ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын,
зейінділігін арттыру мен қатар ерік, сезім түрлерін де дамытады.
Соның ішіндегі ең бір маңызды да қолайлы тәсіл – рөлдік ойындар арқылы ерекше білім
беруге қажеттілігі бар оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру.
Рөлдік ойын - бұл өмірлік жағдайлардың белгілі бір мінез-құлық немесе эмоционалдық
жақтарын
меңгеру
ниетінде
алдын-ала бөлінген
рөлдер
арқылы
қатысушы
топтардың сахналап ойнауы. Ойынға қатысушы оқушылар мұғалідерімен өзара қарым-
қатынастарын көтереді әрі өздерінің қабілеттерін тексеруге мүмкіндік тудырады, сонымен
қатар ұйымдастыру қабілеттерін арттыра отырып сабақ кезінде қуаныш сезімін оятады.
Баланы оқуға қызықтыру және дамыту мақсатында, қоршаған ортамен байланысын
нығайту үшін күнделікті сабақ алдында ашықтық, сенімділік деңгейін, эмоционалдық
еркіндігін және ұжымда бірауыздылық орнатуға жағдай жасайтын жұмыстар жүргізген жөн.
Оқу үрдісінде тиімді ойындардың бірі төмендегідей:
1.
Рөлдік ойындар.
2.
Іскерлік ойындар.
а) Іскерлік оқу орындары: саяхат ойындары, блиц ойындары, квест ойыны.
ә) Өндірістік ойындар.
173
Рөлдік ойындар – интербелсенді әдістердің тиімді бір түрі.
Рөлдік ойындар екіге бөлінеді: әрбір оқушы рөлде ойнайды, оқушылардың шағын
топтары рөлде ойнайды.
Рөлдік ойындар шағын топтарда (3-5 қатысушы) жүргізіледі. Қатысушылар карточка
арқылы (тақтада, қағаз парақтарда және т.б.) тапсырма алады, рөлдерді бөледі, жағдайды
ойнайды және барлық топқа ұсынады (көрсетеді). Оқытушы балалардың мінез-құлқын ескере
отырып рөлді өздері бөледі.
Танымдық ойындардың түрлері көп. Мысалы, сөз жүмбақ, сөз тізбек, кроссворд,
викторина, психологиялық жаттығулар, логикалық есептер, тренинг, тест, т.б. Танымдық
ойындар жас ерекшеліктеріне қарай күрделене түседі. Адам бойындағы қызығушылығын,
қабілеттерін арттыруда, білімін шыңдауда танымдық ойындардың алар орны ерекше.Адамның
танымы биіктеген сайын, дүниеге көзқарасы да кеңейе түседі.
Саусақ ойыны- бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар
мәдени шығармашылық. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар
мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады.
Қорыта келгенде, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудағы жаңа технологияларды
қолдану: біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден,
балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |