Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет117/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   284
Байланысты:
2019obl.konf2

 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1.  Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2011 жылдарға арналған 
Мемлекеттік бағдарламасы. 
2.  Мектептегі психология журналы/ 2017 № 10 
 
 
ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ  
ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫН ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ 
 
Калабазарова Э.А., 
М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі 
 
Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев:  «Мүмкіндігі  шектеулі 
азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға 
тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге қажет. Бұл өзіміздің және қоғам 
алдындағы парызымыз. Білім беру мекемесінің ортасы денсаулығының мүмкіндігі шектеулі 
балалардың  қажеттілігіне  бейімделуі  тиіс,  «кедергісіз»  болуы  керек,  өйткені  мүгедек 
балалардың  толыққанды  кірігуін  қамтамасыз  етуі  қажет»,  –  деп  атап  өткен.  Қазіргі  таңда 
барлық  әлем  жұртшылығының  назарын  аударып  отырған  мәселе  балалардың  жеке 
сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық 
қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру.  Инклюзивті білім беру дегеніміз – балалардың 
жынысына,  жас  ерекшеліктеріне,  географиялық  тұратын  жеріне,  қимыл-қозғалыстық  және 
ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік- экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу 
және  өздерінің  потенциалдық  дамыту  мүмкіндігіне  ие  болу.  Инклюзивті  білім  беру  немесе 
«білім  баршаға»  бағдарламасы  -  барлық  балаларға  мектепке  дейінгі  оқу  орындарында, 
мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама БҰҰ-ның 
Бас  Ассамблеясы  мақұлдап,  БҰҰ-ның  Конвенциясында  2006  жылдың  13  желтоқсанында 
енгізілген болатын. Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, 
ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламны толық 
енгізді.  Ал,  біздің  елімізде  инклюзивті  білім  беру  жүйесінің  дамуы  ресми  дерек  Қазақстан 
Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасында көрсетілді. Инклюзивті білім жүйесін дамыту: 2015 жылға қарай мүмкіндігі 


174 
 
шектеулі  балаларды  біріктіріп  оқытудың  модульдік  бағдарламалары;  мүмкіндігі  шектеулі 
балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді, түрлі кемістігі бар 
балалар үшін бірігу нысандары анықталады,; 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар 
үшін  қөтергіш  жабдықтар,  пандустар,  санитарлық  бөлмелерде  арнайы  құралдар  орнату, 
тұтқалармен арнайы парталар, арнайы үстелдер және басқа да компенсаторлық құралдармен 
жарақтандыру арқылы «кедергісіз аймақтар» құрылады делінген.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет