167
отырып дамуында түрлі ауытқулары бар балаларға бағытталған жоғары білікті мектеп
мұғалімдері аса қажет. Бұл жағдайдың маңыздылығы халықаралық және отандық құқықтық
құжаттарда айқындалған. Мысалы, «Дүниежүзілік мүгедектік туралы баяндамада»
инклюзивті білім беруді дамытуда жалпы білім беретін педагогтың арнайы дайындығы
шешуші мәнге ие екендігі бекітілген. Берілген құжатта «Мемлекеттік жалпы мектеп
мұғалімдерінің арнайы оқытылуы олардың сенімділігін нығайтып, мүгедек балаларды оқыту
дағдыларын жақсартуы мүмкін. Инклюзия қағидалары мұғалімдерді дайындау
бағдарламаларына ендірілуі және мұғалімдерге инклюзивті білім беру саласында кәсіби білім
мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін басқа да бастамалармен қосылуы керек» [3] деп
жарияланған. Алайда, ұзақ уақыт бойы жүзеге асырылып келе жатқан мектеп мұғалімдерін
даярлаудың дәстүрлі түрі көбіне дамуында ешқандай ерекшеліктері жоқ «қалыпты» балаға
білім беруге бағыттауды қарастырады. Сондықтан инклюзивті білім беруді тәжірибеде жүзеге
асыратын мұғалімдер даму мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту үшін мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандарттарының талаптарын және оқу пәндері бойынша бағдарлама
мазмұнын бейімдеуде қиналатыны, олардың даму ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін,
қабілеттерін түсінбеуі, жекеленген оқытудың белгілі бір әдістемелерін қолдана алмауы,
ерекше қажеттіліктері бар балалар мен қалыпты балалар арасында тұлға аралық қарым-
қатынасты орната алмауы және т.б. білмеуі бұл заңды құбылыс.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды енгізу жағдайындағы білім беру үдерісінің сапасын
арттыру мақсатында, оның барлық субъектілеріне, яғни әкімшілік, педагогтар, мамандар,
студенттер мен ата- аналарға келесі ережелерді сақтау ұсынылады:
әрдайым бір-бірімен өзара әрекеттестікте
жұмыс істеу;
өзін оқушылар тобының мүшесі
ретінде мойындау;
бір-біріне сыйластықпен қарау;
көмек беруге және алуға, кеңестер беруге, сыни ескертулер жасауға және оны
тыңдауға дайын болу;
топтың ортақ мақсатын мойындау және сол мақсатқа жету үшін еңбектенуге
тырысу[4].
Инклюзивті білім берудің негізгі идеясы - баланың білім беру жүйесіне қосылуға дайын
болуы емес, жүйенің өзінің кез-келген баланы қосып алуға дайындығында. Яғни, барлық
педагогтар мен ата-аналар инклюзивті білім беруді – жалпыға білім беру мектебі мен
балабақшаға ашық есік ғана емес, сонымен бірге білім беру нәтижесіне жауапкершілік деп
түсінулері тиіс. Оның сапасы мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу қажеттіліктеріне
байланысты ұсынылатын қызметтердің сай болуына тәуелді. Инклюзивті білім беруде
мүмкіндігі шектеулі бала білімдерді жалпыға білім беру стандартында қалыпты балаларға
қатысты қарастырылған мерзімде меңгеруі тиіс екендігін ескеретін болсақ, онда мұндай бағыт
психофизикалық даму деңгейі бойынша жасына сай немесе оған жақын балаларға ғана
қатысты қолданылады. Н.М.Малофеев бойынша, инклюзивті білім беруді ұйымдастыру
мектепке дейінгі кезеңде ең нәтижелі. Білім беру ұйымдары оларға адекватты жауап беруі
үшін, нәтижелі білім беру стратегияларын іздеп, модельдеп, келешекте тәжірибеге енгізу үшін
сипаттама берулері керек.
Инклюзивті білім берудің негізінде 8 маңызды принциптер жатыр:
Адамның құндылығы оның қабілеттері және жетістіктерімен анықталмайды.
Әрбір адам сезуге, ойлауға қабілетті.
Әрбір
адам қарым-қатынасқа, басқалардың оны естуіне құқылы.
Адамдар бір-біріне қажет.
Білім алу тек нақты өзара байланыстарда ғана іске асырылады.
Барлық адамдарға құрбыларының қолдауы мен достық қарым-қатынасы керек.
Барлық білім алушылардың жетістікке жетуі олардың не істей алмайтынымен емес, не
істей алатынымен анықталады.
Түрлілік адам өмірінің барлық жақтарын күшейтеді[5].
168
Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті білім беру- тұлғаның тең құқығын анықтайды
және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті
дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті білім беру арқылы барлық оқушылардың
мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды білім алуын қамтамасыз
ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру
жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта
жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі оқушыларды оқуда жетістікке
жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру
жүйесіне енгізу арқылы тұлғаны адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей
аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі оқушылардың толеранттылыққа
тәрбиелеудің бастауы болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: