Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет198/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   284
Конституциональды  ПДТ.  Бұл  гармониялық  инфантилизмнің  нақты  көрінісі.  Мұнда 
эмоциональды  –  ерікті  саласы,  дамудың  ерте  сатысында  тоқтап  қалған.  Демек,  қалыпты 
дамудағы  сәби,  баланың  деңгейінде.  Ойынға  деген  ынтасы  басым,  көңіл-күйлері  үнемі 
жоғары, сенгіш. Мектеп жасына жеткенде, ойынға деген қызығушылықтары басым болады.  
Соматогендік ПДТ. Бұл топқа жататын балалар түрлі соматикалық әлсіздіктерімен көзге 
түседі. Ұзақ уақытқа созылған жұқпалы аурулар, аллергиялық күйлер, туа біткен және жүре 
пайда  болған  соматикалық  кемістіктер,  баланың  психикалық  дамуының  тежелуіне  себеп 
болады. Соматикалық әлсіз балаларға, танымдық белсенділіктің төмендігі, шаршағыштық тән, 
интеллектуалды  және  дене  қуатын  қажет  ететін  жаттығулардан  олар  тез  шаршайды.  Бір 
тапсырманы  орындау  үшін,  ұзақ  уақытты  қажет  етеді,  сондай-ақ  бұл  балалардың  жеке 
тұлғалық дамуында эгоцентризм мен өзімшілдік қалыптасада. Олар жұмыс істеуге құлықсыз, 
үнемі біреудің көмектесуі мен қамқорлық жасауына әдеттенген.  
Психогендік ПДТ.Бұл тип, тәрбиедегі теріс әсерлердің салдарынан болады. Баланың жеке 
тұлғасы дұрыс қалыптаспайды. Аталмыш кемістіктің  әлеуметтік генезі, оның патологиялық 
сипатын  жоққа  шығармайды.  Баланың  қоршаған  ортасындағы  психикасына  әсер  ететін 
келеңсіз жағдайлар, оның жүйке жүйесінде ауытқулар туғызуы мүмкін. Алдымен, вегетативті 
қызметтер бұзылады, одан соң, психикалық және эмоциональды салалар дамуында ауытқулар 
пайда  болады.  Кейде,  мұндай  жеке  тұлғаның  патологиялық  дамуын,  педагогикалық 
қамқорлықтан тыс қалған қалыпты дамудағы балалармен шатастырады. Әсіресе, психикалық 
тұрақсыз  ПДТ  түрінде  анық  көрініс  береді.  Оның  себебі,  қамқорлықтан  тыс  қалу,  балада 
танымдық  қызығушылық  пен  интеллектуалды  қабілет  дамымайды.  Эмоционалды  –  ерікті 
саласының жетілмеуі, импульсивтіліктен байқалады. Жеке тұлға дамымауының тағы бір түрі, 
шектен  тыс  қамқорлық  жасалған  балаларда  кездеседі.  Бұл  балаларда  жауапкершілік  сезімі, 
бастама, өз бетімен әрекет ету дағдылары қалыптаспайды. 
ПДТ-ң бұл типінің пайда болуындағы нагізгі фактор – әлеуметтік фактор, ол тежелудің 
патологиялық  сипатын  жоққа  шығармайды.  Демек,  ПДТ-ң  бұл  түрінің  пайда  болуында, 
депривация  (ада  болу)  немесе  баланың  өз  қажеттіліктерін  қанағаттандырудағы 
жеткіліксіздіктер себеп бола алады. Дәстүр бойынша, депривацияның үш түрін ажыратады: 
  эмоционалды  депривация  –  бала  мен  оны  қоршаған  орта  арасындағы  эмоционалды 
жақындықтың аздығы немесе мүлдем болмауы; 
  әлеуметтік депривация – баланың әлеуметтік қарым-қатынастарының аздығы немесе 
мүлдем болмауы; 
  сенсорлық  депривация  –  баланы  қоршаған  ортада  оның  қабылдау,  танымдық 
қабілеттерінің дамуына стимул жасаудың аздығы немесе мүлде болмауы; 
Депривацияның ПДТ-н туғызатыны, арнайы коррекциялық, көмекке зәру жеке тұлғалық 
патологиялық  дамуға  себеп  болуы,  болмауы,  педагогикалық  көмекпен  түзелетін 
«педагогикалық  қамқорлықтен  шет  қалу»  жағдайының  пайда  болуы–мұның  барлығы,  ең 
алдымен,  баланың  қай  жаста  депривацияға  ұшырағанына,  оның  ұзақтығына  байланысты 
мәселе. 
Церебральды–органикалық  ПДТ.Бұл  балалардың  анамнезін  зерттей  келе,  жүйке 
жүйесінің органикалық кемістігінің болатына анықталған. Сондай-ақ, жүктілік патологиясы 
да  елеулі  әсерін  тигізеді.  ПДТ-ң  бұл  түрінің  негізі  –  мидың  минимальды  дисфункциясы 
(ММД). Аталған термин 1962 ж. енгізілді».  
Сонымен  жоғарыда  көрсетілген  ПДТ  –нің  клиникалық  түрлерінің  жіктелу  негізінде 
этиопатогенетикалық  өзгерістер  мен  олардың  әсерінен  туындайтын  клиникалық  белгілер 
алынған.  Бұл  өзгерістерді  білікті  мамандар  немесе  медициналық,  педагогикалық  және 
психологиялық коммисиялардың мүшелері ғана анықтай алады. 
Психикалық дамуы тежелген тән белгілер: 
  тез жалығу және шаршаудың әсерінен ынта менқабілеттің төмендеуі; 
  сезім мен еріктің жетілмеуі


286 
 
  жалпы мәлімет мен елестету қорының шектелуі; 
  сөздік қорының жеткіліксіздігі 
  интеллектуалды іскерлік, ойлау әдетінің қалыптаспауы; 
  ойын іскерлігінің толық қалыптаспағандығы; 
  қабылдаудың баяулауы; 
  сөйлеу логикалық операциясының ойымен қиылыспауы; 
  ақыл – естің барлық түрлерінің бұзылуы; 
  сенсорлық мәліметтерді қабылдау мен оны түсіну мерзімінің ұзақтығы; 
  өзін – өзі бақылау деңгейінің төмендігі
Осы  өзгерістердің  дәрежесіне  сай,баланың  жасын  ескере  отырып,  оларды  әлеуметтік 
бейімдеу, оқыту және түзету жолдарын айқындайды. Нәтижелі арнайы әдістерді қолдану осы 
балаларға  арналған  арнайы  балалар  бақшаларымен  мектептерде,  мектеп  интернаттарында 
немесе жалпы мектептердің арнайы түзету сыныптарында дұрыс жолға қойылған. 
Сонымен  психикалық  дамудың  тежелуінің  жиі  кездесетін  белгілері:  енжарлық, 
қызықпаушылық, өз – өзіне сенбеушілік тезжалығу, шаршау, бастаған ісін аяқтамау, ынта – 
жігерінің төмендеуі – бұл жоғары жүйке жүйесінің қызметінің негізі болып саналатын қозу 
және тежелу процестерінің тепе – теңдік заңдылықтарының бұзылуынан төмендейді. Осымен 
қатар  кейбір  балаларда  көру,  есту,  сезіну,  қимыл  –  қозғалыс  талдағыштарының  әрекеті  де 
жетілмеген, ал олардың әрекетінің балалардың дұрыс қалыптасуына әсері зор. Сондықтан 5-8 
жастағы балалар арасындағы кездесетін ПДТ  –і  жан  – жағындағы өзгерістерге мән бермеу, 
мектепте оқуға талпынбау, дене қимылының, саусақтарының, координацияларының бұзылуы, 
баланың тез шаршауы, қарындаш, қаламсаппен жұмыс істей алмауы, тіл мүкістіктері, сөздік 
қорының  аздығы,  есте  сақтау,  ойлау  әрекеттерінің  жетілмегені  сияқты  белгілерімен  білінуі 
мүмкін. Бұл кемістіктер кемақыл балаларда кездесетіндей күрделі, тұрақты емес. [3] 
Арнайы  педагогикада  сондай  –  ақ  дефектология  ғылымында  психикалық  дамуы 
кешеуілдеген балалар тобын зерттеу негізінен ХХ ғасырдың ортасынан бастап бастау алды. 
Психикалық дамуында ауытқушылығы бар балалардың танымдық қабілеттерін тексеруге ең 
алдымен  олардың  эмоциясына  назар  аударған  жөн.  Бұл  балалардың  эмоциясы  көбінесе 
өзгеріске  ұшырап  отырады.Бұл  балалардың  қалыпты  балалардан  ерекшелігін  айтар  болсақ, 
яғни олардың әлеуметтік ортаға бейімделуімен, мінез – құлықтарымен және іс – әрекеттерімен 
ерекшеленеді. 
Психикалық  дамуы  тежелген  балалармен  жүргізілетін  түзете  дамыту  жұмыстарының 
түрлері көп. 
Түзету жұмыстарын жүргізудің принциптері төмендегідей: 
  баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау; 
  шаршап кетпеуін анықтау; 
  оқу әрекетін ойын түрінде ұйымдастыру, кеңістікті бағдарлауын дамыту; 
  сыныптан тыс тәрбие сағаттарына қатыстыру; 
  ойын дағдыларын оқу әрекетіне аудару; 
  арнайы әдістемелермен оқытуды ұйымдастыру
  жылдық диагностикалық даму деңгейін салыстыру. 
Психикасының дамуы тежелген балалардың ұсақ қол қимылдарын дамыту, тіл байлығын 
байыту, сонымен бірге баланың логикалық ойлау, есте сақтау, қабылдау қабілеттерін дамыту 
мақсатында көптеген ойын түрлерін сабақтарда пайдалануға болады. 
Психологиялық түзету жұмыстарын жүргізудің принциптері төмендегідей: 
  баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау; 
  шаршап кетпеуін қадағалау; 
  оқу әрекетін ойын түрінде ұйымдастыру, кеңістікті бағдарлауын дамыту; 
  сыныптан тыс тәрбие сағаттарына қатыстыру; 
  ойын дағдыларын оқу әрекетіне аудару; 
  арнайы әдістемелермен оқытуды ұйымдастыру; 


287 
 
  жылдық диагностикалық даму деңгейін салыстыру. 
Мамандардың  оқыту  түзету  процесінде  әдістемелік  нұсқауларды  дұрыс  және  жоғары 
деңгейде ұйымдастыруына байланысты психикалық дамуы тежелген балаларды өз жасындағы 
балалардың даму деңгейіне жеткізуге болады. Білім беру мекемесіндеоқитын ПДТ балалар әр 
уақытта нәтижеге жету үшін бақылаудан тыс қалмауы қажет. Психолог, сынып жетекшсі, ата-
ана тығыз байланыста болған жағдайда баламен жүргізілетін жұмыс нәтижелі болады, яғни 
баланың  өз-өзіне  деген  сенімділігін  арттыру  арқылы  түзете  дамыту  жұмыстарын  жүргізу 
тиімді.ПДТ баламен жүргізілетін жұмыстар жүйелі түрде ұйымдастыру керек. Дидактикалық 
материалды жеткілікті түрде қолдану, қазақ тіліндегі оқулықтардың жеткілікті болуы, көрнекі 
құралдардың эстетикалық және педагогикалық талаптарғасәйкес келуі, ойын құралдарының 
әртүрлігі, іс-әрекеттен тыс техникалық құралдардың жеткілікті қолданылуы -бұл баланың сөз 
сөйлеуін жақсы меңгеруінің бір шарты болып табылады.  
ПДТ  балаларды  оқуға  және  жазуға  үйрету  арнайы  түзету  жұмысымен  өткізіледі, 
былайша айтқанда, сауаттылыққа үйрену дайындылығы әр кезеңмен орындалады. 
Бірінші  кезеңде  –  естудің  қадағалауымен  сөзден  жекеше  дыбыстарды  бөлшектеу 
тәсілімен шығарады, бірақ та бұл сауаттылықты жақсы меңгеріп кету үшін керекті талдау мен 
жинақтау дыбыстарының дағдысын қамтамасыз етпейді; 
Екінші кезеңде – сөздегі дыбыстың оның орнын белгілей білуді үйренеді, дыбыстардың 
бірізділігін  және  сөздегі  орналасу  тәртібін  анықтау.  ПДТ  –і  бар  балаларды  жазуға  үйрету 
көпшілік жалпы білім беретін мектептерге арналған бағдарламаның тарауы бойынша берілген 
әдістемелік ұсыныс негізінде құрастырылады. 
Қорыта  келгенде  психикалық  дамуы  тежелген  баланы  дамыту  барысында  жұмыс 
нәтижелі болу үшін, әр баланың физиологиялық, психологиялық, жас ерекшеліктерін ескере 
отырып,  жеке  тұлғаны  дамыту  жұмыстарын  дұрыс  және  тиімді  ұйымдастыру  болып 
табылады.Түзете  -  дамыту  жұмыстарында  төмендегі  мәселелерге  көңіл  бөлген  жөн: 
психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық және тұлғалық ерекшеліктері сауат ашуға, 
жазуға, математикаға, еңбекке үйрету, кезінде оқу мазмұнын басқаша  іріктеуді қажет етеді. 
Бірінші  кезекте  оқуға  деген  жағымды  түрткі  қалыптастырып,  жақын  эмоционалды 
көріністерді тудыратын, ой-өрісін кеңейтетін материал алынады.  
  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет