Презентация №8 Өмір және өлім. Өмірдің мәні



Дата06.04.2023
өлшемі212,5 Kb.
#79939
түріПрезентация

Орталық Қазақстан Академиясы Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы


Пән: «Философия»
Дәріс-презентация №8
Өмір және өлім. Өмірдің мәні

Өмір және өлім. Өмірдің мәні

  • Адам өмірі, оның онтологиялық және аксиологиялық мазмұны
  • Адам, оның өлімі және өлместігі
  • Философиялық ойлар тарихындағы өмір мәні мәселесі
  • 4. Махаббат – адамның өмір сүру мәні

Өмір ұғымы

«Өмір» - материя қозғалысының биологиялық формасы

Ф. Энгельс: «Өмір бұл ақуызды денелердің тіршілік ету тәсілі, оның негізгі белгілері зат алмастыру, тітіркену, өсу және көбею» («Табиғат диалектикасы»)


Ф. Энгельс
(1820-1895)

Адам өмірінің онтологиялық мазмұны

Адам өмірі оның болмысының сыртқы дүниеде жүзеге асырылуы

Адам өмірі оның рухани және әлеуметтік шындығының онтологиялық негізі

Адам өмірінің аксиологиялық мазмұны

Адам өмірінің құндылығын түсінудің сатылары:

1. Өзін сақтау және өзін бекіту жөніндегі инстинктивті сезімі

2. Өмірді өзіне қамқорлық жасауды талап ететін бірегей және уақытта шектеулі феномен ретінде рационалды ұғыну

3. Өмірді басқа сапа мен формаларда жалғастыру мүмкіндігін иррационалды іздеу

4. Өмірді оның бөліктерінен (биологиялық үрдістер, интеллектуалды таным, рухани тұрғыдан көру) асып тұрған біртұтастық ретінде түсіну

Өмір философиясы


Артур Шопенгауэр
(1788–1860)
Вильгельм Дильтей
(1833-1911)
Фридрих Ницше
(1844-1900)
Анри Бергсон
(1859-1941)
Өмір философиясының өкілдері:
- Артур Шопенгауэр
- Вильгельм Дильтей
- Фридрих Ницше,
- Анри Бергсон

Артур Шопенгауэр - өмір философиясының ізашары, жолын салушы


Артур Шопенгауэр
(1788–1860)
«Дүние ерік және елес ретінде»
А. Шопенгауэрдің ілімі бойынша, дүние - әмбебап ғарыштық еріктің көрінісі мен жүзеге асырылуы.
Дүниедегі барлығы әлемдік еріктің айналып тұрған дөңгелегіне мәңгі байланған.
Адам - өмір сүруге деген еріктің көрінісі, сондықтан оның табиғаты рационалды емес, ол иррационалды.
Ақыл-ой еріктен кейін, екінші орында тұрады.

Ф. Ницше – өмір философиясының негізін қалаушы


Фридрих Ницше
(1844-1900)
Ницшенің пікірінше, өмір — болмыстың әмбебап сипаттамасы.
«Өмір – бұл игілік. Өмір неғұрлым күшті, жарқын болса, соғұрлым жақсы болады. Өмірден қашу керек емес, ол азапқа толып кетсе де. Өмірге қуануға үйрену керек»
Ницше үшін, өмір — күш жинағы, сондықтан ол биліктің максимумына ұмтылады

В. Дильтей өмір туралы


Вильгельм Дильтей
(1833-1911)
В. Дильтей философиясының орталық ұғымы – өмір адамның мәдени-тарихи болмысы ретінде. Философияның міндеті – өмірді оның өзінен, яғни оның уақыты мен тарихынан түсіну 
Дильтейдің зерттеуіндегі негізгі проблема – адамның жаны мен рухының дүниесі: «психикалық өмір біртұтас үзілмейтін ағым, оның мәні иррационалды».
Дильтей «табиғат туралы ғылымдарды» және «рух туралы ғылымдарды» ажыратқан. Рух туралы ғылымдардың, олардың қатарындағы философия мен педагогиканың практикалық маңызы– өмірді тәртіпке келтіруге және кемел қалпына жеткізуге жәрдемдесу

Анри Бергсон өмір туралы


Анри Бергсон
(1859-1941)
Бергсон: «Нағыз дұрыс және алғашқы шындық - біртұтас өмір
Материя және рух, бір-бірінен бөлек алып қарасақ, өмір ыдырауының өнімдері
Өмірдің мәні - оның ұзақтығы арқылы, жасампаз эволюциясы мен өмірлік жігері арқылы ашылады»

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет