Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет31/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   284
Байланысты:
2019obl.konf2

 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.  ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 
2.  Диагностика  и  коррекция  задержки  психического  развития  у  детей/  Под  ред.  С.Г. 
Шевченко, М.Аркти 
3.  Кузнецова  Л.В.  Особенности  мотивационно-  волевой  готовности  детейс  задержкой 
психического развития к школьному обучению 
4.  Жукова Н.С. Преодоление общего недоразвития речи у дошкольников 
 
 
БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ЕРЕКШЕ БІЛІМ  ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БІЛІМ 
АЛУШЫЛАРДЫ  ОҚУ МАЗМҰНЫНА ИКЕМДЕУ 
 
Амангелдина Анар Токоровна, 
Ақтөбе қаласындағы №61 жалпы білім беретін орта мектептің оқу ісі жөніндегі  орынбасары
биология пәнінің мұғалімі 
 
Қазіргі таңда білім алушылардың  қатарында ерекше білім алуды қажет ететін  әртүрлі 
категориямен оқытатын, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мәселесіндегі өзектілігі  бар. 
Әрбір оқушы жеке-дара тұлға болса да қарым- қатынас жасау үшін, қоғамдық  белсенділігін 
арттыру үшін,қоғамдық орта мен  білім беру ошағы керек екенін білеміз. Инклюзив — сөзі 
латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» 
деген  мағынаны  білдіреді.Даму  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  қалыпты  балалармен  бірге 
білім  беру  болып  саналады.Яғни  адамның  жынысына  ,  дініне,  шығу  тегіне  қарамастан  тең 
құқылы, жеке тұлға ретінде білім беру жүйесінде білім алуы айтылады. Бала – бұл әрбір жас 
кезеңіне тән өзіндік морфологиялық, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері бар, 
үнемі  өсу  және  даму  үстіндегі  организм  [1].  Әрбір  бала,  өз  өмірінің  әртүрлі  кезеңдерінде, 
әлеуметтік  жағдайына  да  қарамастан,  өзінің  де  қалауынсыз  түрліше  қиын  жағдайларға  тап 
болып әртүрлі деңгейдегі көмекке, қолдау мен қорғауға мұқтаж болуы мүмкін. И. Г. Кузина 
«өмірлік  қиын  жағдай»  ұғымын,  «адамның  өзінің  айналасындағылармен  әлеуметтік  қарым- 
қатынасы  мен  қалыпты  өмір  сүру  дағдыларын  объективті  түрде  бұзатын  және  субъективті 
тұрғыдан  «күрделі»  деп  танылатын,  ақырында  адамды  өз  мәселелерін  шешу  үшін  арнайы 
әлеуметтік  қорғау  қызметтерінің көмегі  мен  қолдауына  жүгінуге  мәжбүрлейтін  жағдайлар» 
деп  қарастырады  [2].  Инклюзивті  білім  беру-  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  оқытып-
үйретудің,  ыңғайына  қарай    ерекше  білім  берудің    бір  формасы.  Бұл  арнаулы  білім  беу 
жүйесінде  дәстүрлі  түрде  қалыптасқан  және  даму  үстіндегі  формаларды  ығыстырмайды, 
осыған сәйкес білім алушы ыңғайына  қарай тәсілдерді қарастырады.Нағыз инклюзивті білім 
берудің 2 жүйесін жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне жақындастырады. Жалпы білім 
беретін  мектепте  мүмкіндігі  шектеулі  оқушыларды  бірлесіп  (интеграциялы  түрде)  оқуын 
ұйымдастыру   боп  табылады. Инклюзивті  білім  беру  арқылы    білім  алушылардың  
алшақтығын  жоя  отырып,оқушылардың  тепе  –теңдік  қатынасын    қамтамасыз  ете  отырып,  
кейбірінің  арнайы жағадайлы ортасын қалыптастыру қарастырылады. Мүмкіндігі шектеулі 
балалар,  тегін  әлеуметтік  және  медициналық-  педагогикалық  қолдаулар  алуға;  мемлекеттік 
медициналық мекемелерде, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда 
немесе  медициналық-әлеуметтік  сараптау  бөлімдерінде  тегін  тексеруден  өтуге;  Қазақстан 
Республикасы  заңнамалары  аясында  бекітілген  тегін  медициналық  көмектер  алуға; 
психологиялық-медициналық-педагогикалық  консультация  қорытындысы  бойынша  дене 
бітіміндегі  немесе  психикасындағы  ауытқушылықтардың  көріну  деңгейлерінің  түрліше 
болуына  қарамастан  ауытқушылық  анықталған  күннен  бастап  тегін  психологиялық-
медициналық- педагогикалық түзету алуға құқылы. [3] Қазіргі таңда біздің мектепте аталған 


47 
 
бағдарламаға сүйеніп,  даму мүмкіндігі шектеулі балаларды (ДМШ) дені сау балалармен бірге 
білім  беру  процесіне,  демалдыру,  мәдени,  спорттық,  шығармашылық  әрекеттерге  қосуды 
қарастырады және келесі міндеттерді шешуге жұмыстанып отыр:  
  ДМШ  оқушылардың  жалпы  және  ерекше  білім  беруге  қажеттіліктерін 
қанағаттандыратын бейімді білім беру ортасын жасау;  
  ЕБҚ  бар  оқушылардың  дамуындағы  бұзылыс  ерекшеліктерін,  әлеуметтік 
тәжірибесін, жеке және отбасылық ресурстарды есепке алуға үйретеді;  
  Оқытуды ерекше түрде құру – арнайы міндеттерді бөлу, оқытудың арнайы тәсілдер 
мен әдістерін қолдану;  
  ЕБҚ  оқушыларды  жалпы  білім  беру  ортасына  қосу  процесін  психологиялық-
педагогикалық қолдау, балаға және оның отбасына қамқорлық көрсетуге  барынша 
көмектесуде.  
  Әр түрлі саладағы мамандар мен білім беру процесіне қосылған ата- аналардың өзара 
әрекеттестігін үйлестіру;  
  ЕБҚ  оқушыларды  дамыту  мен  оқыту  сұрақтарында  педагогтардың  кәсіби 
біліктілігін арттырады. 
Білім  беру  процесіне  қатысушылардың  оқуда  әр  түрлі  мүмкіндіктері  бар  оқушыларға 
толерантты қарым-қатынас пен қабылдауды қалыптастырады. Оқушыларды жалпы білім беру 
поцесіне  қосуға  жағдайлар  жасау  үшін  мектептік  «Психологиялық-педагогикалық  қолдау» 
қызметі  құрылды.[4]  Инклюзивті  тәжірибе  жағдайындағы  психологиялық-педагогикалық 
қолдау әрбір баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сай нәтижелі оқыту мен дамытуға 
арналған әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасайтын мамандардың 
тұтас,  жүйелі  ұйымдастырылған  әрекетін  білдіреді.Біздің  мектептің    жаңа  болуына  сай, 
физикалық  тұрғыдан  қолжетімділігін  қамтамасыз  етілуіне  арнайы  жағдай  қарастырылған  
арнаулы  жиһаздың әсемділігі, пандустардың болуы, арнаулы кадрлардың болуы, оның ішінде 
әлеуметтік педагог, психолог, арнайы дефектолог мамандары  өз ісін  біле отырып,  жағдай 
жасалуын қамтамасыз етілді.Әсіресе мектептің  пән мұғалімдері   сабағын бастамас бұрын, 
күнделікті жұмысын оқушылардың дәрігердің  қойған  аурулығы жөніндегі анықтамасымен  
алдын-ала  танысып,  сол  бойынша  бағдарламаны  құру    нәтиже  беретіндігі  даусыз.  Менің 
жұмысым  биология  пәні  болғандықтан  ерекше  қызығушылық  танытатын  балалар  бар. 
Мысалы: «Қоршаған орта факторларының жергілікті экожүйе  ағзаларының тіршілік әрекеті 
мен таралуына әсері» атты тақырыпта сабақ өткізгенде, әуелі қоршаған орта факторларының 
жергілікті  экожүйе   ағзаларының  тіршілік  әрекеті  мен  таралуына  әсерін  зерттеу  кезінде  
оқушыларға видеоны тыңдап, ұсынған  таблицалар толтыру кезінде абиотикалық фактор мен 
биотикалық факторды басқа балаларға қарағанда даму мүмкіндігі шектеулі  оқушы алдын-ала 
оқығанда, ерекше зейінділігін  көрсетті. Кері байланыс «Сэндвичті» пайдаланағанда,  осы кері 
байланысты есту мүмкіндігінде ақаулығы бар оқушы көру арқылы, былай деп   айтқанда :сенің 
айтқаның түсінікті болды, себебі сен екі факторды білесің, дұрыс ажыратып бердің. Сабақтың 
ортасында ізденушілік мақсатта  «Мектеп ауласында ЭКО жүйені зерттеуде» оқушы ғылыми 
дәлелмен мысал арқылы келтіре білді. 
1.Мектеп ауласында қоршаған орта қала орталығына қарағанда, ауасы таза.  
2. Бұл аймақта зауыт  салына қоймағандықтан, ауасы  қалаға қарағанда жақсырақ. 
3. Бұл  мектеп аумағына жақын жерлерге түрлі сауықтыру  орталығы салынса нұр үстіне 
нұр болар еді. – деп сөзін жүйелі аяқтайды.  
Зерттеу учаскісіне  шығарамас алдында қауіпсіздік техникасы парағына қол қойдыртып 
алуы керек.Дифференциялық тапсырмалар берілгенде , ерекше білімді қажет ететін  оқушы 
басымдықпен тез  жауап берді. Екінші сабғымызда табиғи қоректік тізбекті салыстыруда  , 
қоректік тізбек пен қоректік торларды салыстырғанда  дауыстап қатты оқудың нәтижесінде  
айырмашылықтарын тез көрсете білді.Пәндік лексика мен терминологиядағы сөздерді таза сөз 
арасында келтіріп, топтық және жұптық жұмыс жасау барысында  шапшаңдықпен  қимылдап, 
өзгелерден  озып  отырды.Класта  оқушылардың  белсенділігін  арттыру  мақсатында  «Clock 
bodies»    ойыны  ойнатылып,  жағымды  ахуал  тудыру  барысында      бірталай  серпіліс  пайда 


48 
 
болды.Жұптық жұмыста суреттер бойынша ойын  көркемдік тілмен жеткізе отырып,термин 
сөздерге дәлдікпен анықтама берді.Топтық жұмыс кезінде «Мұхит экожүйесі» туралы бірлесе 
жауап беруде, сәл қиналды. Бөліну бойынша басқа топқа барғанда сәл есту жағынан қиындық 
бары аңғарылып,жақсырақ құлақ тұсына  түсіндіру жұмыстары  жүргізілді.Learning Café әдісі  
арқылы басқа топтың мүшелерімен пікір алмасып, қажетінше кестелерін толықтырады. Басқа 
топқа  барып  түсіндірген  үшін  мынадай  жолдармен    кері  байланыс  жүргізеді.Менің 
басшылығыммен    ресми  бағалауы,  қалыптастырушы  бағалау  жасалынды.  Алайда,  әлі  де 
экожүйенің  тізбектерін  қайталауды  ұсынамын  деп,  ойын  сауатты  жеткізуі  мені  қатты 
таңғалдырды. «ВАК» стратегиясы арқылы  жүргізгенде (визуал, аудиал, кинеститик) арқылы 
жүргізде екі бағытында не үйренгені туралы айтып берсе, қолдың икемімен (шала естіседе)  
түйіндегенін  айтып  өтті.Бұл  жерден  байқап  отырғанымыз  ерекше  білімді  қажет  ететін 
оқушыда    бастамашылық  әрекет  көрініп  тұрды.  Антропогендік  фактор  ұғымының 
анықтамасын біліп, антропогендік факторларға мысал келтіре отырып,  пәнге қатысты лексика 
және  терминология  сөздерінің  мағынасын  аша  алады.  «Миға  шабуыл»  әдісімен  адамның 
табиғатқа әсері бар ма?- дегенде, әрбір адам табиғатқа қамқорлықпен қарап, зиянын тигізбесе 
экологиялық  қоршаған  орта  зақымданбайды  деп  бар  ықыласымен  жауап  беруі,  басқа  білім 
алушыларға  үлгі болып, оның сөзін бірауыздан қуаттады. «Антропогендік фактор салдары» 
атты  бейнефильм көрсеткенде,  ерекше  таңданыспен  қарауы  оқушы  бойында  қызығушылық 
пен  ынта  қалыптастырды.  Бұл  оқушыдан  байқаған  сұрақтарымыз  қажеттілігі  бар,  орынды  
қойылды.  Дегенмен  жауап  алуда,  естуде  қиыншылық  болды.  Білім  алушыға  мынадай 
«Қоршаған ортаны жақсарту шаралары» атты тақырыпша бойынша әңгімелеу берген кезде, 
спикер  ретінде  түсіндірген  кезде,    қазіргі  таңдағы  ахуалды    мәселелелерді  тілге  тиек  ете 
отырып,  ЭКСПО  дағы  «Жасыл  энергия»  көздерін  пайдалану  туралы    ғалымдардың  пікірін  
айтуы  құрбы-құрдастарымен мені қатты таңғалдырды. «Автограф қалдыру»   білім алушының  
шарларға  жазған    пікірін  оқығанда,  менің  пәнім  ерекше    қызықтыратыны  сөз  саптауынан 
аңғарылды.  
Биологиялық  мысалдарды  пайдаланып,  полимерлер  және  мономерлер  арасындағы 
айырмашылықты  сипаттау    арқылы      ерекше  қажетті  білімді    алатын  білім  алушы    қиын 
қозғалысты  оқушыға   тапсырма бергенде үнемі қиналатын жағына күш түсірмеуге әрекет 
етіп  отырдым.  «Жасуша  мембранасы»  атты  таныстырылым  жасағанда  жасуша 
макромолекулаларды қабылдай алмайды деген тұжырымға қосымша  жәрдемдестім. Себебі, 
бұл  оқушыда    қабылдау  мүмкіндігі  орташа  еді.  Полимер  мен  монимердің  арасындағы 
айырмашылықты    тәжірибе  жасау  барысында  нақтласақ,  бұл  білім  алушыға    жәрдемдесе 
отырып,  ерітіндінің қасиетін түсіндіргенде басын изегені «мақұл» дегені деп білдік. Диализ 
түтікшесі  жасуша  мембранасының  үлгісі  ретінде  қолданылып,    глюкоза  мен  крахмалдың 
қайсысы мембранадан өте алатынын болжап жазуға тырысқанда да, бірталай қиындық болды. 
Дегенмен,  қайтадан  жұмыстану  нәтижесінде    болжам  жазуды  да  жазды.Оқушыларға  алты 
бұрыш  бірнеше    қима  қағаздар/лего  бөлшектері/атом  үлгілері  таратылып,  мономерлерден 
полимер жасап, олардың айырмашылықтарын түсіндіру кезінде қинала отырып,  тәжірибені 
аяқтады.  Кесте  толтырылып,  кері  байланыс  тақырыпқа  байланысты  болғанда,  позиция 
бойынша «Мен былай деп есептеймин» деп тұжырымдауы сабақтың   білім алушы үшін сәл 
де  болса  түсінгенін  көруге  болады.Алдағы  өміріне  ,  техника  қауіпсіздігін  сақтау  шаралары 
туралы да мол түсінік алды деп ойлаймын.Келесі сабағымымда  газалмасудың маңызы, оның 
механизмдерін, альвеоланың газ алмасуға қатысты ерекшеліктерін сипаттау үшін  алынды.Бұл 
жерде білім алушы  қосымша мына физика және химиядан алған білімдерін топтастырады. 
Алдыңғы  білімді  еске  түсіру  арқылы  тыныс  алу,  газдардың  алмасуы  немесе  газдардың 
өкпедегі  және  ұлпадағы  концентрациясының  өзгеруіне  байланысты  деп  көрсетеді.  Осы 
арқылы  сабақтың    тақырыбы  мен  мақсаты    ашылады.  Бағалау  критерийлері  білім 
алушылармен бірге құрылғанда біраз ерекшелік болатынын түсіндім. Оқушылар ақпараттар, 
таныстырылым, суреттер, плакат, сызбалардың көмегімен өкпедегі және ұлпадағы газ алмасу 
механизмдерін  талдайды.  Бұл  жұмысты  жұпта  ұйымдастырылғанда  қасындағы  жұбына  
тақырыпқа қиналса да жауап беруге тырысты. Оқушыларға өкпедегі және ұлпадағы газ алмасу 


49 
 
түрлерін  салыстыру  тапсырмасы  берілгенде,    бұл  оқушы    Венн  диаграммасын  толтыруды 
таңдады. Кері байланыс жасағанда, сабақтан ең түсінікті болған 2  білімді  көрсете отырып, 
толықтыруды  қажет  ететін  1  мәселе    бар  екенін,  бүгінгі    тақырыпты  тиянақты  қайталау 
керектігін, әрі бұл пән өзіне ауырлау тиіп жүргенін айту арқылы келесі сабақта пысықтаса, 
қиыншылық  болмайтыны  туралы айтып өтті.  Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі 
қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. 
Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда 
ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан 
мектептерде  оқыған  балалар  адам  құқығы  туралы  білім  алуға  мүмкіншілік  алады.  Өйткені, 
олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып-білуге, қабылдауға үйренеді. [5]  
Қорыта айтқанда, ерекше білім беруге қажеттілігі бар жандардың қозғалыс  мүмкіндігі 
шектелгенімен, жан-дүние кеңістігі аясының тарылып, күйзеліске ұшырауына жол бермеу − 
белгілі  бір  ұйымдардың  міндеті  ғана  емес,  қоршаған  ортаның,  қалың  бұқараның,  ұстаздың  
басты  парызы.  Соңғы  уақытта  елімізде  атқарылып  жатқан  істер  инклюзивті  білім  беру 
жүйесінің  жаңа инновациялық әдіс –тәсілдерді қолданып, заманауи қалануына негіз болары 
анық.  Елімізде  өркениетті  қоғам  құру  үшін,  тәрбиелі,  дені  сау  толыққанды    азаматтар  мен 
азаматшалар тәрбиелеу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет