51
және біліктілік дағдыларын нығайту үшін жағымды әлеуметтік орта қалыптастыру [4, 95]. Осы
міндеттерді шешкенде жететін нәтиже: психофизиолгиялық мүмкіндігі дамиды; оқудағы
негізігі қиындықтары жойылады; әлеуметтікадамгершілік қасиеттері дамиды, жағымды мінез-
құлық қалыптасады. Психологиялық диагоностикада таным процестерін зерттеу,
қарымқатынас диогностикасы, мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Психологиялық дамыту және түзету жұмысында таным процестерін дамыту және түзету,
мотивациялық және эмоциялық саласын дамыту және түзету, қарым-қатынас саласын түзету
және дамыту бағытындағы жұмыстар жүгізіледі. Психологиялық кеңес беру бағытында
баланың дамуындағы атаананың көмегі, дау-жанжал жағдайындағы мінез-құлқы және оны
басу әдісі, баламен жағымды қарым-қатынасқа жету жолы туралы ата-аналарға кеңес,
жадынамалар беріледі. Психологиялық ағарту бағытында мұндай балаларды қалай тәрбиелеу,
қалай қарым-қатынас жасау керектігі туралы әңгіме, дәріс, 40 жадынама, тренинг,
тақырыптық баяндамалар арқылы ата-аналарға психологиялық білім беріледі. Әр бағытқа
жеке-жеке тоқталар болсақ, педагог-психологтің жинақ қоржынында баланы псхологиялық-
диогностикалық тексеруге арналған құралдар, логикалық ойлауға, зейінді және есте сақтауға
арналған әр түрлі әдістемелік құрал-жұмыстары сатылы жүргізіледі. Зерттеу барысында
психолог зерттеу хаттамасын жүргізіп, тіркеп отырады: берілген тапсырманы түсінуі және
оны орындау деңгейі; балаға көрсетілген көмек пен оның білімділік дәрежесі; өз бетімен
қателіктерін түзете алуы; үлкендермен қарым-қатынас ерекшелігі; тапсырманы орындауға
қарым-қатынасы; тапсырманы орындаудағы белсенділігі. Мысалы, мүмкіндігі шектеулі
балалардың зейін қасиеттерін зерттеу үшін зейіннің көлемін, ауысуын, шоғырлануын,
тұрақтылығын зерттеу әдістемелерін қолдануға болады. Бұған сынып жеткешісінің немесе пән
мұғалімдерінің көмегін пайдалануға болады. Есте сақтауын зерттеу үшін «фигураларды есте
сақта», «10 сөз», «Сан қатары» т.б. әдістемелерді, ойлау процесін зерттеу үшін «Артығын тап»,
«Қандай фигура жетіспейді» т.б. әдістемелерді қолдануға болады. Психологиялық түзету - бұл
баланың жеке тұлғалық психикалық дамуында, оқу барысында білігі мен дағдысында қандай
да бір ауытқушылықтар, психологиялық қиыншылықтарды түзетіп, дамытуға арналған жұмыс
жүйесі болып табылады. Әр психолог үйден оқитын балаға барғанда біріншіден баланың
көңіл-күйіне қарап, динамикалық бақылау күнделігін жүргізіп отырады. Баланы мектепшілік
іс-шараға қатыстырады немесе көрермен ретінде көруге шақырады. Екіншіден, баланың үйіне
барғанда ата-анасымен сөйлеседі, пікірлеседі, кеңес беріп отырады. Психологиялық кеңес
беру жұмыстары ата-аналарға, пән мұғалімдеріне, оқушылардың өздеріне жеке жүргізіледі.
Ата-аналарға жиналыстарда топтық кеңес беру, әр баланың үйіне барғанда, мектепке
шақырып жеке кеңес беру жүзеге асса, пән мұғалімдеріне кеңес беру жұмысы педагогикалық
кеңесте, әдістемелік кеңесте, педагогикалық консилиум барысында жүргізіледі. Келесі жұмыс
бағыты бұл - психологиялық алдын алу мен ағарту жұмыстары. Әрбір сынып бөлмесінде,
мектеп дәлізінде, ТДО сыныбы бөлмелерінде, ата-аналарға арналған бұрыштарда ата-аналарға
арналған ағартушылық материалдар мен кеңестер үнемі жаңартылып отырады. Мектеп
психологінің мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмысының негізгі педагогикалық
консилиумда көрінеді. Жалпы және арнаулы (түзету) білім беру мекемелерінің
психологиялық-дәрігерлікпедагогикалық консилиум жағдайлары негізінде мектепте мектеп
директорының бұйрығымен психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық консилиум құрылады.
Консилиум құрамына мектеп директоры, оқу ісі мегерушісі, психолог, әлеуметтік педагог,
медбике, сынып жетекшісі, ТДО 41 сыныбы мұғалімі, тәрбиешісі, және оқыту мұғалімі
қатысады. Консилиумға әр маман өз зерттеулері
мен ұсыныстарын жазып, даярлап келеді.
1. Педагогикалық қорытынды (сынып жетекшісі)
2. Психологиялық қорытынды (педагог-психолог)
3. Медициналық қорытынды (медбике)
4. Әлеуметтік педагог
қорытындысы
5. Логопедиялық қорытындысы (логопед).
Бұған қосымша балалардың жұмыс дәптерлері, бала дамуын бақылау күнделігі, сабақ
үлгерімін тіркеу журналдары әкелінеді. Қорыта келгенде, ең бастысы кемтар балаларға деген
52
қоғамның көзқарасын, пікірін өзгерту керек, олар үшін кедергісіз орта қалыптастыру қажет
және мүмкіндігі шектеулі баламен бір сыныпта отырған дені сау бала әлдеқайда мейірімді,
қайырымды болып өсетінін халықаралық тәжірибе көрсетіп отыр. Енді сол тәжірбиенің біздің
елімізде де қанат жайып, өркендеуіне педагогтар қауымы зор үлес қосуы қажет деп ойлаймын.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың сыртқы ортамен қарымқатынасқа түсіп, өзін әлеуметтік
ортада жеке тұлға санап, олардың тағдырын ел болып реттейтін уақыт келді. «Бала тағдыры -
ел тағдыры» деп қарап, ұрпақтың өмірге келген сәтінен бастап, тәлім-тәрбиені бойларына
сіңіріп, мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік өмірге даярлап, еліміздің дамуына өз
үлесін қоса алатын азамат тәрбиелейтін кез келді. Инклюзивті оқыту – барлық балаларға
мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік
береді; оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік
береді; адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді ұйымдастыру мақсатында, типтік арнайы
білім бағдарламасы жасалды. Онда балалардың мұқтаждықтары ескеріліп, білім алуларын
қамтамасыз ететін жалпы білім үрдістері қарастырылған. Инклюзивті оқыту балалардың оқу
үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге
талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді
болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті
оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік
алады. Өйткені, олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып-білуге, қабылдауға
үйренеді. Сонымен, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім
мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда: жалпы мектептерге
арналған типтік оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне
сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың
психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке
бағдарламасы. Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90
жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық
енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек
«Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді.
Достарыңызбен бөлісу: