ЕРЕКШЕ ОҚЫТУ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРДЫ
ОЙЫН АРҚЫЛЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ
Құндызай Рашидқызы Ерғалымова,
Ақтөбе психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің логопеді
Дамудың мүмкіндіктері шектеулі балалармен түзету-дамыту жұмысының мазмұнына
қойылатын қазіргі таңға сай жоғары талаптарды іске асыруда ең алдымен логопедтің тұлғалық
қасиеттері өте маңызды. Ол әлеуметтік және ұйымдастырушылық белсенділігімен
ерекшеленіп, балаларды сүйіп, өз мамандығына берілген болуы керек. Логопедке
педагогикалық шығармашылықтағы елес, бақылаушылық, жауапкершілік қажет. Қазіргі заман
маманы мәдениеттің, қоғамның, рухтық құндылықтардың жеткізушісі, тек қана педагог емес,
ең алдымен, жаңашыл, зерттеуші, шығармашылдық тұлға болуы керек. Адам өмірінде қарым-
қатынас аса маңызды, ал қарым-қатынас сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сондықтан шыр етіп
дүниеге келген бала қоршаған ортамен, анасымен дыбыс, тіл арқылы қарым-қатынас жасайды.
Баланың сөйлеуі бойының өсуімен және дамуымен бірге қалыптасады және дамудың әртүрлі
қатардағы сатыларынан өтеді.
Алайда тіпті кейбір балалардың естуі мен интеллектісі қалыпты болған жағдайда да,
сөйлеуінің дамуында кідіріс болуы мүмкін. Бұндай балаларға дыбыс шығаруының бұзылуы,
фонематикалық естуінің дамымауы, сөз қорының аздығы және грамматикалық қатарының
дұрыс болмауы тән.
Негізінде төрт – бес жаста барлық сөйлеу қателіктері жоғалады, бірақ ол үлкендердің
сөзді дұрыс айтуына байланысты. Сондықтан баланы кішкентай кезінен бастап әдемі, дұрыс,
таза сөйлеуге үйрету керек. Балаға көп ертегілер оқытып, жаңылтпаштармен тілін
жаттықтырып және баланың сөздері үнемі дамытуда болуы қажет. Балабақшадағы тәрбие
барлық тәрбиенің бастамасы.Мектепке дейінгі шақ бала бойына адамгершіліктің негізін
қалайтын кез. Сондықтан да бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік,
инабаттылық сезімдерін қалыптастыру ата-аналар мен тәрбиешінің міндеті. Балалардың жан-
жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Ойын дегеніміз-жас ерекшелікке қарамайтын,
112
адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты,
тапқырлықты, ұқыптылықты, іздемпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің,
көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен
мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. Сондықтан ойынды сабақтан тыс
уақытты пайдалану - үлкен нәтиже бepepi анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ,
содан үлкен мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Ойын-тек жас адамның
дене күш қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке т.б ғана тәрбиелеп қоймайды, оның
ақыл-ойының толысуына, жан дүниенің қалыптасуына, eceйіп өcyiнe де пайдасын тигізеді.
Ойын баланың алдынан өмірдің eciгiн ашып, оның шығармашылық, қабілетін оятып,
танымдық қасиеттерін дамытады.
Балаланың өмірінде ойын қызметі мынадай міндеттерді орындайды:
1. Қызығушылық (бұл негізгі ойын жүйесі – қызықтыру,қанағаттандыру, көңілдендіру);
2. Коммуникативтілік; тілін дамыту;
3. Зерттеу - нормативтік тәртібін табу, ойын процесі барысында өз-өзін тану;
4. Түзету жүйесі – жеке көрсеткіштердің оң өзгерістерін құрылымға енгізуі;
5. Элементтік: қоғамдық қатынас жүйесіне кіргізу
6. Денсаулық: Қимыл қозғалыс моторикасын қалыптастыру
Ойын әдістеме түрі ретінде ата-бабадан келе жатқан мұра болып есептеледі. Жас
балалардың өмір танымы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде
қалыптасады. Сөйлеу тілі бұзылған және тіл мүкістігі бар балалар тұйықталып, бойында
толымпаздылық кешені пайда болмас үшін, олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып,
бір – біріне деген қайрымдылық, мейірімділік, жаңашырлық, достық, жолдастық сезімдерді
тәрбиелеуге болады.
Ойын баланын жан серігі іспеттес. Қай бала болмасын ойнап өседі. Әрбір елдің ойыны
сол елдің қоғамдық идеологиясына, тұрмыс тіршілігіне, айналысатын кәсіп –
шаруашылықтың ерекшеліктеріне байланысты. Ойын сырттай қарағанда анау айтқандай
қиындығы жоқ, оп-оңай тәрізді көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты
басқалармен тіл табысып,өзінің ойын іске асыру оңай емес. Баршамызға белгілі,ойын арқылы
баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында
ойлау тапқырлық,ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады.
Ойын дегеніміз - жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Ойын үстінде баланың
бейімділігі,мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.
Ойын мазмұны мен түріне қарай:
Мазмұнды-бейнелі, қимыл қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары
болып бөлінеді.
Маманның міндеті-балаларды ойынға өз қызығушылығымен,ынтасымен қамтамасыз
ету. Сонда ғана ойын өз мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні арта түседі. Тәрбиеші ойын арқылы
әр баланың игі бастамасын қолдап, оның жақсы қасиеттерді өрбіте, өзіндік мінез құлқын
қалыптастыра отырып баланың сөйлеу тіліндегі кемшіліктерін түзету. Мәселен, Азамат
құмнан неше түрлі құрылыстарды өзі ойлап сала алады. Жанына келген Әсетке ол құмнан
құрылыс салудың жолдарын бар ынтасымен айтып түсіндіреді. Болашақта осы Азаматтан
талантты құрылысшы шығуы мүмкін. Әр баланын бойында өмірге деген белгілі бір
бейімділігі, сүйікті істері болады. Соны дер кезінде байқап, жан-жақты дамыта тәрбиелеу
қажет. Баланын әдепті, көргенді, қайырымды болып өсуі қоршаған ортасына, үлкендерге
байланысты екені мәлім. Бала өмірде көрген білгендерін, ойға түйгендерін ойын арқылы қалай
бейнелесе, күні ертең солармен қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
Балалардың бір-бірімен қарым қатынастарын дұрыс қалыптасуында мақсатты
жүргізілген жүйелі ойын процесінің тәрбиелік мәні мол. Балалардың достық сезімі ойын
кезінде шындала түседі.
Логопед балалардың қарым-қатынастарын күнделікті бақылау арқылы әр баланын мінез-
құлқынын қалай қалыптаса бастағанын анықтайды, бала бойында қалыптасқан жағымды,
113
жағымсыз қылықтарды ескере отырып, жеке жұмыс жүргізеді. Әсіресе ойын арқылы әр
баланы жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке баулиды.
Сәбидің алғашқы қадамынан бастап, қайырымдылық қасиетті бойына сіңіре білуіміз
қажет. Ол үшін баланын айналасындағы соған қолайлы жағдайлары жасалуы шарт.
Мысалы: а) Топтағы әр заттың өз орнында және гигиеналық талапқа сай болуы тиіс.
ә) Бала өзін үйіндегідей еркін сезінуі қажет.
б) Бала талабының қанағаттануы қажет.
в) Тәрбиешінің жеке басының үлгі өнегесі, мәдениеттілігі, байсалдылығы,
мейірімділігі т.б. қасиеттері бала үшін аса маңызды.
Логопедтің балалармен өзін тең ұстай білуінің тәрбиелік мәні зор. Сонда бала өзін еркін
сезінеді де, тәрбиеші алға қойған міндеттерін ойдағыдай жүзеге асырады. Бала мен тәрбиеші
арасындағы сыйластық, достық дәнекері бекиді. Логопедойын ойнауға жағдай туғызумен
арттырып отыруға тиісті. Топта өзара ынтымақтастық жағдайында балалардың ойынды өз
қалауымен бастауы, не болмаса ойынға еркімен қатысуы аса маңызды. Мысалы: Абай серуен
кезінде жалғыз өзі кеменің рульмен ойнап тур.
Логопед: Кемел мен Иманға: “ Жүріндер, ойнайық, - дейді. – Қарандаршы, Абай жалғыз
өзі кемемен бір жаққа жүзіп барады. Үшеуі кеменің жанына келіп:
- Сен капитансың ба ? Біз матрос болайықшы“ – деп, ойынға кіріседі.
Капитан біз не істейік? Капитан ойынға қажетті құралдарды бөліп береді де, тәрбиеші
екеуі бірлесе отырып ойынды өрбітеді. Айталық, бір бала дүрбіні алып қарайды. Екінші бала
дымқыл шүберекпен тазалық жұмысына кіріседі. Тәрбиеші ойын барысында сұрақтар қойып,
теңіз жайында қызықты әңгімелер айтып, балалардың ойынға деген қызығушылығын
арттырады. Сөйтіп, тәрбиешінің балалармен бірлесіп ойнауы, олардың ой-өрісін кеңейтіп, көп
нәрсені аңғарып білуіне тілді ұстартуды, сөздік қорды байытады.
Бағдарламадағы ойынға бөлінген уақытты тиімді пайдалану керек. Ол үшін тәрбиеші
бағдарламада ұсынған ойындарды іріктеп алып, оның мақмұнымен, ережесімен жете
танысады. Логопед өз тобында ойынға қажетті құралдарды реттеп отырып балаларға қай
жерде ие тұрғанын біртіндеп көрсете отырып, ойынға тартады. Ойын ойнау кезінде балалар
өзара пікір алысып, жақындаса түседі. Логопед топтағы әр баланың мінез құлқына, сөйлеу
барысын ойын ойнау барысында әр қырын айқын көріп, білетін болады.
Балалар достарын да ойын ойнау кезінде іріктеп алады. Әр бала өз қалауымен достасады.
Балалардың өзара достық қарым қатынаста бола білуі аса маңызды фактор.
Ортаңғы
тобымен салыстырғанда, ересектер тобы балаларының ойынын
ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Ортаңғы тобының балалары үшін ең қажеттісі –
түрлі ойыншықтар. Ал ересектер тобында ойын әрекетін ұйымдастыру ойыншықтардың аз-
көптігіне қарамайды. Ересектер тобында ойыншықтардың тым көп болуы балалардың қиялын,
ойлау қабілетін тежейді. Бұл топтың балаларына тән қасиеті олар өздерінің ұшқыр қиялдарын
іске жетелеп, жаңа ойын түрлерін ойлап тауып, оларға қажетті атрибуттардың өзі
болмағанымен, соларға ұқсас заттарды алмастырып пайдаланады. Логопед балалардың
осындай шығармашылық бастамаларын дер кезінде қолдап, бағыт беріп отырғаны игі.
Логопедтің балаларға әсерлі әңгіме, ертегілерді оқып-айтуы, рөлдерге бөліп сахналатуы,
сабаққа, құрылыс объектісіне т.б. көрікті жерлерге серуенге апарып отыруы олардың білімін,
танымын жан-жақты кеңейтеді.
Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін, оны өте жақсы білу керек. Ол үшін ата-ана, тәрбиеші
бала көңіл күйінің нәзік толқуларын сезіне білген жөн. Баланың жас жаны еліктегіш, тез
жабыққыш келетінін ұмытпаулары тиіс.
А.П.Чехов: “ Баланы ақылмен тәрбиелей алмаған адам оны қорқытып та тәрбиелей
алмайды”, - деген.
Логопедтің міндеті – баланың қиялын әрі қарай өрбітуге жағдай жасап, асқан
шеберлікпен бағыт беріп, басшылық жасау. Бала үшін тас, құм, ағаш, жапырақ, матаның
қиықтары, т.б. бәрі қажет. Балаларды қажетті құралдар мен қамтамасыз етіп, өз қалауларынша
таңдап алып, ойлаған ойларын іске асыруға мүмкіндік туғызған дұрыс. Балалар ойын арқылы
114
тез тіл табысып, жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Балаларды тәрбиелеуде
ұлттық ойындардын берері мол. Мысалы: “ Ойна да ойлан ” атты тәрбие жұмысында
балаларға сан, пішім, көлем, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйретуде қазақтың ұлттық
ойындары “ Теңге алу ” , “ Бәйге ”, “ Көңілді керуен ”, ойындарын ойнатуға болады.
Қазақ халқы саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысын, қабілетін
дамытқын. “ Бес саусақ ”, “ Қуырмаш ”, “ Санамақ ” ойындарын ойната отырып, саусақпен
қоянның, иттің, құстың, аңның бейнелерін көрсетуге болады.
Қол қимылдарын, саусақ, қол бұлшық еттерін дамыту, буын сүйектерін қалыпты
жағдайда өсіп жетілуіне, ойын арқылы балаларды дыбысты дұрыс айтуға, тез және таза
сөйлеуге үйретуде саусақ жаттығуларының алатын орны ерекше. Халақ педагогикасының осы
ерекшеліктерін пайдалана отырып, өзімізге ертеден таныс “ Қуырмаш ” ойын кітапшасы бала
тәрбиелеудегі, оның тілін жетілдіруге, ойын ұштауға тиімді құрал.
Тіл дыбыстарын дұрыс айтуға дағдыландыру барысында балалардың назарын сөздің
дыбыстық құрамына аудару қажет, естіген сөздің материалды есте сақтап қалуға, сөйлегенде
жіберілген өз қателіктерін естіп түзетуге үйрету қажет. Ойын арқылы сөздік қоры көбейіп,
сөздің, сөйлемннің граматикалық құрылысы қалыптасады.
Бала да баудағы шешек атып келе жатқан жеміс ағашындай. Күтімі бапты болса, ол ағаш
сапалы жеміс береді. Жалпы ойынның қандай түрі болмасын, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа
ауысып отырады. Халық ойындары өмірлік қажеттіліктен туады да, психологиялық жағынан
денсаулық сақтауға негізделеді. Тапқыр да алғыр, шымыр да епті, қажырлы бала өсіруді
армандамайтын отбасы жоқ. Демек, ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі
болып табылады. Сондықтан сөйлеуі бұзылған және тіл мүкістігі бар балалар тұйықталып,
бойында толымсыздық кешені пайда болмас үшін, ата-ана тарапынан қолдау, мейірімділік,
жылылық аса қажет. Ата-аналар баламен жұмыс жасай бастағанда тек ойын түрде берілген
қызықты тапсырмалар ғана сапалы болатынын есіне алуы қажет. «Мұнда кел, сөйлеуді
үйренеміз», - деп бұйрық беруге болмайды. Бұндай жағдайда бала қорқып, ішінен тұйықталып
алады, онда тапсырмалар пайдасыз болып шығады. Ойын қызықты және шынайы болу керек,
кейде балаға жақсы сабағы үшін сыйлық берген жөн. Логопедтік тапсырмалар мектепке жақсы
дайындық бола алады. Дыбыстарды айтып үйренуді бастамас бұрын бала дұрыс айтпайтын
дыбыстарды меңгеруге артикуляциялық аппарат дайындайтын бірнеше тыныс алу
жаттығуларын орындау керек. Тапсырмалар қысқа болып, кем дегенде 15 минут жүргізілуі
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |