мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни
адамның жынысына , дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру
жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру- мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-
үйретудің бір формасы.Бұл арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және
даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Нағыз инклюзивті білім берудің 2 жүйесін жалпы
және арнаулы жүйелерді бір-біріне жақындастырады. Жалпы білім беретін мектепте
мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бірлесіп( интеграциялы түрде) оқуын ұйымдастыру боп
табылады.
Инклюзивті білім беру – ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім
беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту-даму
мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және
интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі.
Инклюзивті оқыту біріктірілген ( оқушы қалыпты балалар сыныбында –тобында оқиды
және логопед мұғалімнің жүйелі көмегін алады) .Уақытша арнайы топтардағы бала бірлескен
серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді, өткізу үшін біріктіріледі.Толық дамуында
ауытқулары бар балалар кластың мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың
бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді.
Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың дүниетанымын кеңейтуді, олардың сезіне білу
тәжірибесін байыта түсуді, балалардың сөйлеу және ақыл – ойының дамуын, танып білу
әрекетіне дайын болуын қамтамасыз етеді. Оларды қоғамдық пайдалы өмірге бейімдеу,
азаматтық қасиеттерін қалыптастыру. Бұлардың бәрі дефектіге сәйкес деңгейде, соған тән
әдістемелермен жүргізіледі. Тәрбиенің бұл түрі тек педагогтармен ғана емес, арнайы логопед,
психолог, дәрігер, әлеуметтік педагог, мамандардың көмегімен жүзеге асырылады. Баланың
қоғамға пайдалы азамат болып өсуіне көптен-көп септігін тигізетін пәндердің бірі – бейнелеу,
қол еңбегі. Бұл пәндердің әр класқа арнайы жеңілдетіп жасақталған бағдарламасымен
жүргізіледі. Мұндағы негізгі мақсатымыз даму деңгейі шектеулі балалардың ой-өрісін,
түсінігін, ұғымын, сөйлеу тілін дамытады.
Ал бейнелеу өнері сабағында бала көрсетілген тақырыпқа байланысты сызбаны немесе
сұлбаны сала білуге, оны сызықтан шықпай бояу, түстерін дұрыс таңдай отырып, өз бетімен
бояуға көмек көрсету. Бұл олардың қандай істі болса да атқара алатындықтарына сенімдерін
арттырып, еңбекке деген ынтасын дамытады. Төменгі кластарда мүсіндеу сабағынан
116
саңырауқұлақтың үлгісін мүсіндеуде оның икемге келуіне, еңбекке баулу сабағында қайшыны
дұрыс ұстап, түрлі-түсті қағаздан әртүрлі геометриялық пішіндерді үлкен, орташа, кішірек
деген ұғымдармен танысып, оларды ретімен орналастырып жапсыруды үйренеді. Даму
деңгейі шектеулі балалардың ойлау, сөйлеу, таным, физиологиялық дамуына математика,
қазақ тілі, ана тілі, дүниетану және дене шынықтыру сабақтарында күнделікті сабақ
кестесімен өткізілуі маңызды орын алады.
Ана тілі сабағында ертегілер, әңгімелер, мақал-мәтелдер, ал қазақ тілі сабағында дыбыс,
әріп, буын, сөз, сөйлем, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратуды үйрету. Жоғарғы
кластарда дара және күрделі сөздер, сөйлем мүшелері, етістіктер, зат есімнің септелуі, тағы
сол сияқты. Қазақ тілі пәні бойынша бағдарламада көрсетілген тақырыптарды меңгерту.
Дүниетану сабағында да қоршаған орта туралы бағдарламадағы барлық тақырыптар:
техникалық құрылыс ой мен еңбек, мәдени тарихи мұралармен таныстыру.
Дене шынықтыру сабағының бала денсаулығындағы ақаулықтарға тигізетін пайдасы
мол. Жеңіл дене жаттығулары секіру, тізбек құру, гимнастикалық жаттығулар, бір қатарда
қойылған заттар арасымен жүру, қимылды ойындар. Күнделікті сабақ арасында баланың
ойлауын дамыту үшін, дидактикалық ойындар да өткізіледі. “Орны ауыстырылып берілген
сөздерден сөйлем құрау”, “Жоқ сандарды тап”, “Не қалай дыбыстайды ?”, “Сөз ойла, тез ойла”,
“Кім тапқыр ?”, “Ұйқасын тап”.
Дамуы шектеулі балалардың тәрбиесіне де баса назар аударылады.
Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа
шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасын қамтамасыз ету, сонымен қатар оқытудың
ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай немесе орта қалыптастырудың идеологиясы
жатыр.
Тәжірибе көрсеткендей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалып
жатады. Мұндай қалыптасқан жүйе баланың даралық қажеттілігін қанағатттандыра алмайды.
Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру
мүмкншілігін қалыптастырады. Инклюзивті оқыту-барлық балалардың мұқтаждығын
ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім
үрдісінің дамуы. Инклюзивті білім беру балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін
қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын, сабақ берудегі әдіс-тәсілдерін
өңдеуге талпынады.
«Психогенді шығу тегіндегі психикалық дамуының тежелуі бала тұлғасының дұрыс
қалыптасуына кедергі келтіретін тәрбиенің қолайсыз жағдайларынан туындайды. Ерте пайда
болған, ұзақ әсер ететін және баланың психикасын жаралауға әсері тигізетін ортадағы
қолайсыз жағдай, ең алдымен эмоционалды дамуындағы психикалық бұзылыстарға
әкеледі.»[1]
Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса,
онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайын да өзгереді. Инклюзивті білім беруді
ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік алады.
Инклюзивтік білім беру – барлық балаларды жалпы білім процестеріне толық енгізу
және әлеуметтік бейімделуге, жасына, жынысына, шығу тегіне, дініне, экономикалық
статусына қарамай, балаларды айыратын барьерлерді жоюға; отбастарын белсенді
қатыстыруға, баланың түзетім-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы
қолдау, баланың емес, ортаның балалардың жеке ерекшелігіне және білімдік қажеттіліктеріне
бейімделуі, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік
саясат. Бүгінгі таңда шет елдерін денсаулық және тұрмыстық жақтарынан мүмкіндіктері
шектеулі оқушыларды интеграциялық оқыту тәжірибесі болғанына қарамастан, инклюзивті
оқыту тек теория түрінде ғана жасалған.
Инклюзивтік оқытудың базалық құқықтың құжаты дамуында жетіспеушілік бар
балаларға нәтижелі көмек құруға, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке және мамандыққа
даярлау, бала мүгедектігін сауықтыруға бағытталған Қазақстан Республикасының
117
мүмкіндіктері шектеулі балаларды «Әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетімді
қолдау» заңы болып отыр.
Жалпы білім беретін мектептердегі кластарда оқыту, яғни толық интеграцияны
қолдануға кеңес береді.
Инклюзивтік оқыту кластары мектеп директорының бұйрығымен әр балаға оқытудың
сай түрлерінің қажеттілігі туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестерімен
ашылды. Ақыл және дене дамуының кемшілігінің байқалу дәрежесіне байланысты, әр балаға
өз екпінінде даму құқығы берілуі керек. Ерекше қажеттіліктегі балалар жалпы білім
мектептерінің бағдарламасын толық немесе толық емес ауқымды алулары керек. Жалпы білім
беретін мектептер мүмкіндіктері шектелген балалар үшін «өмірлік орнын толтырудың» тәрбие
институты болуы керек. Оны оқуға, жазуға, есепке, еңбектенуге оқыта отырып, бірлестік
қарым-қатынасын, мәдени тәртіп ережелерін үйренуін, әртүрлі әрекетте икемдерін
қалыптастыру маңызды болып табылады.
Псхикалық дамуы тежелген білім алушылар үшін арнайы сыныптың оқу күн тәртібі
балалардың шаршағыштығының жоғарылығы ескеріле отырып: бірінші аусымда оқыту
ұзартылған күн режімінде жасалады. Оқыту мерзімінің артуы балалардың психикалық даму
қарқынының бәсеңдігіне, оқу әрекетін қалыптастырудағы және оқу бағдарламасы мазмұнын
меңгерудегі қиыншылықтарға, түзету-дамытушылық іс шаралар жүргізудің қажеттілігіне
байланысты.[2] Баламен және оның ата-аналарымен бірлестік, білім алу орталарын
ұйымдастыруда психологиялық жайлылыққа жағдай жасау инклюзивтік оқытудың ең басты
шарты. Мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін білім мазмұны дидактикалық талаптардан
белгілі бостандық алулары, яғни, оқыту дифференциональды, балаға түсінікті,
психологиялық-педагогикалық құралдар қолданылған және баланың жеке дамуының
әлеуметтік-мәдениетін ере дамытатын болуы керек. Теориялық білім мен негізгі пәндер
бойынша оқу жоспарының міндетті компоненті олардың практикалық дағдылары мен
икемдері, сонымен қатар осылардың білім стандарттарымен және оқушылардыңң шынайы
мүмкіндіктерімен сай келулері қарастырылады. Инклюзивті оқыту жалпы мектептің
педагогынан басқаша дайындықты, жоғары мамандандырылуды, шығармашылықты және
тәжірибені талап етеді. өйткені баланың психикалық даму мәселесіне сауатсыздықпен қарау
оның жеке басына қосымша кемістіктер пайда болуына себепкер болуы мүмкін. Сондықтан
инклюзивтік оқыту тек жалпы мектептердегі педагог мамандардың арнайы дайындықтары
мен қайта даярлықтары бар болған жағдайда ғана нәтижелі болмақ. Мұндай дайындықтардың
мақсаты жалпы мектеп, дене және ақыл-есінің дамуында кемшілігі бар балаларды толық
біліммен қамтамасыз ететін оқыту мен тәрбиелеудің негізгі әдістерін игеруі болып табылады.
Инклюзивтік оқыту жағдайындағы арнайы түзетім көмектерін беретін педагог-
логопедтер жалпы білім беретін мектептердің тәрбиешілері мен мұғалімдеріне нұсқаушылар
болулары керек. Мүгедек және дамуларында шектеушілік бар балаларды инклюзивтік оқыту
практикаға мамандандырылған мамандарды даярлау, оларды жалпы түрдегі мекемелерде
оқыту үшін жағдайлар жасау және қоғамның мүгедек балаларға деген көзқарастарын
өзгертумен бірте-бірте енгізілуі керек. Қазіргі кезде мектептерде кемтар балаларды
қамқорлыққа алып, олардың қалыптасуына және айығуына мүмкіндік жасап, өз бетімен өмір
сүруіне бағыт-бағдар беруге арнайы дайындық жүргізілуде. Кемтар балалардың білім деңгейін
көтеріп, өмірге қажетті білім дағдысын тәртібін қалыптастыруға байланысты түрлі шаралар
жасалуда. Бұл балаларды оқытатын мұғалімдердің алдына үш түрлі міндет қойылады:
1. Баланың мектепке дайындығын анықтау
2. Тәрбиесіндегі кемістігін жою.
3. Сабақты жүйелі жоспарлау.
Баланың мектепке дайындығын анықтау үшін оларды жазу, сызу, оқуға үйретпес бұрын
олардың қабілеті бойынша жеке ерекшелігін, психологиялық дайындық, категорияларын
байқау керек. Белгілі психологтар Д.В.Эльконин, В.В.Давыдов, Р.С.Немов зерттеулері
бойынша баланы жүйелі оқыту үшін психологиялық дайындығына ерекше назар аудару керек
дегенді атап айтады. Қазір мектептерде коррекциялық сабақтар жүргізіле бастады. Коррекция
118
дегеннің өзі «түзету» деген мағына береді. «Бұның басты мақсаты – бала бойындағы,
тәртібіндегі кемшіліктерді түзету. Ол баланың өзіне 1) сенім; 2) көз жеткізу; 3) кеңес беру; 4)
психоанализ; 5) логотерапия; 6) аутотренинг сияқты методикаларды қабылдау арқылы жүзеге
асырады.»[3]Үйден оқитын балаға сабақ беретін мұғалім алдымен баланың даму ерекшелігін
анықтайтын тесттер арқылы ойынның, қиялының, зейінінің тұрақтылығын анықтап алу керек.
Ол үшін «Дөңгелек қию», «Лабиринт», «Танграм», «Көру әдісі», «Есту әдісі» тәрізді тесттерді
қолданып, баланың шама-шарқын анықтап алады. Сабақ барысында баланың тіл мүкісін,
қолының буындарының қимылын, саусақтарының моторикасын дамытуға ерекше көңіл бөліп
отыру қажет.
Осы бағытта қазақтың халық педагогикасының алатын орны ерекше. Қазақ халқы
санамақ, жұмбақ, жаңылтпаштар арқылы баланың сөйлеуге деген ынтасын ашып, қабілетін
арттырып отырған. Баланың байланыстырып сөйлеуіне жануарлар, олардың төлдері туралы
өлең, тақпақ ертегілерді көп қолданған.
Жоғарыда айтылған ойларымды қорыта келе,инклюзивті білім беру жүйесін қолдаймын.
Себебі, мүмкіндігі шектеулі балаларда дене кемсітігіне немесе ақыл-ойының баяу дамуына
қарамастан,оларда қандай да бір өнерге деген табиғи дарындылық, бейімділік болатыны заңды
құбылыс. Сондықтан да инклюзивті оқыту арқылы бала бойындағы қабілетті дер кезінде
байқауға, ақыл-ойын дамыта отырып, дарындылығын ұштауға болады. Бұндай мүмкіндікке
қол жеткізе білсек, бала болашағына жол ашқанымыз деп білемін.
Психикалық дамуы тежелген балалардың жалпы сипатты белгілері мынадай
параметрлермен жұмыстандық
танымдық уәждеме және мектептік оқытуға қызығушылығын арттырды;
іс-әрекеті мен тәртібінің жөнсіздігі жойылды
тілінің және ақыл-есі дамуының деңгейі көтерілуге себеп болды;
интегративті қызмет жағдайы (көру-қозғау үйлесімі, есту-көру үйлесімі, кеңістіктік
түсінігі және т.б.);
қоршаған орта туралы түсінігінің даму деңгейі бойынша мектептік оқытуға
дайындығының жеткілікті болып табылады. [4]
Қорыта түйіндесек, 5,6,7 кластарда оқу үрдісінде «ойын» түрлерін пайдалану,
біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың
сабаққа деген қызығушылығын ,белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып
табылады.“Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаған ғой, осы
өзгерістер арқылы – мүгедек балалардың ата-аналары балдырғандарының отбасына етене
араласуына үміттері қайта оянып, өз балдары ешкімнен кем еместігін, қоғам бұған бей-жай
қарамайтынын түсінетіндігіне сенімдіміз.
Достарыңызбен бөлісу: |