Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет84/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   284
Байланысты:
2019obl.konf2

оқыту  деген  не?  Инклюзивті  білім  беру  -  барлық  балаларды  жалпы  білім  үдерісіне  толық 
енгізу  және  әлеуметтік  бейімделуге,  жынысына,  шығу  тегіне,  дініне,  жағдайына  қарамай, 
балаларды  айыратын  кедергілерді  жоюға,  ата-аналарын  белсенділікке  шақыруға,  баланың 
түзету  педагогикалық  және  әлеуметтік  қажеттіліктерін  арнайы  қолдау,  қоршаған  ортаны 
балалардың  жас  ерекшеліктеріне  және  білімділік  қажеттіліктеріне  бейімделуіне  жағдай 
қалыптастыру,  яғни  жалпы  білім  беру  сапасы  сақталған  тиімді  оқытуға  бағытталған 
мемлекеттік саясат. [2;6]    Осы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру барысында бала алдында 


128 
 
әр  жеке  тұлға  өз  міндетін  сезінуі  тиіс.  Бала  -  болашағымыз,  болашағымызға  бәріміз 
жауаптымыз.  Десек  те,  ата-аналардың  көпшілігінде    баласының  оқу-тәрбие  мәселесіне 
келгенде  жайбарақаттық,  салғырттық  басым.    Көптеген  ата-аналар  баласының  тілі  жай 
шыққанына, есте сақтау қабілетінің нашарлығына, өңі үнемі бозарып жүретініне дер кезінде 
мән  бермейді,  білікті  маманға  апарып  көрсетуге  мойны  жар  бермейді,  тіпті  баласының 
болашағына алаңдайды дегеннің  өзінде қаражат жоқтығын сылтауратып, қозғала қоймайды. 
Олардың көпшілігі психологиялық-медициналық, педагогикалық комиссияның қызметі тегін 
екендігін,  логопедтен,  психологтан  тегін  кеңес  алуға  болатындығын  біле  бермейді  немесе 
баласының еркелігін сылтау ететіндер аз емес.             
Нәтижесінде, баланың ақыл-ой дамуы нашар  деңгейде екені  мектепке барғанда бір-ақ 
белгілі болады. Міне, осыдан кейін барып Үкіметтің инклюзивті білім беру мәселесіне не үшін 
соншама баса назар аудара бастағанын түсінуге болатындай.     
Жоғарыда  аталған  бағдарламаның  бірінші  кезеңі  бойынша  біршама  жұмыстар 
атқарылды. Атап айтар болсақ, мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы білім беретін ортада білім 
алуына жағдай жасалды және түрлі қашықтықтан білім беру жүйесі орнатылды. 
Ал,  екінші  кезеңінде  2020  жылы:  мектептерде  пандустар,  балалар  үшін  көтергіш 
жабдықтар,  санитарлық  бөлмелерді  арнайы  құралдар  орнату,  тұтқалармен,  арнайы 
парталармен, үстелдермен т.б. құралдармен жарақтандыру қамтамасыз етіледі делінген. [2;8] 
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерде жаппай пандустар орнатыла бастады. 
Жалпы  білім  беретін  мектептерде  балаларды  оқытуда  әр  ұстаздың  алдындағы  негізгі 
қағида әлеуметтік байланыстарды кеңейту. Баланы тікелей тәжірибелік  әрекеттерге үйрету 
жолында  қайырымдылық,  еңбек    күшіне  әдеттену,  ұжымда  жұмыс  жасау,  сонымен  қатар, 
әлеуметтік  бейімделуі  өте  маңызды.  Сабақ  барысында  балалардың  адекватты  мінез-құлқын 
қалыптастыруда  балалармен  ұзақ  әңгіме  айтпай,  керісінше  сөздік  қорын  молайту, 
қызығушылығын  арттыру  мақсатында  көбіне    қазақ  тілі  сабақтарында  түрлі  әдіс-тәсілдерді 
қолданып,  сөздерді  буынға  бөлу,  морфологиялық  және  семантикалық  түсініктерді 
қалыптастыру  және  сөздердің  морфологиялық  құрамын  талдау,  орфографиялық  қателердің 
алдын алуға арналған тапсырмаларды түрлендіріп жүйелі беріп отыру. Сондай-ақ кең көлемде 
әр  сабақта      күтілетін  нәтижеге  жету  үшін  суретпен    және  сөзжұмбақ  кеспелермен  жұмыс 
жасау арқылы оқушының қызығушылығын арттырып, жіңішке жетек  сұрақтар қою арқылы 
оқушының сабаққа деген ынтасын арттыруға болады. 
 Ойын  арқылы  мәселен,"Сиқырлы  қоржын",  "Суреттердің  атауын  дұрыс  тап", 
"Сәйкестендір", (Сөздік ойын", " Үстел үсті", " Сөз құра", "Сөз ойла", "Жақсы, жаман", "Бұл 
қалай  өзгерген?",  "Орнына  қойып  жаз.",  "Кім  көп  біледі?",  "Ойлан  тап",  "Топтай  біл"т.б. 
түрлерін қолдану арқылы белсенділігін арттырып, ойлау , есте сақтау қабілеттері дамытып, 
оқушының өз-өзіне деген сенімді ұялата аламыз. Баланың сөз мәнерін дамыта отырып, оның 
сөздік қорына үлкен мән беру керек. Өйткені сөздік қор тіл байлығының іргетасы. Сөздік қоры 
көп болса, оның тілі де бай болады. Ол өз ойын еш қиналмай-ақ жеткізе алады. Сөздік қорды 
молайту үшін, үнемі әңгімелескен жөн. Сонымен қатар сабақ барысында үнемі төмендегідей 
ойындар ойнатқан дұрыс : "Дұрыс па, бұрыс па?", "Мен бүгін... барамын" , "Әңгіме жазамыз", 
"Суреттеп  айт",  "Сөйлемді  толықтыр",  "Сөйлемді  тарату",  "Екі  шеңбер",  "Әңгіме 
ойлаймыз"және    мақал-мәтел,  жаңылтпаш  айтып,  жұмбақ  шешу  арқылы  сөйлеу  қабілетін 
дамытуға болады. [3; 14] Әр сабақта балаға сенім танытылса, көзінде үміт оты пайда болып, 
өмір сүруге деген құлшынысы артады.          
Қорыта  келе,      жалпы  білім  беретін  мектептердің  жанынан  инклюзивті  сыныптарды 
ашудың  тағы  бір  артықшылығы  -  онда  мүмкіндігі  шектеулі  балалар  өздерін  басқалардың 
кемсінбей,  өзге  дені  сау  балалармен  тең  құқылы  екенін  сезінеді.  Балаларды  интеграциялы 
жағдайда  оқытуда  психологиялық-педагогикалық  кеңестер  жұмысында  тың  идеологиялық 
ұстанымдар қалыптастырды. Яғни, ең бастысы , бала дамуындағы кемтарлықты тауып беру 
емес, оның білім алуы мен әлеуметік қалыптасуының негізіне айналатын ішкі мүмкіндіктерін 
айқындап  білу  маңыздылығын  ескергеніміз  жөн.  Ата-ана  өз  баласын  дер  кезінде  мектепке 


129 
 
дейінгі  шағында  түзеу  көмегін  көрсетуге  қолдау  жасап,  арнайы  білім  беру  мекемелеріне 
уақытылы әкелсе, баланың өмірі мен қоғамға бейімделуіне көп көмегі болар еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет