Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет85/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   284
Байланысты:
2019obl.konf2

 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  "Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасы" -А.,2010ж. 
2.  2011-20120  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасын  іске  асыру  жөніндегі 
іс-шаралар жоспары. 
3.  Л.С.Выготский  "Игра  и  ее  роль  в  психическом  развитии  ребенка.  Вопросы 
психологии. -1966 №6 
 
 
КИ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАЙ БІЛУІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – 
ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДІҢ  БІРДЕН-БІР ҚҰРАЛЫ 
 
Есенгулова Зухра Абаевна, Нурмашева Гүлнар Буржановна, 
Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар 
мектеп-интернат-колледжі 
 
Әлеуметтендіру  процесі  адамның  дүниеге  келуінен  басталып,бүкіл  өмірімен 
жалғасады.Есту қабілеті бұзылған балаларды әлеуметтендіру – өте қиын да ұзақ процесс.Есту 
қабілетінің  бұзылуы,саңырау  және  нашар  еститін  балаларды  әлеуметтендіруде  біршама 
қиындықтар  туғызады,әсіресе  сөйлеу  тілінің  болмауы  не  дамымай  қалуы,баланың  өзін 
қоршаған  ортамен  әлеуметтік  қарым-қатынастың  орнамауында.Есту  қабілеті  бұзылған 
баланың  ауызша  сөйлеу  тілін  қалыптастыру  –  оларды  оқыту  мен  тәрбиелеудегі  ең  негізгі 
міндеттердің бірі. Сурдопедагогика тарихындасаңырау не дым естімейтін баланың тек қана 
жазба не дактиль тілін ғана емес,сонымен қатар, ауызша сөйлеу тілін қалыптастыруға да күш 
салады.Ауызша  сөйлеу  тілі  –  адамның  бір-бірімен  қарым-қатынас  жасауының  негізгі 
әдісі,ойын  жеткізу  құралы  ретінде  маңызы  зор.Сонымен  әлеуметтендірудің  негізгі 
факторларының  бірі  –  қарым-қатынас  жасау.Ауызша  сөйлеу  тілінің  дамымай  артта 
қалуы,әлеуметпен  қарым-қатынас  жасауды  шектейді.Сондықтан  коррекциялық  мектептегі 
педагогтардың барлық күш-жігері,есту қабілеті бұзылған балаларды сөйлеуге үйретуге,оқу-
тәрбие процесінің барлық этаптарында әлеуметтендіру тәжірибесін байытуға жұмсалады. 
Сөйлеу  тілі  –  қарым-қатынас  жасаудың  құралы  ретінде,қазіргі  таңда  есту  қабілеті 
бұзылған балаларды сөйлеуге үйретуде коммуникативті-іс-әрекетті жүйе қолданылады.Есту 
қабілеті  бұзылған  баланың  сөйлеу  тілін  дамыту,көп  жоспарлы  процесс  болып 
табылады.Мектеп  мекемесінде  болсын  не  отбасында  болсын,осы  процесті  қамтамасыз 
ететіндей барлық жағдай жасалуы тиіс.Сөйлеу тілін дамытатын негізгі факторлардың бірі  – 
есту-сөйлеу ортасын ұйымдастыра білу.Есту-сөйлеу ортасын құру үшін,әрдайым естімейтін 
баланың сөйлеу тілін қалай қабылдайтынына қарамастан,тіпті сөйлеу тілінің даму деңгейіне 
де  қарамастан,  ынталандыру  арқылы  қарым-қатынас  жасау  қажет.Сөйлеу  тілі  әр  түрлі  іс-
әрекетте  дамиды,мысалы:  ойын  арқылы  не  сурет  салғанда,сабақта,айналамен  танысу 
сабақтарында.  Заттық  не  ойын  іс-әрекеттері  кезінде,дидактикалық  ойындар,түрлі  қол 
еңбектері  (жапсыру,сурет  салу,ермесазбен  жұмыс)  кезінде  педагогтың  сөйлеу  дағдысына 
еліктеу,есту  қабілеті  бұзылған  балалардың  сөйлеу  тілін  қалыптастыру  әдісі  ретінде 
қолданылады.Есту  қабілетін  дамыту  және  сөздердің  айтылуын  қалыптастыру  сабағы  тілдік 
материалды  естіп-көру  дағдысын  қалыптсатыруды  көздейді  және  есту  мүмкіндігінде 
қабылдауға үйретеді. Ауызша сөйлеу тілінің түрлі копоненттерін айтуға дағдыландыру,анық 
сөйлеуін,сөздерді түсінікті айтуын,қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануын қамтамасыз 
етеді.Сабақта  таныс  тілдік  материалмен  жұмыс  жүргізіледі,түрлі  мәтіндердегі  сөздер  мен 
сөйлемдердің  мағынасы  анықталады.Олардың  түрлі  тілдік  іс-әрекетте  құрылымы 
дағдыландырылады. 


130 
 
Баланың есту қабілетінің бұзылуы,бала үшін де ата-аналар үшін де өте күрделі мәселе. 
Есту  аппараттарын  пайдаланудың  нәтижесінің  төменділігі  және  емдеу  әдістерінен  көмек 
болмауынан,саңыраулық пен кереңдіктің ең ауыр деңгейіндегі балаларды қалпына келтіру емі 
өте  қиын  да  күрделі  мәселе  болып  отыр.Соңғы  онжылдықта  медицина,техника  ғылымы 
жетістіктерінің  қарқынды  дамуының  арқасында,құлағы  естімейтін  балаларға  көмек 
көрсетудің жаңа әдіс-тәсілдері ойлап табылды.Қазіргі таңда есту қабілеті бұзылған балаларды 
қалпына  келтірудің  ең  маңызды  да  перспективті  бағыттарының  бірі  және  де  есту 
мүмкіндігінен  айырылған  баланы  еститін  балалардың  арасына  қосатын  –  ол  кохлеарлы 
имплантация.Кохлеарлы  имплант  –  ішкі  құлаққа  жасалатын  ота.КИ-  жүргізілуі  барысында 
пациенттің ішкі құлағына есту нервісінің сақталған талшықтарын электрлік ширату арқылы 
дыбыстық аппаратты қабылдауын қамтамасыз ететін электродтар жүйесі енгізілетін жоғары 
технологиялық  операция.Кохлералы  имплант  –  бұл  есту  аппараттары  нәтижесіз,мүлдем 
естімейтін не есту қабілеті ауыр зақымдалған балаларға қолданылатын медициналық құрал 
болып  табылады.Кохлеарлы  имплантация  –  есту  қабілеті  бұзылған  балалардың  әлеуметке 
бейімделуіне  бағытталаған  кешенді  жүйе  шаралары.Кохлеарлы  имплантация  тек  қана  ота 
жасаумен ғана шектеліп қоймайды,сонымен қатар,ең негізгі және ұзақ кезең – қайта қалпына 
келтіру болып табылады.Қалпына келтірудің негізгі  міндеті  – тілдік процессорды іске қосу 
мен педагогтың түрлі бағытта жұмыс жүргізуі.Уақыт өте баланың дыбыстарды сезіп,көңіл-
күйі ояна бастайды.Еститін балармен салыстырғанда,естімейтін балалардың алғашқы сөздерді 
қалыптастыруға  негіз  болатын  сенсорлық  базасы  басқаша  болады.Еститін  балалардың 
алғашқы  сөздерді  есту  арқылы  қалыптасса,естімейтін  балалар  көру    арқылы,қозғалыстарды 
сезіну  арқылы  (артикуляция,дактильдеу,жазу)  қалыптасады.Сөйлеу  тіліне  қатысы  жоқ 
дағдыларды дамыту,есту мен сөйлеуге тікелей қатысы болмаса да,бірақ,олардың дамуына өте 
қажетті  осы  психомоторлы  қабілеттердің  қалыптасуы  нормамен  сәйкес  жүзеге  асуы 
керек.Кохлералы  имплантталған  балалардың  импланттың  көмегімен  сөйлеу  тілін  түсіну 
процесіне бірнеше факторлар әсер етеді.Осы  аталған факторлар имплантталған балалардың 
сөйлек тілін дамытуда ескерілетін маңызы болып табылады.Содан кейін баланың ересектердің 
тіліне  еліктеу  жағдайы  туады.Бұл  процесс  белсенді  әрі  нәтижелі  болады,егер 
балалардың,ересектердің  барлық  іс-әрекеттері  баламен  бірге  айтылып,жиі-жиі  қайталанып 
отырса.Сөйлеген  кезде,жағдайға  байланысты  интонацияны  бет  мимикасы  арқылы  көрсете 
отырып  айту  қажет.Педагог  өзі  көрсеткен  көңіл-күйді,баланың  да  солай  айтып,көрсетуін 
қадағалау  керек,мысалы:ренжу,қуану,қорқу,ауыру.  Осыдан  кейін  көңіл-күй  әрекетін 
дамытуды  қолға  аламыз.Көңіл-күйін  дамыту  арқылы  баланың  сөйлеуіне  жағдай 
жасалады.Балалардың белсенді ауызша сөйлеуі заттардың атауын айту мен іс-әрекеттерін айту 
оның түсіну қабілетін күшейтеді.Жай есту аппаратымен салыстырғанда кохлеарлы имплант 
жасалғаннан кейінгі педагог пен ата-аналардың жүйелі жұмысының арқасында баланың есту 
мүмкіндігі  тез  дами  бастайды.Есту  қабілеті  бұзылған  баланың  есту  мүмкіндігі  тез  дами 
бастайды.Бала  сөздерді  білместен,мағынасын  түсінбестен  айтады.Сондықтан  балаға  дәл  іс-
әрекетті түсінетіндеі жағдай жасалуы тиіс.Баланың аузынан сөзді шығаруға барлық мүмкіндік 
қажет.Бұл  жерде  ата-ана  да  бар  көмегін  көрсете  отырып,балаға  іс-әрекетке  байланысты 
сөздерді  айтқызуы  қажет.Ата-ана  және  педагог  біріге  отырып  қана,жақсы  нәтижеге  жетуі 
мүмкін.Сұрау,хабарлау,тапсыру,бұйыру  сөздерін,  мысалы:  сұраулы  сөйлемді  бет 
мимикасымен көрсете отырып,көтеріңкі айтуды талап етеміз және өзіміз соны көрсетеміз.Бала 
педагогқа  еліктей  отыра,тап  солай  жасауын  қадағалаймыз.  Сөйлеу  тілін  қалыптастыру 
жұмысының  технологиясы,осындай  балалармен  жұмыс  жасайтын  барлық  педагогтардың 
жоспарында  бірдей  дағдыландырылады.Есту  ортасындағы  белсенді  қарым-қатынас,тілдік 
процессордың  тиімді  ретке  келтірілуі,мотивация,оңалту,жеке  психофизикалық  және 
соматикалық  ерекшеліктер  баламен  жұмыс  жасаудағы  жоғары  нәтижеге  қол  жеткізуге 
көмектесетін маңызды факторлар. 
Педагогтардың  алдында  балаларды  үйретуде  мынадай  міндеттер  тұрады:  балалардың 
бір-бірімен сөйлесуі кезінде тыңдау мен сөйлеуді пайдалана білу және өзін қоршаған ортада 
бейімделе  білуіне  көмектесу.КИ  баланы  оқыту  бірнеше  кезеңдерде  жүргізіледі.Кезеңдердің 


131 
 
бірі,бірнеше  жыл  оқытуды  қамтиды.Осы  кезеңде  есту  бейнелерін  қалыптастыру  мен 
нақтылау,қоршаған  ортадағы  дыбыстарды  дифференциалы  қабылдау,КИ  балалардың  тілін 
дамыту  үшін  естуді  қабылдауды  қолдану  міндеттері  шешіледі.Естуді  қабылдауды  дамыту 
жұмысының  тиімділігі  алдымен,педагог  пен  ата-аналардың  тығыз  байланысып,біріккен 
жұмысында көрінеді.Сондықтан да КИ-дан кейінгі балалардың коммуникативті дағдыларын 
және  есту  қабілетін  дамыту,олардың  қоғамда  әрі  қарай  әлеуметтендірілуіне  жасалатын 
жағдай.Айта  кететін  бір  жағдай,баланың  әлеуметке  бейімделуі,қиын  әрі  күрделі 
процесс.Жылдам не әрдайымғы нәтижеге сенуге болмайды.КИ жасалған балалармен жұмыста 
барлық  мамандар:дефектолог,сурдопедагог,психолог,логопед  мамандар  және  да  ата-
аналардың  біріге  отырып,жүйелі  жұмыстың  арқасында  тиімді  нәтиже  көруге 
болады.Пайдаланылған әдістер мен тәсілдерді шыдамды түрде қайталау қажет.Жаңа әдістерді 
де таңдай білу,тіпті нәтиженің де бірден болмауы не тіпті басқа формада көрінуіне дайын болу 
қажет.Баламен  сөйлесу  –  тілді  дамытудың,ынталандырудың  бір  тәсілі.Түзете-дамыту  және 
білім беру міндеттерінің оңтайлы орындалуы көбінесе естуі бұзылған балаларды оқыту мен 
тәрбиелеуді  ұйымдастырудағы  қолданылатын  формалары  мен  әдістемелік  тәсілдеріне 
байланысты. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет