127
Ерекше оқытуға жалпы мектептерде арнайы психологы, әлеуметтік
мұғалімі,
олигофрено мұғалімі, логопед мамандары жұмыс жасайды. Егер
бала көмекші бағдарламаны
толық игерген болса, оған арнайы куәлік беріледі, ал игермесе, анықтама ғана алады. Егер ата-
анасы баласын арнайы мектеп- интернатқа жібергісі келмесе, жергілікті жалпы мектепте
мүмкіндігі шектеулі баланың мүмкіндігіне қарай, жеңілдетілген бағдарлама бойынша, ерекше
оқытуға міндетті.
Ерекше оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін
мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Ерекше оқыту негізінде балалардың
қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты
қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай
қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткеніндей, қатаң білім беру жүйесінен
балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық
қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Ерекше бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке
жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Ерекше оқыту – барлық
балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға
мүмкіндік береді; оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға
мүмкіндік береді; адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік
береді.
Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму
үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Ерекше бағыт арқылы мүмкіндігі
шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін
қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды
адамгершілікке,
ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: