Of L. N. Gumilyov Eurasian National University педагогика. Психология. ӘЛеуметтану


DOI: https://doi org/10.32523/2616-6895-2021-134-1-26-34



Pdf көрінісі
бет45/371
Дата14.04.2022
өлшемі3,76 Mb.
#31042
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   371
DOI: https://doi org/10.32523/2616-6895-2021-134-1-26-34
 Поступила: 28.05.20 / Допущена к опубликованию: 7.07.20
Кіріспе
Кез-келген  қоғамның  өмірі  әлеуметтік 
бақылау  мен  басқарудың  маңызды  құралы 
болып  табылатын  әлеуметтік  нормалар  мен 
мінез-құлық  үлгілерінің  болуымен  сипат-
талады.  Адамзат  тарихында  қалыптасқан 
нормативті  шарттарға  сәйкес  барлық  мүше-
лері  бірыңғай  әрекет  ететін  қоғам  табу  мүм-
кін  емес.  Орташа  нормадан  оң  немесе  теріс 
бағытта күрт ауытқу қоғамның тұрақтылығын 
бұзады. Соңғы онжылдықтарда біздің еліміз-
де әлеуметтік нормалардың бұзылуы кең етек 
алып, бұл мәселені зерттеу ғалымдардың на-
зарын өзіне аударды. «Девиант» термині кри-
минология, педагогика, медицина, құқықтық 
статистика,  әлеуметтану,  психология  және 
басқа ғылымдарда кең таралған [1].
Ауытқушылық  туралы  шетелдік  зертте-
ушілердің  тұжырымдамалық  тәсілдерінің 
алуан  түрлерін  бірнеше  жетекші  теори-
ялық  бағыттарға  топтастыруға  болады:  био-
логиялық,  психологиялық  және  әлеуметтік 
ғылымдар [2,3].
ХІХ ғасырдың екінші жартысында органи-
калық  әлемде  үстемдік  ететін  және  биологи-
ямен ашылған заңдылықтар арқылы қоғамды, 
әлеуметтік  құбылыстарды  және  қоғамдық 
өмірдегі  өзгерістерді  түсіндіретін  биологи-
ялық  теориялар  дами  бастады.  Ауытқуды 
зерттеуде биологиялық мектептің ең жарқын 
өкілдері С.Лозбросо, Э.Крецчмер, В.Шелдон, 
Т. Прайс.
ХІХ  ғасырда  итальяндық  дәрігер  С.Лом-
бросо  адамның  девиантты  әрекеті  мен  оның 
денесінің  нақты  физиологиялық  құрылы-


27
№ 1(134)/2021
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. 
Серия Педагогика. Психология. Социология
BULLETIN of  L.N. Gumilyov Eurasian National University. Pedagogy. Psychology. Sociology Series
мы  арасындағы  байланысты  анықтады.  Кей-
інірек  әйгілі  американдық  дәрігер  В.Шелдон 
ауытқуға  бейім  адамның  физиологиялық 
типін  анықтады.  Оның  ойынша,  бұл  дене 
құрылымының  келесі  эпитеттері  бар  мезо-
морфты түрі: «ауыр салмақты», «бұлшықетті» 
және «атлетикалық». Сонымен қатар, атақты 
австриялық  дәрігер  -  психиатр,  психолог 
Э.Крецмер  ауытқудың  биологиялық  тұжы-
рымдамасын  ұстана  отырып,  адамның  дене 
құрылымымен  оның  мінез-құлқының  өзара 
байланысы бар деп мәлімдеді [4]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   371




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет