Қоғам дамуының шешуі секторларында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі. Акт стандарттары


Е-технологиялар. Электрондық бизнес. Электрондық оқыту. Электрондық үкімет



бет28/32
Дата07.01.2022
өлшемі135,08 Kb.
#17512
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Е-технологиялар. Электрондық бизнес. Электрондық оқыту. Электрондық үкімет.

E-technologies. Electronic business. E-learning. Electronic goverment

 

 Электронды оқытудың негізі – ақпараттық-коммуникациялық технология (АКТ) негізінде білім беруді ақпараттандыру болып табылады. Бәсекелестікке қабілетті дамыған шет елдердің  білім беру жүйесіне қарағанда, мысалы, Ұлыбританияның Үкімет аясында  «Ұлттық жүйеде білім беру» бағдарламасында 1998 жылы барлық мектептер кең жолақты Интернетке қосылу модемін қолдануға өтті, осы кезде оқушылардың компьютерге байланысының көрсеткіші 5:1 қатынасын көрсеткен. Үкімет мұғалімдерді қайта даярлау және олардың біліктілігін жетілдіруге, оқу бөлмелерінде  үйренудің тікелей жолына, on-line режимінде  оқып-үйренуге қаражат бөлген. «Оn-line режимінде  оқыту бағдарламасы Үкімет оқытушылар мен оқушылар үшін мектепте қажетті сандық білім беру мазмұнына үлкен талаптар мен міндеттер қойған.



 АКТ құралдарын қолдану қызметтері мен компьютерлер арқылы СD, DVD сандық теледидар және порталдарды пайдалануға болады. Барлық материалдар стандарт сапасына нақтылы сәйкес келген. Нәтижесінде 11 мың  сандық мультимедиалық ресурстар қоры құрылды, онда 300 білім беру базасы жасалынған.

            Осындай көптеген алыс және жақын шет елдерде электронды оқыту жүйесін дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасы болып білім беру жүйесіне еніп, жас ұрпаққа беретін білім сапасына оң  ықпалын тигізгендіктен, бұл     е-learning жүйесі қазақстандық білім жүйесіне де еніп жатыр. Осыған байланысты педагог кадрларға  қойылатын талаптар да туындалып отыр. Педагогқа қойылатын жаңа талаптарды мына түрде көрсетуге болады:

         Оқу үдерісіне жаңа ақпараттық технологияны қолданып білу;

         Интернет технологияны қолдану;

         Пән бойынша өзінің жеке электрондық оқулығының болуы;

         Үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын) меңгеру;

         Портфолиомен жұмыс жасау.

 

  “Электрондық үкімет” (e-Government) барлық мемлекеттік органдарды біріктіретін  және оларға Интернет, электрондық терминалдар немесе тіпті мобильдік телефонның көмегімен халыққа және де тек жеке тұлғалараға ғана емес компанияларға да немесе кәсіпкерлерге де қызметтер көрсетуге мүмкіндік беретін жүйе.



Сонымен қатар, соңғы жылдары ІТ-саласының сарапшыларының мәліметінше, Республикада online-төлемдердің белсенді артуы байқалған. Және де, олардың айтарлықтай бөлігі ұялы телефон құрылғыларының көмегімен орындалады. Сарапшылар бұл жағдайды орынды дәне заңды деп біледі. Заманауи адам компьютерлік сауаттылығы ашылған соң, тартымды online-қызметтер мен сервистер ол үшін қолжетімді болады, осылайша ол ортастатистикалық пайдаланушы және интернет-индустрия қолданушысына айналады. Бұл жағдайда мемлекттің міндеті – өтінімдерге сәйкес келу және мемлекеттік қызметтерді ыңғайлы, жедел және сенімді алуға жаңа мүмкіндіктер ұсыну. 

«Төлемлер туралы айтқанда тағы не істеуіміз керек? Мобидьдік төлемдерді ұялы телефон арқылы жүзеге асыру. Бүгінгі таңда бұл электрондық үкіметтің келесі қадамы, бұл біздегі бар зор әлеуетті пайдалануға мүмкіндік береді. 155% бізде ұялы телефондардың енуі бар, яғни қазіргі уақытта бәрінде ұялы телефон бар. Сондықтан, бұл әлеуетті электрондық үкіметтегі төлемдерде пайдаланбау дұрыс емес», - деді ҚР Көлік және коммуникациялар министрі Асқар Жұмағалиев ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сұрақтарына жауап беру барысында. 
Мобильдік қосымшалар – бүгінгі таңда смартфондар мен планшеттерге арналған ыңғайлы бағдарламалар ғана емес, қаншама миллиондаған айналымы бар алпауыт индустрия болып табылады. Бағдарламалық қамтамасыз етуді жасаушыларға тапсырма – ашылатын мүмкіндіктер, ыңғайлылығы, қарапайымдылығы және сенімділігінің бірегейлігі бойынша бәсекелестердің ұсыныстарынан асып түсетін өнім жасау. Сонда бұл жағдай таяу арада өзгеруі тиіс. Отандық программисттер бірнеше перспективалық стартаптарды іске қосты. Ал, «электрондық үкіметтің» мобильдік баламасын қалыптастыру тапсырмасы пайда болғаннан бері бағдарламалық кешен жасауға қызығушылық айтарлықтай артуы мүмкін. 

Барлық құқығы қорғалған primeminister.kz материалдарын жеке мақсаттан басқа, кез келген жағдайда пайдалану кезінде primeminister.kz веб-сайтына гиперсілтеме жасау міндетті.

Рrimeminister.kz материалдарын пайдалану кезінде:

– басылым беттерінде немесе қағаз, таспа және т.б. секілді материал тасығыштардың өзге де түрлерінде пайдаланушы әр кез материалдардың www.primeminister.kz веб-сайтынан алынғанын көрсетіп отыруы міндетті.

– Интернетте немесе электронды түрде пайдаланудың өзге де түрлерінде пайдаланушы әр кез «www.primeminister.kz» веб-сайтының басты бетіне гиперсілтеме беруге міндетті.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет