Қоңыр Мухатаева



бет4/4
Дата27.09.2023
өлшемі28,58 Kb.
#111183
1   2   3   4
Байланысты:
thesis103661 (1)

Жеке кәсіпкерлер баспасы. Бұл баспалардың жұмысты қамту, тақырыптық және мүмкіндік аясы өте кең. Баспалар барлық жұмысқа белсене кіріседі және салалық деген ұғыммен шектелмейді. Елімізде жеке меншік кәсіпкерлердің баспасы ретінде Кітап палатасына 11 баспа тіркелген. Бұл баспалар негізі жарнамалық, қоғамдық брошюралар мен кітапшаларды шығарумен айналысады. Жарнамалық билбордтар мен плакаттарды да басу жеке кәсіпкерлер баспасымен жүзеге асырылады. Мысалы Өскеменнен ИП Казакова С. И. баспасы 36 кітап, Көкшетаудан ИП Устюгова Н.Ф. 18, Талдықорғаннан ИП Дизайн- ОТ- 7, Астанадан ИП Зорин А.А.- 2, Алматыдан Алманар 2 - кітап шығарған.
Газет және журнал редакциялары. Әрбір газет, журнал авторлары мен жазушыларының мақалалары мен еңбектерін жинақтап кітап етіп дайындап басып жатады. Кейде тіпті бір номер, үздік мақалалар немесе сериямен шыққан материалдар мәнділігін жоғалтпас үшін, көпшілікке қолжетімді болу үшін мұрағатта емес, кітап беттеріне басқанды жөн көреді. Мәселен, Егемен Қазақстан газеті «Етжеңді Егемен» кітабын басқан. Әсіресе мерейтойға қарсы осындай шаралар жиі қолданылады. Ал «Деловой мир Астана» газеті өз баспасынан 17 басылымды 50 мың данамен жіберген. Өскеменнен Рудный Алтай 4 кітап шығарған.
Жалпы өз баспасы бар газеттердің саны көп емес, бар болғаны 4 баспа ғана тіркелген екен.
Баспаханалар мен полиграфялық кәсіпорындар шығаратын кітаптар саны-355. Алматыда Print-S, Қарағандыда Арко, Гласир, Павлодарда Дом печати, Қостанайда Костанайский печатный двор, Талдықорғанда Офсет, Оралда Полиграфсервис, Петропавлда Северный Казахстан т.б. көптеген баспаханалар мен полиграфялық кәсіпорындар белсенді кітап шығарушылар болып саналады.
Бүгінде Қазақстан баспаларын осы ретпен 10 топқа жүйелеуге болады. Заманауи баспалардың жұмыс технологиясы да, безендіру немесе редакциялық жұмыстары да бір-бірінен алшақ. Алайда оларды бөліп жіктеу, жүйелеу қиынның-қиыны. Себебі дүниежүзінде күн өткен сайын дамып отырған баспа, баспахан саласының мүмкіндіктері шексіз. Компьютер мен жаңа технологияны пайдалану арқылы түрлі кітаптар басып, оқырманды таң қалдыра алады. Сондықтан белгілі бір қатаң жүйелеу жасалмаған деуге де болады. Біз ұсынып отырған 10 тип уақыт желісіндегі дүние ғана.

Әдебиеттер



  1. Шалгынбаева Ж. История казахстанской книжной культуры ХIХ-1917-1991-2001. - Алматы : Баспалар үйі,2009.-328 с.

  2. Қазақстан Республикасының баспасөзі: статистикалық жинақ - 2015.- Алматы, 2016.-130 б.

  3. Сәрсенбаев М. Кітап тәуелсіздік пен демократия тұғыры. – Алматы: Атамұра, 1998.

  4. Рахимжанова С. Р. Қазақ кітабының тарихы (1945–1960 жж): Монография. – Алматы : ҚР Ұлттық кітапханасы. –2006.

  5. Морозов А. А. Казахстан за годы независимости. – Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2005.

  6. Қазақстан Республикасының кітап жылнамасы -2013.-Алматы, 2014.- 789 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет