Мемлекеттік мекемелердің баспалары. Олардың жалпы саны – 15. 2015 жылғы статистика бойынша, Қазақстан Республикасы статистика агенттігі 13 еңбек, Төтенше жағдайлар министрлігі 2 басылым, ал Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы өз баспасынан 16 баспа өнімін жарыққа шығарды. Қорытындылай келе, осы 12 мемлекеттік ұйымның бірлесіп басқан кітаптарының саны – 99.
Қоғамдық ұйымдардың баспалары, олардың саны -16. Елімізде тұтынушы, адам, мүмкіндігі шектеулі жандар, жастар мен қоршаған ортаны қорғайтын жеке меншік қорлар мен үкіметтік емес ұйымдар саны көбейіп келеді. Әсіресе адам құқын күн тәртібіне қойып, қоғамдағы әділетсіздіктермен күресу үшін заңды түрде тіркеліп, жұмыс істейтін ұйымдар ықпал ету аясын кеңейтіп, халыққа жаппай таныла түсу үшін өз кітапшаларын шығаруға мәжбүр. Осы тіркелген 18 ұйымның басқан кітаптарының жалпы саны – 63 аталым. Соның ішінде «Ел-шежіре» қайырымдылық қоры 6 кітап, Х.Алтай атындағы халықаралық қайырымдылық қоры 3 басылым, Бурабай аудандық мүгедектер қоғамы 10 кітап, Мұнайшы қоғамдық қоры 7 кітап, сонымен бірге Әділ сөз, Жаухар т.б.
Белсенді түрде кітап шығаратын қоғамдық қорлар бар. [2]
Әлбетте, өз баспасының болуы меншік иесі – мекеменің өзіне тиімді, шығынсыз баспа өнімін дайындауына мүмкіндік береді.
Діни ұйымдардың баспалары.Сондай-ақ діни ұйымдардың баспалары бұл ретте өте белсенді. Кітап палатасына тіркелген міндетті даналарды есептемегенде, тіркелмеген, еш жерде тұрақты кеңсесі мен тіркеуі жоқ тікелей ұйымдардың көшеде тарататын миллиондаған данамен шығарылған кітаптарын айтпай кетуге болмас. Бұл кітаптардың таралымы дәстүрлі баспа өнімдерінің алдын орайды.
Мамандандырылған ұйымдардың баспалары. Бүгінгі таңда елімізде 59 мамандандырылған мекеменің баспасы бар. Олар да өз материалдары мен оқу құралдарын басуға бейімделген мысалы, Алаш Тарихи-зерттеу орталығы, Алтын сапа Қазақстан, Олжас кітапханасы, Дүниежүзі қазақтарының Ассоциациясы, Қазақстан ЖОО Ассоциациясы белсенді кітап шығарушылар болып келеді. Бұл баспа саласы 2015 жылы – жалпы көлемі – 329 аталым кітапты дайындап шығарған.