Оқытушы пәнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет6/24
Дата16.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#43392
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Тақырып 2 Өнеркәсіптік қызметтегі аспаптардың типтері және түрлері.

Дәріс жоспары


1. Тұрмыстық аспаптардың түрлері
2. Тағайындалуына қарай жіктеу
3. Эксплуатация жағдайына қарай жіктеу
4. Кіру және шығу параметрлеріне қарай жіктеу

Ғылым мен техниканың түрлі салаларында қолданылатын өлшеу құралдарының түрлері өте көп. Бірақ та бұл құралдардың қолдану саласына қарамастан олардың біраз ортақ жалпы белгілері бар.


Іс жүзінде қолданылатын өлшеу құралдары екінші топқа жатқызылады. Метрологиялық өлшеу құралдары көп емес. Олардың жобалануы, эксплуатациясы, құрылуы арнайы ғылыми-зерттеу орталықтарында жүзеге асады.
Автоматтандыру деңгейі бойынша барлық өлшеу құралдары 3 топқа бөлінеді:
- автоматтандырылмаған;
- автоматтандырылған, автоматты режимде өлшеу үрдісінің немесе бір бөлігін орындайды;
- автоматтандырылған, автоматты режимде өлшеу үрдісінің алынған нәтижелердің өңдеуімен, тіркеумен, алмасу немесе басқару сигналдарын шығарумен байланысты барлық операцияларын орындайды.
Қазіргі кезде автоматты және автоматтандырылған өлшеу құралдары дамуда. Бұл өлшеу құралдарында электронды және микропроцессорлық техниканың қолданулуымен түсіндіріледі.
Стандарттау деңгейі бойынша өлшеу құралдары келесідей жіктеледі:
- стандартталған,мемлекеттік немесе салалық стандартқа сай жасап шығарылған талапқа сай;
- стандартталмаған (сирек), арнайы өлшеу есебін шығаруға арналған, стандарттау талаптарын қоюын мәжбүр етпейтін.
Көпшілік өлшеу құралдары стандартталған. Оларды өндірісті өнеркәсіп сериялы түрде шығарып, міндетті түрде мемлекеттік сынаудан өткізуі тиіс. Стандартталмаған өлшеу құралдары арнайы ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бір экземплярдан жасап шығарады. Олар мемлекеттік сынаулардан өтпейді, олардың сипаттамалары метрологиялық аттестация кезінде анықталады.
Өлшенетін физикалық шамаға байланысты өлшеу құралдары келесідей жіктеледі:
- негізгі- бұл керек физикалық шаманың өлшеу есебінің алынған мәні бойынша өлшеу құралы.;
- қосалқы – бұл физикалық шама өлшеу құралдарының сол шаманың негізгі өлшеу құралына әсер етуін есепке ала отырып, керекті өлшеу дәлдігін алу үшін өлшеу құралы.
Өлшеу кезінде рөл бойынша және орындайтын функция бойынша жіктеу негізгі болып саналады және суретте көрсетілген.



Сурет – Өлшеу кезінде орындайтын функциялар және рөлдері бойынша өлшеу құралдарының жіктелуі

Ұсынылатын әдебиет


1 Управляющие вычислительные машины в АСУ технологическими процессами. / Под ред. Т. Харисона. - М.: Мир, 1975, т1.- 530с.
2 Автоматизация измерений и контроля электрических и неэлектрических величин: Учеб. пособие для вузов. Н.Д. Дубовой и др.; под ред. А.А.Сазонова.- М.: Издательство стандартов, 1987
3 Николайчук О.И. Системы малой автоматизации.- М.: СОЛОН-Пресс, 2003. 256с

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары


1. Сұраққа жауап беру «Өлшеу құралы деген не»
2. Сұраққа жауап беру «Өлшеу түрлендіргіші деген не»
3. Сұраққа жауап беру «Өлшеу қондырғысы деген не»
4. Сұраққа жауап беру «Өлшеуіш аспап деген не»
5. Сұраққа жауап беру «Аналогты өлшеуіш аспап деген не»
6. Сұраққа жауап беру «Санды өлшеуіш аспап деген не»
7. Сұраққа жауап беру «Көрсетпелі өлшеуіш аспап деге не»
8. Сұраққа жауап беру «Тіркемелі өлшеуіш аспап деген не»




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет