Оқытушы пәнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Тақырып 4  Орталықтандырылған және таратылған автоматтандырылған жүйелер



бет8/24
Дата16.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#43392
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
Тақырып 4  Орталықтандырылған және таратылған автоматтандырылған жүйелер

Дәріс жоспары


1. Орталықтандырылған жүйелер
2. Децентрализацияланған жүйелер
3. Таратылған жүйелердің құрылымдық сұлбалары

Кремнийлі транзисторлардың дамуына байланысты және бірнеше транзисторлардың кремнийлі күйтабаққа интеграциясы микроэлектрониканың 1960 жылға қарай қарқынды дамуына жол ашты. Транзисторлардың ендігідей көбін ИС-да біріктіруге болатын болды, бүгінгі микропроцессорлардың негізін алушы монокристал негізінде алғашқы интегралды сұлбалар пайда болды. 1987 жылға дейін үш онжылдық ішінде интеграция дәрежесі 100000 есе көбейді, ал транзисторлы функцияға кететін шығындар саны соғұрлым азайды (сурет).


Бүгінгі күнде миллион транзисторы және одан да көп стандартты элементтер жасап шығарылуда. Соған қарамастан бұл жоғары сапалы сұлбалар өлшемі кішкентай, сенімді, бірақ ең бастысы арзан. Даму әрі қарай жалғасуда, бұл технологияның шектері сұлбаға 10-100 миллион транзистор есебінде. Егер бұрын есептеу мүмкіндіктері алдымен үлкен компьютерлерде, арнайы есептеу орталықтарында шоғырланса, бүгінгі күнде микроэлектрониканың бұл табыстары арқасында интеллектуалды, орталықтандырылмаған жоғары өнімділкті автоматизация құралдары экономикалық жағынан тиімді болып отыр. Олар өздеріне өлшеу, басқару мен реттеу функцияларының процестерін біріктіріп, еркін программаланатын құрылғыларға жатады. Бұл функциялар аппаратты құрылғылар мен бағдарламалық қамтамасыз етуге үлестірілген.
Бірақ та автоматизацияның орталықтандырылмаған құрылғылары бір бірімен байланыста болуы керек. Бұл талапқа ақпаратты, коммуникация және есептеуіш техника салаларындағы өрлеу жауап береді.
Жүз есе көбейтілген өнімділік сол бағасымен:1960 жылдардағы транзисторды функцияға жұмсалған шығындар мен ИС-ың интеграциялау дәрежесін жобалау.
Автоматизация құрылғыларын бірі бірімен және орталық бақылау мен қызмет көрсету орталықтарынмен қосатын коммуникациялы желі пайда болды. Микроэлектроника коммуникационды желілердің іске асыруында аз шығындарға ұшырау үшін монокристалл негізінде арнайы жоғары интегралданған ИС –ны қолданады. Осылайша жүйенің барлық облысына таратыла алатын үлестірілген автоматизация жүйелері орындалуы мүмкін. Компоненттер арасындағы коммуникациямен қатар өндіріс автоматизациясына да үлкен рөл бөлуде. Хабар алмасу техникасындағы әдеттегі жағдай - әркім кез келген адаммен хабарласып, оның жер шарының қай жақта орналасқанына, ол құрылғының қайда жасап шығарылғанына қарамастан бірі бірімен алмасуында. Бұл жағдай автоматизация техникасына да сай болады.
Автоматизацияның компоненттерін бір бірімен біріктіруінің әр түрлі тәсілдері бар, әр автоматизация есебі екіншісіне ұқсамайды. Автоматизация техникасының қолдану саласы электрөткізгіш техникадан басталып жүзбелі дерик-крандарға дейін, приводты техниканың жақын және алыс тасымалынан автомобидьді зауытта технологиялық үрдістің техникалық басқаруына дейін қамтылған. Автоматизация техникасы барлық салаларда қолданылады, мысалға кең байыту өндірісінде немесе сыртқы ортаны қорғауда, тас көмірмен жұмыс жасайтын электростанциялардың түтінің күкірттен тазарту сияқты процестерде автоматизацияның қолдану саласы үлкен рөл атқарады.
Ұсынылатын әдебиет:
1 Управляющие вычислительные машины в АСУ технологическими процессами. / Под ред. Т. Харисона. - М.: Мир, 1975, т1.- 530с.
2 Автоматизация измерений и контроля электрических и неэлектрических величин: Учеб. пособие для вузов. Н.Д. Дубовой и др.; под ред. А.А.Сазонова.- М.: Издательство стандартов, 1987
3 Николайчук О.И. Система малой автоматизации.- М.: СОЛОН-Пресс, 2003. 256с

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары


1. Сұраққа жауап беру «Орталықтандырылған (тармақталған) автоматты жүйе деген не»
2. Сұраққа жауап беру «Орталықтандырылмаған автоматты жүйе деген не»
3. Сұраққа жауап беру «Орталықтандырылған автоматты жүйенің негізгі қандай блоктарын білесіз»
4. Сұраққа жауап беру «Орталықтандырылмаған автоматты жүйенің негізгі қандай блоктарын білесіз»




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет