Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы


Техникалық өндірістің азықтық қалдықтары үлгісін алу



бет7/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,05 Mb.
#51405
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   66
Техникалық өндірістің азықтық қалдықтары үлгісін алу. Үлгіні техиикалық өндірістің сұйық және сулы қалдықтарының (қойыртпақ, сыра сүзгісі, мезга, жаңа сығынды.т.б.) сапасын тексеру үшін партиядан олардың орташа үлгісін шөмішпен не сынама алғышымен әр түрлі терендіктегі 10 литрден (сыра сүзгісі, қойыртпақ үшін су түгел ағып кеткеннен соң) алады. Алынған сынамаларды араластырып, кемінде 10 кг тартатын бастапқы үлгіден 150 г-дай кұрғақ зат алынатындай орташа үлгі алынады. Егер зерттеу жүргізілмесе, үлгіні аузы тығыз жабылатын шыны ыдысқа құйып, хлороформ мен толуол, толуол және ксилол қоспасымен (1 : 1) не тек формалинмен (1 кг азыққа 5 мл) мұқият араластырып консервілейді.
Минералдық азық үлгісін алу. Азықтық монокальцийфосфаттың сапасын тексеру үшін, транспортер лентасынан бірдей уакыт аралығында әр партиядан 25 сынама алады. Қаптағы минералдық азықтың әр партиясының 25 қабынан сынама алғыш сүңгімен 4/3 терендікке сұғып 200 г алады да, Қосып араластырып, қабылданған әдіспен 0,5 кг орташа үлгі алады. Фторсыздалған азықтық фосфаттың үлгісін әр жиырмасыншы, ал басқа сұйықтық фосфаттікі әр елуінші қаптан алынады. Синтетикалық зәрлік (карбамид) үлгісін партиядағы қаптың 1 %, кемінде 10 қаптан алады. Орташа үлгіні полиэтилен қапшыққа не таза құрғақ ыдысқасалады. Ыдысқа өнім аты, сорты мен маркасы, партия нөмірі, стандарт не техникалық шартының белгілері, дайындаушы кәсіпорын аты, іріктелген күні, оны алған кісінің аты-жөні керсетілген этикетка жапсырылады. Қажетті құжаты толтырылған азықтың орташа үлгісін зерттеу орталығына жеткізіп, зерттеледі.

1.2. Азық құрамын зерттеу

Шаруашылықта дайындалған мал азығының орташа үлгісін 1-суретте келтірілген зоотехникалық /биохимиялық / зерттеужобасы бойынша арнайы құрал-жабдықтармен, қондырғылармен, қажетті реактивтермен жабдықталған, зерттеужүргізуге құқы бар зертханада жүргізеді. Студенттер зерттеу әдістерімен оқу-зерттеу зертханасында танысады. Зертханада зерттеу жұмыстарымен айналысқан кездестуденттер қауіпті химиялық қосындылармен, электр тогымен, шыны ыдыспен, т.с.с. күрделі қондырғылармен жұмыс істегендегі қауіпсіздік ережелерін сақтаулары қажет.


Зертханаға жеткізілген азық орташа үлгісінің химиялық құрамы келесі жоба бойынша зерттеледі (1-сурет).



1-сурет. Азық химиялық құрамын зерттеу жобасы
Ескертулер
*Органикалық затқа азықтағы биологиялық пәрменді заттар — дәрумендер, ферменттер, гормондар кіреді.
*Минералды заттағы макроэлементтерге азықтың 1 кг-ғы мөлшері граммен өлшенетін сілті — Са, К, Na, Mq, қышқыл — Р, S, С1; микроэлементтерге мөлшері мг немесемкг өлшенетін Fe, Cu, Mn, Zn, Co, I, Mo, Ni, Seжәне т.б. жатады.
*Амидтерге белоктан тыс азотты қосындылар — жеке амин-кышқылдары, аммоний қосындылары, нитраттар мен нитриттер ж.б. жатады.
*"Шикі" май құрамына май қышқыддарының глицеридтері мен қоса органикалық еріткіште еритін фосфатидтер, глицеридтер, стериндер, балауыздар, пигменттер және т.б. кіреді.
*"Шикі" клетчаткаға целлюлозамен қоса қиын еріп, қиын қорытылатын көмірсулар - катайтқыш қосындылар лигнин, кутин, суберин мен қоса гемицеллюлоза, пектиндер мен пентозандардың қиын қорытылатын бөлігі. ал АЭЗга крахмал және қанттармен коса солардың тез еріп, жеңіл қорытылатын бөлігі жатады.
Зертханаға түскен азыктаң орташа үлгісі арнайы журналға тіркеліп, салмағы өлшенеді де кептіргіш термостатта60-60°С тұрақты салмаққа дейін кептіріледі. Бұл температурада торша аралық алғашқы (бастапқы) ылғал деп аталатын бос суы кеуіп, азық үлгісі ұзақ мерзім өзгермей сақталатын ауалы-құрғақ күйге көшеді. Үлгіні мұқият ұнтақтап, нөмірленген нығыз жабылатын шыны ыдысқа салып сактайды да, жүргізілетін зерттеулерге қажет үлес сынаманыалып отырады.
Арнайы аналитикалық зерттеу әдістерін қолдана отырып, мал азығы құрамында жалпы ылғалын, құрғақ затын, оның ішіндегі органикалық және анорганикалық, яғни минералдықзатын бөледі. Азық кұрғақ затының минералдық бөлігін "шикі", яғни шикізатты, қосындысы бар (таза емес) күл деп атайды. Оның құрамына мал қорегіне маңызды макро- және микроэлементтер кіреді.
Азық орта үлгісінің құрамы бұл жоба бойынша түрлі әдістермен зерттеледі: ылғалдылық - 60-65°С пен 100-105°С кептірумен, "шикі" протеин - Кьельдалъ тәсілімен, "шикі"май Сокслет не Попандопуло тәсілімен, "шикі" клетчатка - Киршнер-Ганек не Геннеберг-Штоман тәсілімен, "шикі" күл — 500-550°С құрғақ күйдірумен, минералды элементтер мен каротин — колориметрлік тәсілдермен, т.б.
Органикалық зат құрамында азотты және азотсыз косындыларды бөледі. Азотты заттарға мал организмінде, негізінен құрылыстық, пластикалық қызмет атқаратын "шикі" протеин, ал азотсыз заттарға — энергетикалық қызмет атқаратын "шикі" май мен көмірсулар жатады. "Шикі" протеин құрылымында азықтағы барлық азотты қосындылар біріктіріледі. Оған "таза" протеин боп есептелінетін көппептидті ақзаттық қосынды белок пен азықтағы басқа да азотты қосындыларды біріктіретін амидтер кіреді. Протеиндегі жиырмаға жуық аминқышқылдарынан бүкіл мал денесі мен өнімінің белоктары түзіледі.
Азотсыз заттарға жататын "шикі" май мен көмірсуларалмасу барысында көмірқышқылы мен суға дейін ыдырап, мал тіршілігі мен өнімділігіне қажетті энергия өндіреді. ІІІикі" майдың, яғни азық липидтері мен липоидтарының, алмасудағы энергетикалық куаттылығы басқа қорытылған қоректік заттардікінен 2,25 есе жоғары болғанымен, мал қорегіндегі негізгі энергия көзінің қызметін өсімдік азықтағы жалпымөлшері анағұрлым басым көмірсулар атқарады.
Өз ретінде олардың қиын қорытылатын "шикі"клетчатка, ал жеңіл қорытылатын бөлігі азотсыз экстрактивті заттар (крахмал мен қанттар) тобына біріктіріледі. Зерттеу барысында олар қышқылдар мен сілтілерде ерігіштігі бойынша бөлінеді.
Азық құрамында бұл энергетикалық деп те аталатын "шикі" протеин (қажетті жағдайда қорытылған протеинаминқышқылдарыда зәрлік пен зәр қышқылына дейін ыдыратылып энергия өндіруге жұмсалады), "шикі" май, "шикі клетчатка мен азотсыз экстрактивті заттар секілді негізгі қоректік заттар тобымен қатар азық кұрамында өздері тікелейэнергия өндірмегенімен, зат алмасу барысында қорытылған қоректік заттардың игерілуіндегі биохимиялық өзгерістерге бағытты ықпал ететін биологиялық пәрменді қосындылардәрумендер, ферменттер, гормондар, т.б. болады. Азықтағыолардың өте аз мөлшері жалпы органикалық зат пайызын өзгертпейді.
Қоректендіру тұрғысынан химиялық құрамын талдағанда, қай азықта болмасын қоректік заттармен қоса оның қоректік қасиетіне кері әсер ететін антиқоректік қосындылары болатынын ескеру қажет. Олардың қатарына түрлі алкалоидтар, глюкозидтер, токсиндер, эфир майлары, сағыздар мен фермент ингибиторлары, кейбір ферменттер, органикалық қышқылдар мен минералды қосындылар кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет