Өмір мектебі. 1 кітап



Pdf көрінісі
бет15/107
Дата21.12.2023
өлшемі5,35 Mb.
#142380
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   107
БОРАНДЫ ТҮНДЕ
Бурыл биені біздің ауылдармен жайлаулас боп отыратын «Өтей-Дəуіш»
аулындағы Құтының Ыбырайы деген бай адам сатып апты. Үйіне əкелген
биені ол сауын биелердің үйіріне қосты да, бурыл құлынды желісіне
байлады.
Бұл да маған медеу сияқтанды. Менің ендігі ермегім— таңертең жылқы
көп бие байланғаннан бастап, кешке бие ағытылғанша Ыбырайдың
желісіндегі құлынды күніне əлденеше рет барып көрем. «Оқуыңа бар» деп
Мұстафа жай да, ұрсып та, ұрып та айтады, мен бармаймын.
Құлын өте сұлу. Бір желіде байланған он бес шақты құлынның бұған
ұқсас біреуі жоқ. Олардың бəрі де бұның қасында есектің қодығына
ұқсайды.
Күн сайын келе бергенімді көріп, Ыбырайдың сауыншылары мені қуды
да, қуғанға кетпейтін болған соң, сабады да. Құтыла алмайтынын көрген
Ыбырай Мұстафаға кеп айтып еді, ол кісі бұ жолы мені жазалаған жоқ.
Несіне жазаласын, білмей жүр ме менің, құлынды шын жақсы көруімді!..
Құлынға баруға құмартқандығым сондай, — мен енді Ыбырайдың
сауыншылары түгіл, ең жаман қорқыныштыдан да қорықпайтын болдым.
«Қорқыныш» дегенім — Жынды қатын. Ол — көршілес «Телпек»
аталатын ауылдағы Қапсытбай дейтін бай адамның қызы. Жас мөлшері сол
кезде отыздарда, адамға залал жасамайтын болған соң, бос жүреді жəне
неге екенін кім білсін, үнемі көлдің, жағасындағы шалғынға тығылып
отырады.
Ол балаларды қууға құмар: ойнап жатқан балалардың қасына қапыда
сып етіп жетіп келеді де, ақырып кеп қалады. Балалар бытырай қашады.
Қашпауға болмайды: үсті-басы далба-дұлба, ұйпаланған шаштарын өрмей,
бос қоя береді, басына орамал жамылмайды, тырнақтарын алмайды, беті-
қолын жумайды, кескіні сатпақ-сатпақ боп жүреді, бақырған дауысының
тұрпайылығы, зəреңді кетіреді... Қуған баланы ол жетсе де ұстамайды,
жете алмаған боп қуа береді де, бала қашан шаршап жығылғанша соңынан
қалмайды. Жығылған баланың үстінен аттайды да, жүре береді... қысқасы,
ертегіде айтылған «албастының» өзі!..
Ыбырайдың желісіндегі бурыл құлынға барып жүргенде, мен осы
Жынды қатынның да қуғанына талай ұшырадым. Ол талай рет мені
болдыртып жығып, үстімнен де аттады... Мен сонда да құлынға бара
бердім. Бір рет «ендігəрі баруды қоямысың» — деп Мұстафа өлердей қып
сабады да... оған да тиылмадым...


Сөйтіп жүргенде қайғылы күн жетті: күз басталды да, Өтей-Дəуіш өз
қыстауына, біз өз қыстауымызға көшетін болдық. Екі қыстаудың арасы —
он бес шақырым. Ендеше қыстауға көшкен соң, бурыл құлынды маған
келер жайлауға дейін көру жоқ.
Не істеу керек?
Көшкелі жатқан Ыбырайдың желісіне барып отырғанымда, оның Райыс
атты інісі салт мініп келді де, мені қамшының астына алды кеп... Етіме ащы
таяқ батқан соң мен қаштым... Райыс мені ауылға əкеп тыққанша Өтей-
Дəуіштің көші жөнеліп те кетті. Бурыл бие де, құлыны да кете барды!..
Мұстафадан көңілім суыған маған жел берушілер де аз болған жоқ. Бұл
жөнде құлағыма сөзді көбірек құятын Нұртаза.
— Жаман шірік неме!— деп ұрсады ол маған көрген сайын. —
Сүйегіңде дəн болмас деп ойлаймын сенің. Жалғыз биеңнен айрылып,
неменесіне отырсың Мұстафаның үйінде? Шық ол үйден! Сенің атыңнан
болысқа арыз жаздырып, апарып берем де, биеңді қайтартам...
Нұртазаның сөздері көңіліме қонады, Мұстафаның үйінен кеткім келеді,
бірақ, тастап кетуге екі адамды қимаймын, бірі — апам Ұлтуған, екіншісі
екіден үшке шыққан кішкене Мəржам.
Əділетін айту керек, — Ұлтуғанды Мүстафаның үйі, əсіресе Сілеусін
жақсы көреді жəне сыйлайды. Ол үйдің тəтті-дəмді асы соның аузында.
Киімді қоңырқай кигізеді, бірақ оған Мұстафа айыпты емес, оның əлсіз
дəулеті айыпты, басқалардай жібек,барқыт сияқты киім əперуге күші жоқ.
Ешкім Ұлтуғанға ұрыспайды, үй ішінде оны еркін ұстайды.
Мұстафа үйінің бұлай қарауына Ұлтуғанның өзі де себепкер. Əке-
шешесі бар қыздардай ол ошаң етіп ешқайда шықпайды, инемен
орындалатын əлдене істі алады да, ұйқыдан басқа уақытта соның соңында
қадалады да отырады. Кейде Сілеусін оған «Ұлжан алтыбақанға
шықсайшы» десе, немесе «пəлен қыздың қасында ойнап отырып келсеңші»
десе, жауап та бермейді, қозғалмайды да.
Оның бұл қылығын əркімдер əртүрлі жориды.
— Жап-жас қалпымен саналысын қарашы! — деседі біреулер,— əке-
шешесі жоқ, туысқан ағалары жоқ, неменесіне жетісіп ойын-сауық
іздесін!.. Соны білгені — адам болатындығы мұның!...
— Оншалық саналы болуға əлі жас емес пе? — деседі екіншілер, —
оның да ойын-сауыққа барғысы келетін шығар. Бірақ не түрімен барады
сонда? Əке-шешесі бар қыздай, ол, қайбір бүлдіршіндей боп киініп жүр.
Жөні бүтін демесең, үстінде жылтыраған бір киімі жоқ, қолында
жылтыраған бір сақина жоқ, қаралы кісідей қарадүрсін киіммен, қыз


басымен көптің көзіне қалай көрінсін!..
— Оның біреуі де емес, — деседі үшіншілер, — сенер кісісі болмаған
соң, іске үйренгелі жүр бұл. Жəне үйреніп те қалды өзі. Көрмеймісіңдер:
ине ұстағанда қолы қолына жұқпайды, тіккен ісіне машинедей жылдам...
қаюлары тізген ұсақ маржандай боп түседі... осыдан түбінде киім
тігіншісінің ең шебері шығады...
Оны қазір де шебер көріп, көйлек-көншегін ауылдың əйелдері үздіксіз
əкеледі де жүреді, бірақ ешкім оған ақы бермейді, берем десе, өзі де
алмайды, Сілеусін де алдырмайды...
Жасым кіші бола тұра, үлкен деп еркелей тұра, ақылшым көре тұра, мен
Ұлтуғанды «əйелге», өзімді «еркекке» санап, оған қамқоршы боп жүрем.
Көлден қоға тартсам сұлу сүйрігің томардан жұмыртқа жинасам əдемісің
қырдан жидек терсем тəттісін соған əкеп берем. Айт-той сияқты бірдеме
болса, одан қолыма ет, бауырсақ, ірімшік, құрт сияқты тамақ ілексе,
əрдайым есімде Ұлтуған боп, өзім жемесем де оған əкелем...
Ол менің де қамқоршым: кір-қоқымды жуатын, киім-кешегімді
бүтіндейтін, қолы жеткен астың дəмдісін жегізетін, əлдилеп ұйықтатып,
əлпештеп оятатын, əрдайым менің қасым мен қабағыма қарап, көңілімді
табуға тырысатын, маған біреу тисе бəйек боп шырылдап жүретін сол!..
Қысқасы, менен аз жас қана үлкен бола тұра, ол мені шешемдей күтеді...
Сондай қамқоршымды тастап, мен Мұстафаның үйінен қалай
кетпекпін!..
Мəржам кім?
Ол — Сілеусіннің сүт кенжесі. Біз Жаманшұбарға көшіп келген жылы
туған оны, менің əкем де, шешем де жанындай жақсы көретін. Ауыр
сырқаттан азап шеккен күндерінде, егер Сілеусін Мəржамды əкеп иіскетсе,
əкем де, шешем де сауықтыратын дəрі иіскеген сияқты сергіп қалатын.
Мəржамның азанмен қойған аты «Мариям» болатын. Ол менің əкемнің
бұрып атауымен «Мəржам» боп кеткен.
— Мəржамым емшектен шықсың — дейтін əкем, — содан кейін өз
қолыма алам...
Шешем де солай дейтін. Апыл-тапыл жүрген соң-ақ, Мəржамның өзі де
біздің үйге қарай икемделе берген...
Əкем мен шешем өлгеннен кейін де Ұлтуған екеуміз Мəржамды
өзімсініп бауырымызға тартып, біздің үйдің баласына санап жүрдік.
Əсіресе мен жақсы көрдім. Оны бұл үйде көбірек ойнататын, біреу тисе
болысатын, 
аузымдағымды 
жырып 
беретің 
қолымнан 
келгенше
ойыншықтар жыятын мен болушы ем. Əдейі соған арнау Достан,


Білипаннан үйрек пен қаздың балапандарын ұстап əкеп ойнатушы ем,
ойыннан бос уақытта көтеріп жүруші ем, Мұстафаның үйінен біреу жақсы
көрсе қызғанушы ем, ол көбінесе менің, қасымда ұйықтаушы еді...
Сондай сүйікті сəби қарындасымды тастап, Мұстафаның үйінен қалай
кетпекпін...
Бірақ, кетуге тура келді. Оған себепкер — Нұртазаның үйі. Оның өзі де,
баласы да, туыстары да ретін тауып, Мұстафаның үйінен шығуға мені
үздіксіз азғырады, сондағы айтары — бурыл биемен, оның құлыны... Бұл
менің ең жан жеріме тиетін сөз...
Нұртаза құлын əңгімесін айтып қана қоймайды, «егер Мұстафадан мал-
мүлік дауласаң, өзге мал-мүлкіңді де əперем, құлыныңды да қайтартам»
деп қызықтырады. Мен өзге сөзге емес, «құлынды қайтарам» дегенге қатты
елеңдеймін... Құлыны мен бурыл бие сатылғаннан кейін жігіт болу, бурыл
жорға ат міну... туралы сөнген қиялым «құлын қайтарылады» деген сөзден
қайта тұтанғандай болады... Бұл үйден кету, кетпеу ойы басымды дал
қылады...
Сондай толқуда жүрген күндердің біреуінде, Мұстафаның үйінен кетудің
себебі табыла қалды. Тетелес өскендіктен, Мұстафаның Ғаббасы мен
арамызда кикілжің бола беретін. Көңілге бұл үйден кету желігі кіргеннен
кейін мен Ғаббасқа тіпті соқтығымпаз болып алдым. Мұстафа оған емес,
маған болысады. Мен үшін оны талай рет сабайды да.
Сөйтіп жүрген күндердің біреуінде, Ғаббасқа менің қисынсыз
соқтыққанымды көрген Мұстафа «қойсайшы!» деп тоқтатпақ болды да,
мен қою орнына үдеп кеткен соң, мə, қоймасаң!» деп шапалақпен жаққа
тартып қалды. Сылтау табылды, мен үйден шыға жөнелдім...
Мезгіл — бұл кезде қыс та. «Доңыз» аталатын атақты жұттың
20 
қысы да
бұл. Елді қатты жұтқа ұшыратқан бұл қыста күні-түні «жынды» аталатын
бір боран ұйтқып соғатын да тұратын. Боранның, қаттылығынан жəне жауа
бораған қардың қалыңдығынан адам көз алдындағысын көрмейтін. Бір
үйден екінші үйге қатынасқан адамдар араға арқан байлап қоятын күндер
болған... Маңайында қоршауы мықты үйлер ғана болмаса, Жаманшұбардың
көп үйін қора-қопсысымен қардың күртігі тып-типыл қып басып кетіп, үй
мен үй қардан қазылған жырақа арқылы əрең қатынасатын, кейбір үйлер
əлденеше күн басқа үйлермен қатынасудан қалатын, үйілген күртікті көтере
алмай, кей үйдің қораларының төбесі ішіне опырыла түсіп, малдарын
шығынға ұшырататын.
Мен Мұстафаның үйінен қашып шықсам, ымырт жабылып қалған кез
екен. Дала — ұйытқи соққан жынды боран!.. Көзге түртсе көрінбейтін
қараңғы...
Қайда бару керек?.. Əрине, Нұртазаның үйіне!


Нұртазаның үйін ойыммен жобалап тарта жөнелдім мен... Мұстафаның
ба, əлде оның ержеткен баласы Қамзаның ба, — біреуінің іздеген айғайы
естіліп еді, бұрылған жоқпын. Боранға сіңіп кеткен мені қайдан табуды
білмегендей, айғайшы адамның, даусы біразға дейін үзілген жоқ...
Өттей қараңғы түн!.. Жан-жағымды орай ұйтқыған боран!.. Демін
ышқына ала соққан сұрапыл жел... Жол бойы ма, əлде соны ма, үйілген
қар!.. Мені жел де əлсін-əлсін үйіріп жыға береді, қар да малтықтырып
жыға береді... Тура келем бе, жоқ па, оны біліп боларлық емес.
Нұртазаның үйі жап-жақын жерде болатың қарға қанша малтықтым
дегенмен, жел қанша бөгеді дегенмен, ол үйге жететін уақытым мана
болған сияқты, бірақ жеткізген үй жоқ...
Боранмен алысып, қарға малтығып мен көп жүрдім... Адасқанымды енді
білдім... Зəрем кете бастады... Кетпегенде қайтсін! Өз ауылымнан бір
шығып кетсем, жан-жағымда көл жағасындағы Аңдамас ауылы біздің
Жаманшұбардан жете қоярлық басқа ауыл жоқ. Ең жақын дейтін — Батпақ
төрт шақырым. Ол ауылға мына жынды боран мені жеткізе ме? Жəне мен
тура тауып бара алам ба оны?.. Бара алмасам, оның аты адасып өлу емес
пе?..
Со жылы Жаманшұбар маңында қасқыр қатты боп тұрған. Тебіндегі
жылқыларды жеп шыдатпауымен қанағаттанбағандай, қасқырлар ауылдың
қораларын іргесінен я төбесінен қазып түсіп, қамаудағы малдарды да жей
бастаған... «Түнде біздің үйдің маңына қасқыр кепті, ізін көрдік» деген
сөзді əркімдер айтатын... «Он бес, жиырмалап өріп жүрген қасқырларды
көрдім» десетін, кейбір жолаушылап келгендер... «Пəлендей жерде
пəлендей жолаушыны қасқыр жеп кетіпті» деген қауесеттер естілетін...
Өзгені былай қойғанда, «қасқырдың құдайы» аталатын, жыл сайын талай
қасқыр соғатын Аткелтірдің өзін, бір жақтан жүйрік қара атымен салт келе
жатқанда, он шақты қасқыр қамап, əрең құтылыпты десетін!..
Осы қасқырларға кездессем ғой, мені жыртып тұрып жейді!.. Не деген
қорқыныш бұл!.. «Қорыққанға қос көрінеді» дегендей, денемді қауіп
кеулегеннен кейін маған азынаған жел қасқырдың ұлуы сияқтанып кетті...
Жан-жағымда қасқырлардың жылтыраған көздері көрінген сияқты болды...
Қорқудан ба, шаршаудан ба, киімім жұқалау болғанмен, ағып терлеп
кеттім!..
Сөйтіп сасқалақтап келе жатқанымда, əлденеменеге қақтығып кеп
құладым... Жан-дəрменде түрегеп, қақтыққанды сипап қарасам, — ағаштан
қиып жасаған үй сияқты!.. Бұл не?!.. Тағы да сипалап қарасам, — зиратқа
ұқсайды... Ия, сол!.. Ағаштан қиылған, төбесі ашық, аласа төрт қабырғалы
зират... Біздің ауылдың зиратында бұндай қиылған ағаш там екі адамның
ғана басында болатың біреуі Итбайдың, бірі Шайқылдың. Шайқыл
тамының алдында аты-жөнін жазған қалың тақтай бар. Тағы да сипалап
көрсем — Шайқылдың зиратты.


Өліктен қорқатындығым сондай: қасымда кісі болмаса, түнде түгіл
күндіз де зиратқа келмейтінмін... Содан ғой деймін, желдің ендігі ызыңы
қасқырдың емес, аруақтардың күңіренуі сияқты болып естіледі!.. Зəрем
ұша бастады. Ұшқанмен амал нешік!.. Мына жынды боранда бұл арадан
жылжысам ауылды қалай таппақпын?!.. Сондықтан Шайқыл тамының
ішіне түнеуге бел байладым...
Биіктігін кісі бойындай ғып қиған ағаш моланың ішіне кіріп отырмын...
Маған енді жел келмейді... Моланы айнала соққан екпініне қарағанда,
боран күшейіп бара жатқан сияқты... Желдің бе, қасқырдың ба,
аруақтардың ба — əлдененің ұлыған үні жер-көкке симай тұрған
сияқтанды...
Адам не қиыншылыққа үйренбейді... Аздан кейік айнала төнген
қауіптердің бəріне етім өлгендей, денем үйрене бастады... Енді менің
алдыма басқа бір қорқыныш кеп төнді, ол — киімімнің жұқалығы. Бір
орында тұрғаннан кейін тер басылды, денем суып, тоңазуға айналдым.
Біраздан кейін жаурап, дірілдей бастадым...
Осы қалпымда үсіп өлер ме едім, қайтер едім егер құлағым əлдебір үнге
елең ете қалмаса!..
Не дыбыс бұл?!.. Қасқырдың да, желдің де дыбысына ұқсамайды...
Өлісінікі болсың тірісінікі болсын — қайсысінікі болса да адам дыбысы!..
Қорқыңқырап аз уақыт құлақ түріп отырғаннан кейін мен бұл дыбысты
өлік дауысына жорыдым. Көңіліме сол қауіп туғанда, еркімнен тысқары
паналап отырған моладан атып шығыппын...
Көзім үйренді ме, əлде расы солай ма, маған боран аздап толастаған,
қараңғылық аздап сұйылған сияқтанды... Əне, қараңдаған биік бірдеме
көрінді, жобасына қарағанда, зиратқа жақын жердегі Аймолда,
Молдахметтің үйлері...
Əлгі естіген даусым құлағымда ызың қаққан соң, дыбыс шыққан жаққа
үрейлене көз тіксем, қорбаңдаған бірдеме бері қарай жылдамдата жылжып
келеді. Қасқыр дейін десем, ұқсамайды, адам дейін десем, оған да
ұқсамайды!..
Моланың ығына жасырыныңқырап тұр ем, қарайған жақын жерден өте
берді. Тани кеттім, Самайке!..
Самайке деген жетім бала. Оның əкесі — Қощығұл: айғыр үйір
жылқысы болған, қора толы қойы болған, ауқатты кісі еді деседі. Əке-
шешесі жасында өліп жетім қалған Самайкенің мал-мүлкін ағайындары
талап алады да, өзін қаңғыртып жібереді. Қаршадайынан қаңғырынды боп
қайыр сұрап өскен Самайкеге, ауыр тұрмыс таңбасын берік қып басқан:
жасы со кезде жиырмаға жақындап қалғанмен, оның бойының биіктігі он
үш, он төрт жасар баладай ғана тап-тапал, денесі жуантықтау боп ескен;


тамағының екі жағы, мойны ағып жүретін сыңысқан без; басы толған
кигіздей қотыр... құлағы саңырау... Мыңқылдап айтатын сөзіне түсіну
қиын... үсті-басы жазы-қысы далба-дұлба боп жүреді... кір-қоңы
жуылмайды... киімдері өрген бит болды... қысты күндері қардың үстінде
жалаң аяқ жортып жүретін күндері болады... əркімдер аяп ас бергенмен,
исіне, битінен жеркеніп оны ешкім үйіне қондырмайды... сондықтан ол
түні бойы үй-үйдің арасында не жортып жүреді, немесе, бір үйдің үйген
шөбінің ішіне кіріп жатып қалады...
Самайкеміз осы!..
Самайке мені абайламай қасымнан ете шыққанда, мен оған дыбыс беріп
ем, қорқып кетті ғой деймін, — «əй!» деп қатты бір дауыстап қалды да, əрі
қарай қаша жөнелді, соңынан қуып жетіп ұстамасам тоқтайтын түрі жоқ.
Жүгіріп барып ұстай алғанымда, ол тағы да бір рет «əй!» деп бақырып қап,
жылап жіберді де, «Самайке, менмін, Сəбитпін!» дегенде ғана бетіме
одырая қарады. Оның маған «Сəбитпісің?» деген сөзі менің құлағыма
«Хəхитпісің?» боп естілді.
— Қайдан зүрсің? — деп сұрады ол.
Оған жөн айтып тұруға уақыт бар ма, «Нұртазанікіне апарып салшы!»
деп өтіндім мен. Ол менің кескініме аз қарап тұрды да, хал-жайымды
ұққандай:
— Зəрəйді, — деп бастай жөнелді.
Самайке үнемі жортып жүреді жəне үнсіз жортпайды, əлденеменені
мыңқылдап, күңірене жортады... Сол дағдысымен ол күңірене жортып
келеді. Мен артынан еріп келем. Сонда менің басымды торлаған ой: «Менің
де Самайке болғаным ба енді?!»
Самайке мені Нұртазаның үйіне тура бастап алып келді де:
— Енді өзің бар, мен итінен қорқам, — деп жүріп кетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет