Өндірістік оқытудағы инновациялық Әдістер



бет7/13
Дата05.04.2022
өлшемі43,31 Kb.
#29934
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
АКТ пайдалану әлемді танудың, сабақта мақсатқа жетудің, ақпарат көзімен жұмыс істеудің, білімалушы мен оқытушының еңбек әрекетін өздігінен ұйымдастыруы, біліктілік арттыруы, білімалушылардың жеке белсенділік аумағын кеңейту тәсілдерінің бірі ретінде қарастырылады. Өндірістік оқыту үдерісінде жаңа технологияларды пайдалану жаңа педагогикалық әдістер мен тәсілдерді дамытуға мүмкіндік береді, мәселені шешудегі білімалушылардың жұмыс стилін өзгертеді, оқыту мотивациясын арттырады, пәнаралық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта білімалушыларда бір ғана білім алудың көзі бола алмайды, бұл өндірістік оқыту шебері де өзінің көзқарасын, әдістемесін өзгертуге итермелейді. Дәстүрлі түсіндірмелі-көрнекілік оқыту әдісінің орнын жеке, өздік, топтық жұмыс формалары алмастырды. Сондықтан да білімалушыларды түрлі оқыту формалары мен әдістерге үйрету маңызды, соның ішінде іздену-зерттеу жұмыстары аса маңызды рөл атқарады. Әдеттегі ақпарат көздері жетімсіз болған жағдайда компьютердің көмегіне жүгіну керек. Сонымен қатар медиа сабақтарды пайдалану да тиімді, көрнекі әрі мазмұнды болып өтеді. Өндірістік оқыту сабақтарында слайдтарды пайдалану дидактикалық материалдарды жиі ауыстыруға, оқу үдерісін белсендіруге, материалды жақсы қабылдауға әрі білімалушылардың мотивациясын тудыруға өз әсерін тигізеді. Қажетті материалдардың жылдам әрі мазмұнды, сызбалар арқылы берілуі олардың қабылдауын жақсартады, зейіндерін шоғырландырады, ойларын жинақтауға, материалды тұтастықта қабылдауға мүмкіндік береді. Ақпараттық технологиялар білімалушылардың өндірістік оқыту шеберімен жеке жұмысын, шығармашылықпен дамытуына мүмкіндік береді.

Проблемалық оқыту оқытуды саналы, белсенді, шығармашылық үдеріске айналдырады. Мәселен, жаңа тақырыпты меңгерткеннен кейін қателердің алдын алу үшін тапсырманы орындау барысында туындауы мүмкін қателіктерді анықтап, олардың пайда болу себептерін айқындап алуға болады. Бұл жұмыстарды «Өзіңді тексер», өзіндік бақылау, т.б. арқылы жүзеге асыруға болады. Сонымен қатар арнайы пәндерді оқытуда, өндірістік оқытуда жазбаша нұсқаулық құжаттары – нұсқау картасы, технологиялық сызбаны пайдалану тиімді. Жазбаша нұсқаулық білімалушының дербес әрекет етуін, өзін-өзі бақылауын, жұмыс сапасын арттырады.

Жеке тұлғаға бағдарланған технология. өндірістік оқыту сабақтарындағы тиімді тәсілдердің бірі ретінде «өзің істе»-«өзгеге көмектес» ұстанымын айтуға болады. Әрбір білімалушы жеке тұлға, өзінің ақыл-ойы, қабылдауы, есте сақтауы, т.б. бар. Сондықтан да білімалушының әлеуетін ескере отырып, жеке жұмыс істеу қажеттілігі туындайды.

Интербелсенді оқыту (топтық оқыту) мұнда шағын топтарда жұмыс істейді, орындаған тапсырмаларын өзара тексереді, тексеріп, баға қойғаннан кейін оған пікір айтады, соңында топтық қорғауға шығады. Шағын топтарда жұмыс істеуде коммуникативтік дағдыларды қалыптастырады. Басты мақсат - түсіндіру, жеткізу емес, бірлесе отырып мәселенің шешімін іздеу. Мұндай сабақ құрылымы бойынша нақты болуы керек, мазмұнды әрі тұжырымды болуы керек.

Интербелсенді әдіс кезінде:

— сабақ үстінде білімалушылар мен өндірістік оқыту шеберлері арасында тығыз қарым-қатынас орнайды;

— ондай қарым-қатынас білімалушылар әлдебір мәселені талқылап, соның шешімін табуға тырысқан кезде қалыптасады;

Онда білім алушылардың жауабынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды болады. Себебі интербелсенді оқытудың басты мақсатының өзі сол-білімалушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету. Интербелсенді әдістеме өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды. Интербелсенді әдістің ерекшелігі — білім алушы өзгелермен араласу барысында ашыла түседі, көбірек оқып, тәжірибе жинай білуі керек. Тәжірибе интелектуалдық тәуелсіздіктің негізі болып табылады және барлық өркениетті азаматтың қажетті құралы десекте болады. Интербелсенді әдістеме білім алушылардың мынадай мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді:


  • олар мол мағлұмат алып, өздері айтқан пікірге логикалық түсініктеме беруге жол ашады;

  • өз пікірлерін терең ойланып, айта алатын болады;

  • мәселені талқылаған кезде бұған дейін алған, тәжірибеде жинақтаған білім қорын пайдалана алады;

  • бір-бірінен жаңа мағұлматтар ала отырып, білімін толықтыра алады;

  • шындыққа көз жетуі үшін дәлел іздеп, ойын анықтап көрсете алады.

Интербелсенді әдісте таным қабілеттерінің мынадай түрлері қолданылады:

1) фактілерді еске алу;

2) ойлану;

3) алған білімін жаңа жағдайға пайдалану;

4) талдап, синтездеп үйрену (бір ортақ шешімге жету үшін, барлық идеяларды біріктіру);

5) баға беру (сапасын анықтау). схема

Бұл әдіс осылай жастарды жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына жол ашады. Бұл ретте ең алдымен оқытудың формалары мен түрлерін, әдістерін түрлендіріп, жаңартып отыру, білім беру ісін технологияландыру (озық техникаларды, мысалы: ғаламторды, интерактивті тақтаны электронды оқулықтарды т.б. пайдалану) керек. Ең бастысы білім алушыларды оқу әрекетінің субьектісі ретінде дамуын қамтамасыз ету керек. Олардың оқу әрекеттерін ынталандыруда барлығының көзқарастарына көңіл бөлу керек, пікірлеріне шынайы қызығушылық танытып, келісуі оларды белгілі бір шешім қабылдауға мәжбүрлемеу, пікірлерін сынауға, жоққа шығаруға, кемсітуге жол бермеу керек. Интерактивті әдіс кезінде мыналар ескерілуі керек:

—     тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы керек;

—     тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау керек;

—     оған өзіндік даралығын көрсетуге мүмкіндік жасау керек;

—     педагогикалық қолдау көрсету.

Интербелсенді оқыту-бұл ең алдымен білім алушы мен өндірістік оқыту шбереінің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады.

Интербелсенді оқыту-бұл танымдық әрекеттің арнайы ұйымдастыру формасы.

Оқытудың интербелсенді әдістерінің артықшылығы:



  • тұлғаның қызығушылығын туғызады;

  • әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;

  • әрбір тұлғаның сезіміне назар аударады;

  • оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;

  • тұлғаға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;

  • тұлғаның пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;

  • мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.

Интербелсенді (интерактивті) оқыту кезінде білімалушының істі ұйымдастыра білу қабілеті де көрінеді. Интербелсенді әдістермен сабақ өткізу кезінде өндірістік оқыту шебері тек кеңесші, серіктес ролін атқарады. Өндірістік оқыту шебері жаңа біліммен бірге білімалушыларды өз беттерінше ізденуге жетелейді.

Интерактивті әдіс әр адамды білім алудың барлық кезеңдерінде белсенді жағдайға қояды, білім алу үрдісін мәнді етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет