Өндірістік орта және еңбек процесі факторларының зияндылық және қауіптілік дәрежесі бойынша еңбек жағдайының кластары


ӨНДІРІСТІК ОРТА МЕН ЕҢБЕК УРДІСІНІҢ ФАКТОРЛАРЫН БАҒАЛАУ



бет3/7
Дата12.04.2023
өлшемі55,75 Kb.
#81730
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7

ӨНДІРІСТІК ОРТА МЕН ЕҢБЕК УРДІСІНІҢ ФАКТОРЛАРЫН БАҒАЛАУ


Ата заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы енбек қауіпсіздігі мен еңбек гигиенасының талаптарына жауап беретін еңбек жағдайларына құқылы. Еңбек іс-әрекеті (қызметі) үрдісінде қызметкерлердің денсаулығын сақтау жағынан мемлекеттің қамқорлығы, оларға қолайлы, қауіпсіз және зиянсыз еңбек жағдайларын жасаудағы оның жүргізіп отырған саясатында айқын көрінісін тапты Қазақстан Республикасының 2004 ж. 28 ақпандағы №528- - ІІ "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы" (№125-111 2006 ж. 31 кантардагы өзгертулермен және толықтырулармен)(бұдан әрі - Заң), "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңдары қабылданды, Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдары енбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етудегі Бағдарламасы әзірленіп қабылданды. Бұдан келіп шығатыны, меншік түрі мен ұйым қызметінің түріне қарамастан әрбір жұмыс берушінің міндеті қызметкерге қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету болып табылады.
Еңбек қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясаттын басты бағыттарының жүзеге асырылуына негізгі бақылау жургізу уәкілетті органға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жуктелген. Уәкілетті органның өз құрамында арнайы қызметі Мемлекеттік енбек инспекциясы және оның аумақтық бөлімшелері бар. Басқа да мемлекеттік органдардың құрамында санитарлық гигиеналық, өнеркәсіптік, ерт, экологиялық және өзге қауіпсіздік түрлерінің ахуалын мемлекеттік бақылау мен қазағалау жүктелген тиісті бақылаушы және қадағалаушы органдары бар. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыт-бағдарлары Заңмен көзделген. Осыған байланысты, әрбір қызметкер өндірістік жарақаттануға, кәсіби ауруға және жұмыс қабілетін төмендетуге әкеп соқтыруы мүмкін зиянды немесе қауіпті өндірістік факторлардың әсерлерінен қорғалған жұмыс орнына: жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етілуге;еңбек міндеттерін қауіпсіз атқару үшін қажетті жарақат алу қаупі жоқ жабдыққа және кәсіби даярлыққа, жұмыс берушінің мемлекет және қоғам алдындағы құқықтық міндеті мен өзінін денсаулығына не өміріне қатер төндіретін жағдай туындаған кезде жұмысты орындаудан бас тартуға құқылы. Заңмен көзделген әрі нұсқалып отырған мақсат ретінде қызметкерлер өкілдерінің қатысуымен, өндірістік оъектілерді еңбек жағдайлары бойынша мезгіл- мезгіл, кемінде бес жылда бір рет, сондай-ақ қайта құрудан, жаңғыртудан етіп, жаңа техника немесе технология орнатқаннан кейін жұмыс берушінің есебінен жүргізілуге тиісті міндетті аттестаттаудан өткізу танылады
Аттестаттау
Аттестаттау Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 3 қарашадағы №251-ө бұйрығымен бекітілген "Өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өткізу ережесінің" талаптарына сәйкес жүргізіледі. Заннын "Жалпы ережелер" атаулы 1-бабының 1-тармақшасына сәйкес өндірістік нысандарды енбек жағдайлары бойынша аттестаттау - өндірістік нысандарды, цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарынын, оларда аткарылатын жұмыстардың қауіпсіздігін, зияндылығын, ауырлығын, қауірттілігін, енбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек жағдайлары нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатымен бағалау жөніндегі қызметті білдіреді. "Өндірістік нысандарға" Ережеде өнім шығарумен әрі дайындаумен, пайдалы қазбаларды әзірлеумен, өндірумен бірге және қайта өндеумен, құрылыспен және ендірістік кызметтің басқа да түрлерімен айналысатын цехтар, учаскелер және ұйымнын жеке тұрған өзге де өндірістік бөлімшелері деген аныктама беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет