Өндірістік орта және еңбек процесі факторларының зияндылық және қауіптілік дәрежесі бойынша еңбек жағдайының кластары



бет2/7
Дата12.04.2023
өлшемі55,75 Kb.
#81730
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
14 касиби аурулар

Өнеркәсіптік ортада жұмысшы
Өнеркәсіптік ортада жұмысшының денсаулығы мен өміріне тиетін қауіпті көздері көп болады. Олар: кеңсе және бұйымдар, технологиялық, энергетикалық, көтеру көлік және басқа да қондырғылар, көлік, бөлшектер және басқада материалдық объектілер. Өндірістік ортадағы бір элемент бірнеше қауіпті тудыруы мүмкін, мысалы: шу, вибрация, кеңістік сферасының ластануы және тағы басқалар. Осындай өзгерілетін қауіптерді техногендік деп атайды. Техногенді қауіптер потенциалды және реалды болып екіге бөлінеді. Потенциалды қауіп дегеніміз қызметкер денсаулығына жасырын (потенциалды) факторлармен әсер етуін айтамыз. Реалды қауіп деп қазіргі уақытта немесе белгілі бір уақыт ішінде қызметкер денсаулығына кері әсер ететін факторларды айтамыз.
Потенциалды және реалды дәрежесі бойынша қауіптілік объектілері мен техникалық жүйелерді келесі топтарға бөлуге болады:

  1. Атомдық реакторлар;

  2. Энергетикалық объектілер;

  3. Ракетті-космостық кешендер;

  4. Мұнай-газ кешендері;

  5. Қауіпті заттардың артық мөлшері көп химиялық және биотехнологиялық кешендер;

  6. Өндірістік қондырғылар және тасымал бұйымдары;

  7. Металлургиялық кешендер;

  8. Тасымалдау кешендерінің объектілері (жердегі, судағы, су асты және кеңістік); Магистралды газ құбырлары, мұнай құбырлары;

  9. Инженерлік құралдар (көпірлер, тоспалар, галереялар және стадиондар); Азаматтық құрылыс және өнеркәсіптік ірі объектілер;

  10. Байланыс, басқару және хабарлау жүйелері.


Өндірістік қондырғы құрылымының қауіпсіздігі

  • Іс-әрекеттің қауіпсіз принциптерін таңдау, оптималды құрылымдық шешім таңдау, энергия көздері мен энергия тасымалдағыштардың сипаттамасын таңдау, жұмыс үдерісінің параметрін таңдау, сонымен қатар басқару жүйелері мен оның элементтерін таңдау;

  • Қолданылатын және жиналатын энергияны минимизациялау;

  • Жиынтықтаушы бұйымдар мен құрылыстырмалар жасап шығаруға арналған, сондай-ақ іске пайдалану кезінде қолданылатын материалдар таңдау;

  • Оптималды технологиялық үдерістер таңдау;

  • Конструкцияға кірістірілген жұмыс істеушілерді қорғау құралдарын, сондай-ақ 76 қауіпті жағдаяттардың туындағаны туралы ескертетін ақпарат құралдарын қолдану.

  • Құрылым мен оның элементтерінің сенімділігі;

  • Механизация, автоматизация және дистанциялы басқару мен бақылау құралдарын қолдану;

  • Құрылымға кірмейтін қорғану қондырғыларын қолдану;

  • Эргономикалық талаптарды орындау;

  • Қызметкерлердің физикалық және жүйке-психикалық күштемесін шектеу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет