Операциялыќ жїйемен жўмыс жасап їйрену



бет3/10
Дата06.01.2022
өлшемі228,5 Kb.
#11649
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Операциялық жүйе – адам мен ЭЕМ аппараттық құралдарының арасындағы байланысты ұйымдастыратын бағдарлама немесе бiрiктiрiлген бағдарлама тобы. Оның құрамына өз командалары және драйверлер – сыртқы құрылғыларды басқару бағдарламалары, утилиттер – жұмысты жеңiлдететiн бағдарламалар және т.б. кiредi.

ОЖ-ң атқаратын жұмысын үш топқа бөлуге болады:



  • мәлiметтердi енгiзу-шығарудың барлық түрлерiн ұйымдастыру;

  • ЭЕМ сыртқы ортамен байланыстыру;

  • Мәлiметтердi сақтау мен өндеу жұмыстарын атқару.

Компьютерлердiң әртүрлi моделдерiнде қолданылатын ОЖ-ң мүмкiндiктерi де әр қалай бола бередi. Ең көп тараған ОЖ түрлерiне MS DOS және де соңғы кезде кеңiнен қолданыла бастаған көп терезелi операциялық жүйелер - WINDOS бағдарламалары жатады.

MS DOS жүйесi 1981 жылы пайда болып, компьютерлерге орналастырылды.

ЭЕМ-де бағдарламалар мен мәлiметтердi сақтаушы рөлiн магниттiк дискiдегi жинақтауыштар (МДЖ) атқарады. Дискiлердi латын алфавитiнiң алғашқы бас әрiптерiмен А:, В:, С:, D: және т.с.с. болып белгiленедi.

Компьютерлердiң көбiнде иiлгiш магниттiк дискi екеу болады, олар А: және В:, ал қатты дискiдегi жинақтауыштар бiр немесе бiрнеше болады бола бередi, олар С:, D:, Е: және т.с.с. түрлерiнде белгiленедi.

ЭЕМ iске қосылқанда ОЖ көбiнесе С: қатты дискiсiнен немесе А: иiлгiш дискiсiнен оқылып жедел жадқа жүктеледi де, экранға ОЖ қызмет атқаруға дайын екендiгiн бiлдiретiн A:\> немесе C:\>.

A:\> - бұл А: дискiсiнiң жұмыс iстеуге дайындығын көрсетедi. Егер компьютер iске қосылғанда А: дискiжетек ұясына дискет салынбаса, онда ЭЕМ автоматты түрде С: дискiсiнен оқиды.

С:\> - С: дискiсiнiң жұмыс iстеп тұрғанын көрсетедi.

ОЖ ЭЕМ жедел жадына дұрыс жүктелген соң, экранға С:\> немесе A:\> сияқты команда енгiзу жолдары шығады.

Мәтiндер мен бағдарламалардан тұратын мәлiметтер тұрақты күйде дискiдегi файлдарда сақталады. Файл – белгiлi бiр атпен магниттiк дискiде жазылған бiртектес ақпараттар жиыны. ОЖ жұмысы үшiн керектi мәлiметтер рөлiн әртүлi типтегi файлдар атқарады. Файл бағдарламадан, не оларқа қажеттi берiлген сандар тобынан, мәтiннен түруы мүмкiн. Әрбiр файлдың файлдар каталогында тiркелген үзiндiк аты болуы керек. Дискiде аттары әртүрлi көптеген файлдар болады. Файлдың толық атауы екi бөлiктен құралады: аты және заты (түрi не типi). Файлдың аты – 8 таңбаға дейiнгi әрiптен басталатын сандар мен әрiптер жиыны, ал оның 3 таңбадан аспайтын екiншi бөлiгi оның заты, типi не атының кеңейтiлуi деп те атайды. Файлдың аты мен заты нүктемен бөлiнедi.

Файлдың толық аты латынның бас не кiшi әрiптерiмен белгiленедi. Мыс: red.bas, tot.txt, COMMAND.COM, BASIC.EXE.

Файлды дискiге жазғанда не өзгерткенде, оның көлемi, жазылған уақыты, мерзiмi де тiркеледi. Файлдың аты, типi, символмен берiлген көлемi, операциялық жүйенiң календары мен сағатынан жазылған күнi, айы, сағаты файлдың атрибуттары деп аталады.

Кейбiр командаларды орындау кезiнде файлдардың атын толық көрсетпеуге болады, бұл жағдайда ОЖ файлдар тобын iздейдi.

Кейде файлдардың бiреуiн ғана емес, қатар орналасқан бiрнешеуiн топтауға тура келедi. Мұны файлдың атына шаблондарды немесе нұсқаларды, яғни * және ? белгiлерiн қою арқылы iстеуге болады.

* - файлдың атындағы осы таңбадан бастап кез-келген сөз тiркестерiн орналастыруға болатынын бiлдiредi.

? – файлдың атындағы болуы мүмкiн кез келген таңбаны немесе оның болмауын да көрсетедi. Мысалы: AL*.* - аты KOL әрiптерiнен басталатын барлық файлдар тобын көрсетедi (alma.txt, alia.doc, alan.bac);

*.TXT – типi не заты EXE болып келген бар файлдар тобын көрсетедi (alma.exe, talon.exe,beta.exe);

*.* - жұмыс iстеп отырған ағымдағы каталогтағы барлық файлдарды топтап белгiлейдi;

* - типi көрсетiлмеген файлдар тобын көрсетедi (alia);

????.BAS – типi BAS болып келген аты бiр, екi, үш және төрт таңбадан тұратын файлдар тобын көрсетедi (alis.bas, osa.bas, tor.bas);

A??.* - аты А таңбасынан тұратын және А әрпiнен басталып үш таңбадан тұратын заты кез-келген сөз болатын файлдар тобын көрсетедi (a.txt, ag.com, asa.dos).

Дискiде сақталатын файлдар өте көп болады, олар бiрнеше мыңдаған сандарға жетедi. Мұндай ақпараттармен жұмыс iстейтiн адам қандай ақпарат қай жерде орналасқанын және ол файлдардың аттарын есте сақтауы керек.

Файлды дискiде iздеудi жеңiлдету үшiн арнайы тiркеген ыңғайлы. Ол үшiн каталог ұғымы қолданылады. Каталог – белгiлi бiр ортақ қасиеттерiне қарай магниттiк дискiде орналастырылған файлдар тобына қойылған атау. Әрбiр каталогтың өзiндiк белгiлi бiр аты бар. Егер каталогта файл аты жазылса, файл сол каталогта орналасқан деп атайды. Әр каталогта көп файл жазыла бередi.

Бiр каталогқа аттары бiрдей екi файлды орналастыруға болмайды. Оның соңғысы жазыларда алдыңғысы бiрден жойылып кетедi, бiрақ аттас файлдар әртүрлi каталогтарда орналаса бередi. Бiр каталог екiншi бiр каталогтың iшiне орналаса бередi, мұндайда ол бағынышты атанып, сатылы түрде бұл каталогқа басқа бiр каталог бағынышты болып орналаса беруi мүмкiн. Осындай бiрiнiң iшiне бiрi орналасқан каталогтар бұтақ тәрiздi көп сатылы (иерархиялы) файлдар жүйесiн құрайды.

Дискiде мiндеттi түрде түпкi немесе 1-деңгейдегi каталог болуы тиiс. Оған файлдар, 2-деңгейдегi каталогтар, ал оның iшiне 3-деңгейдегi каталогы, т.с.с. орналасуы мүмкiн. Бағынышты каталогтар тiзбегi “\” таңбасымен бөлiнiп жазылады. Мыс:

C:\GRUP> - мұндағы GRUP 1-шi деңгейдегi каталог

C:\GRUP\PO> - мұндағы PO 2-шi деңгейдегi каталог

Файлдар бұтақ тәрiздi күрделi түрде құрылса, онда оның тек өз атын ғана емес, сонымен қатар тұрған орнын, басты каталогын, оның деңгейлерiн көрсету керек. Мұндай файлдың нақты тұрғанын көрсететiн каталогтар тiзбегiн – маршрут не жол деп атайды. Файл толық түрде мынадай элементтермен белгiленедi:


  • дискiнiң аты, ол бiрақ кейде көрсетiлмей де кетедi;

  • бiрiнiң iшiне бiрi кiретiн каталогтар тiзбегiнiң аттарынан тұратын маршрут;

  • тiзбектi аяқтайтын файлдың өз аты.

Файлдың маршрутын немесе адресiн толық көрсету үшiн дискiнiң атын, каталог аттарының тiзбегiн, ең соңында файлдың атын және типiн толық көрсету қажет. Жалпы ереже бойынша файлдың толық аты мынадай болады:

[дискiнiң аты:\] [маршрут\] файлдың аты[.типi]


Әрбiр iс-әрекет орындалған сайын экранға ЭЕМ-нiң келесi команданы орындауға дайын екендiгiн көрсететiн шақыру тiзбегi автоматты түрде экранға шығып отырады. Егер маршрут С: таңбаларынан басталса, файл орны осы дискiнiң түпкi каталогынан есептеледi, диск көрсетiлмесе, файл орны ақымдағы каталогтан бастап есептеледi.

Кейбiр үш әрiп тiркестерiнен тұратын аттар стандартты құрылғылардың аттары болып келедi. Олардың файлдың аттары немесе заттары ретiнде пайдалануға болмайды. Мыс:

PRN- негiзгi бастапқы беру құрылғысы, 1-шi принтер;

LPT2 – қосымша 2-шi принтер;

CON- консоль, яғни берiлген мәндердi енгiзетiн болсақ, пернелiк экранға шақыратын болсақ – дисплей;

AUX – негiзгi коммуникалық канал;

NUL – бағдарламаны қалыптастыру, жетiлдiру және орындау мақсатында қолданылатын жалған құрылғы.

Файл атына тiркелiп тұратын оның заты немесе типi онда сақталатын информацияның тегiне, мазмұнына, түрiне қарап берiледi.

Стандартты типтер:

.BAS – BASIC тiлiнде жазылған бағдарлама түрiндегi файл;

.COM – тәууелсiз орындалатын командалық файл;

.EXE – ОЖ жұмыс басқаруымен жұмыс iстейтiн, бiрден орындалатын файл;

.PAS – Паскаль тiлiнде жазылған бағдарламалық файл;

.TXT – текстiк файл.

MS DOS операциялық жүйесi дискеттiң немесе С: дискiсiнiң түпкi каталогында файлдар түрiнде орналасады да, мынадай бөлiктерден тұрады.

- BIOS модулi – компьютердiң тұрақты жадында жазылған мәлiметтi енгiзу-шығарудың негiзгi жүйесi. Бұл модуль компьютер шыққан заводта жазылып, өшiрiлмей тұрақты сақталады. Ол ЭЕМ iске қосылған сәтте құрылғылардың жұмыс iстейтiнiн немесе iстемейтiнiн тексерiп, ОЖ-нiң мәлiмет енгiзу-шығаруға байланысты атқарылатын қарапайым жұмыстарын атқарады;

- Операциялық жүйенiң жүктеуiшi - бұл кiшкентай ғана программа операциялық жүйенiң компьютердiң жедел жадында тұрақты сақталатын қалған модульдерiн файлдардан (IO.SYS, MSDOS.SYS,) оқуды қамтамасыз етедi.

- IO.SYS файлы сыртқы құрылғылармен (пернелiк тақта, дисплей, принтер,) информация алмасудың барлық түрiн атқарады;

- MSDOS.SYS – файлы жалпы файлдар ашу iсiн және де ЭЕМ жедел жадын басқарады, оған әрқашанда жедел жадта қанша бос орын бар екенi белгiлi болады;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет