АЛҒЫ СӨЗ
Өткен ғасырдың бiрiншi жартысы, Кеңес үкiметi орнағаннан
кейiн (20-50 ж-да) халқымызға келген нәубет жылдары болды.
Әсiресе 20-жылдардың соңында, 30-жылдардың басында байларды
әшекерлеп, мал-мүлiктерiн тәркiлеу, жер аудару, ерiксiз
ұжымдастыру науқандарының бiр-бiрiмен қарбалас жүрiп жатқан
кездерi болатын. Бай мен кедейдi екшеу, оларды ажырату бiрден
басталып, жедел қолға алынады. 1928 жылдың ауыртпалығы
жергiлiктi халыққа-қазақтарға түскен. Ол жөнiндегi алғашқы құжат
Орталық Атқару Комитетi мен Қазақ Автономиялы Республикасы
Халық Комиссарлар Кеңесiнiң 1928 жылғы 27 тамыз айындағы
қаулысы болды. Онда жергiлiктi бай-құлақтарға шаруашылықпен
айналысуға тиым салынсын, iрi байлар өзiнiң жанұясымен басқа
жерге ерiксiз көшiрiлетiн болсын, ал тәркiленген мал-мүлiк
кедейлерге, ұжымшарларға бөлiнiп берiлсiн делiнген.
Алғашқы тексерiс бойынша Петропавл округiнде ең iрi 33
байлар анықталған, олар мал-мүлiктерiнен айрылғаннан кейiн жер
аудару тiзiмiне алғаш iлiгедi. Облыстық мұрағат (архив) деректерiне
қарағанда тәркiленген малдың саны 9292 бас болып шыққан, онда
жылқы, сиыр, қой, түйе есепке енген. Оған қоса 41 үй, 37 кигiз үй,
38 сарай, 33 мал қорасы, 119 ауылшаруашылығы құралдары, 125
арба мен шана, 79 кiлем, 86 сырмақ кигiз, күмiс қасықтар т.б.
дүниелер алынған.
(СҚОММ 5 ф. 1т. 8i. 61 п., яғни бұл Солтүстiк Қазақстан облысы
мемлекеттiк мұрағат, 5-фонд, 1-тiзбе, 8-iс, 61-парақ деген сөз).
Туған, өскен жерiнен ерiксiз көшiрiлiп, жер аударылған
қандастарымыздың саны бiзге шеттен жер аударылып келген басқа
ұлттардың санымен пара пар болған. Бұл жаңа үкiметтiң ұлттарды
бiр-бiрiне араластыру, жаңа системаға бағындырудың алғашқы
саясаттарының бiрi болатын.
Жер аудару жөнiнде бiр мысал келтiрейiк. Облыстық партия
хатшылығының шешiмi бойынша Қызыл-Ордаға (Аралға)
алғашында 24 жанұя тiркелген, ендi оған 9 жанұяны қосу
ұйғарылады. Бұл жолғы жер аударылғандардың барлық саны 33
жанұяға жеткен. Сөйтiп жер аудару жөнiнде партия ұйымы да қарап
қалмаған екен.
(СҚОММ, 5ф. 1т. 155 iс. 77п.)
.
1930 жылы бай-құлақтарды қуғындаудың екiншi толқыны
басталады. Бұл жылдары Петропавл округi бойынша 22 аудан
болыпты. Бай-құлақтардың алғашында 5182 шаруашылықтары
болған екен. Олардың көпшiлiгi егiн және мал шаруашылықтарымен
айналысқан. Оның 3452-сi таратылып, адамдары қуғынға ұшыраған,
жер аударылған, бiразы өз еркiмен шет елдерге көшiп кеткен.
(СҚОММ
5ф. 1т. 753 iс. 120п.).
Дәл осы 30-жылдары саясаттың солақайлығынан халық
аштыққа iлiктi, қырылды.
Сол ғасырдың 30-40 жылдары жер аудару жеке адамдарға
немесе жеке топтарға ғана тән емес, бiртұтас ұлттар да елiнен,
жерiнен аударылып, зорлықпен Одақтың түпкiр-түпкiрiне
көшiрiледi. Әсiресе, бұл науқан 30-жылдардың аяғында, 40-
жылдардың басында (соғыс басталғасын) қыза түстi. Сол кездердегi
адамдарды жазалаудың ең ауыры – ату, 10-25 жылға соттау. Бұл
«
халық жаулары» деп айыпталғандардың жазасы. Одан соңғы
жазалау жер аудару, еңбекпен түзеу лагерлерi, сыммен қоршалған
колониялар. Осы мекемелердегi тегiн күштi пайдалану үкiметтiң
саясаты болған.
Сайып келгенде, қазақтың кең байтақ даласы сол кездерi
жазықты, жазықсыз сотталғандардың,ерiксiз жер аударылғандардың
қонысына айналды. Бүкiл Орталық Қазақстанның Сары Арқасы –
Қарағанды, Жезқазған, Ақмола, Павлодар облыстары, Батыстың
Ақтөбе облысы, Оңтүстiктiң Қызыл-Орда облысының Арал теңiзi
т.б. түрме мен лагерлерге толы болды. Мысалы Қарлаг (Қарағанды
лагерi) Одақтық мемлекеттiк органы ГУЛАГ-тың бөлiмшесi (яғни
мемлекеттiк лагерлер басқармасының бөлiмшесi). Ресейдiң батыс,
шығыс Сiбiр қалалары, солтүстiгiндегi Беломор-Балтық каналы,
Колыма төңiрегi қазақтардың да басқан, қиаметтi көрген жерлерi.
Отызыншы жылдардың екiншi жартысы «халық жауларына»
қарсы сталиндiк репрессияның күшейiп, өзiнiң жоғары шегiне
жеткен кезi болды. Бәрiнен күдiктену, дәлелсiз кiнәлау, асығыс
шешiм қабылдау, айдар жапсыру, көпшiлiк алдында аямай жөнсiз,
әшекерлеу сол кездегi шолақ белсендiлердiң iс-әрекетi, партияның
темiр саясаты едi. Олар жала жабудың, түрмеге отырғызудың оңай
әдiсi троцкистердiң, немiс, жапон барлаушыларының агентi» деп
кiналау кеңiнен етек алған. Немесе кейбiреулерi Алаш-Орда
партиясының мүшесi, контрреволюциялық ұйымда болып, Кеңес
үкiметiн құлату пиғылында болған деп айыпталған. Нәтижесiнде
қаншама адам құрбан болды, көпшiлiгi оның нақақтан кеттi.
Сол ғасырдың екiншi жартысында, дәлiрек айтқанда 1953
жылдан бастап (Сталин өлгеннен кейiн) Кеңес Одағында жазықсыз
жазаланғандарға, қуғын-сүргiнге ұшырағандарға аяушылық,
қайырымдылық жасалып, жылы жел естi. Сол кезден бастап
Одақтық деңгейде үкiметтiң бiрнеше қаулы қарарлары шықты. Олар
жер аударылғандар жөнiндегi заңдағы шектеулердiң күшiн жою,
төл-құжаттарын қайтару, оларға бостандық беру, саяси қуғын-сүргiн
жөнiндегi актлердi заңсыз деп табу, осы заңсызыққа iлiккен
адамдарды ақтау, құқығын қалпына келтiру т.с.с.
Зұлмат жылдары саяси қуғын-сүргiнде бес мыңнан астам
солтүстiкқазақстандықтар жазықсыз жапа шеккенi анық. Олардың
1,5 мыңға жуығы ату жазасына кесiлген. Аяусыз жазаланған сол
жандарды олардың ұрпақтары ешқашан ұмытпақ емес. 2006 жылы
саяси қуғын-сүргiн құрбандары мен зобалаң заманның зардабына
iлiккендердi мәңгi еске сақтау үшiн облыс орталығында ескерткiш
кешенi
орнатылды.
Бұл
манумент
жобасының
авторы
республикамызға белгiлi суретшi-манументшi алматылық Хасен
Абаев болатын. Ол Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген
мәдениет қайраткерi, Қазақстан суретшiлер одағының мүшесi,
Президент сыйлығының иегерi.
Аталып отырған ескерткiш қаланың көрнектi жерi Пушкин мен
Сүтiшев көшелерiнiң қилысында, бұрынғы НКВД орналасқан үйiнiң
ескi жұртына – жазықсыздардың қаны төгiлген жерге орнатылды.
Бұл ескерткiш үш қырлы пирамида адамды сотсыз жазалайтын
«
Үндемес үштiктiң» символын көрсетiп тұр. Маңайы жасыл желек,
жамылып, шырша ағаштарымен көмкөрiлiп қоршалған. Ескерткiш
пен алаңның көңiлдегiдей шығуы облыс жұртшылығының ниетi,
өлкетанушы-тарихшыларымыздың зерттеу жұмыстары, облыс пен
қала әкiмдерiнiң қолдауы себепкер болды. Одан бұрынырақта Болат
Сағындықовтың басқаруымен құрылған ынталы топ, қоғамдық
негiзде құрылған кеңес, қор осы бағытта көп жұмыстар атқарған
болатын. Қауыпсiздiк комитетi мен прокуратура мұрағаттарында
табылған iс қағаздар да септiгiн тигiзгенi анық.
Автор.
БIРIНШI БӨЛIМ
ЕРIКСIЗ ОЛАР ЕЛДЕН КӨШКЕН ЕДI
Кеңес дәуiрiңде 1921-1923 жылдарғы аштықтан 700 мыңнан
астам қазақ қырылса, 1932-1933 жылдардағы этноцидте 1 млн. 750
мың адам ашаршылықтың құрбаны болды. Бұл сол кездегi қазақ
халқының 43 пайызы едi. Осы нәубеттiң кесiрiнен 1897 жылғы
санақта түркi халықтарының iшiнде бiрiншi орында тұрған қазақтар
(4,1 млн) кейiнгi санақтарда құлдырап, 6-7 орындарға бiр-ақ түстi.
Қолдан жасалған сол «қызыл қырғынға» да жетпiс жылдан асып
барады. Ешбiр кiнәсi жоқ қандастарымыздың қасiреттi де қайғылы
тағдырын ендi қайтып халқымыздың басына бермесiн. Жазықсыз
құрбан болғандардың рухы алдында бiз бүгiн басымызды иiп,
тағзым етемiз.
Ғалым Қадiрәлiұлы
КӨКАРАЛ
К
өкаралды көрмесек те, ол жайында көп естимiз. «Оның әкесi,
не атасы Көкаралға айдалыпты, сонда сотталыпты, содан
оралмапты», деген ауыз – екi сөздердi әр кез естiп жүрдiк. Сонда
Көкарал қайда? Алдымен соның басын ашып алайықшы.
Көкарал Арал теңiзiндегi жүздеген аралдардың ең үлкенi. Ол
теңiздiң солтүстiгiнде Қазақстанға қарасты бөлiгi Қызыл-Орда
облысында жатыр. Қарақұм мен Қызылқұм массивтерiн қақ жарып
өтетiн Амудария мен Сырдария өзендерi Арал теңiзiне жетiп
құйылады. Жетпiсiншi жылдары толқынды теңiздiң суы азайып,
тартылып, тұзы молайып, маңайындағы аумақтың табиғаты,
экологиясы бұзылып бара жатқандығы бүкiл әлемге аян. Оның
себебi оңтүстiк өңiрде күрiш, мақта егiсiн, жемiс-жидектерiн суару
үшiн орларда ағылған судың есепсiз шығындалуы болмақ. Аңызғақ
жел, құмды боран, көшпелi құм бәрi де құрғақшылық нышаны.
Өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы тағы бiр қасiрет –
адамдардың Аралға ерiксiз айдалуы. Солардың көпшiлiгi Көкаралда
болыпты, жиырма жылдан астам уақыт адам төзгiсiз өмiр кешкен,
айдалып – жер ауып барғандар. Өлгенi өлiп, тiрiлерi қалып,
туғандары өмiрге келiп тiршiлiк еткен екен талай қандастарымыз.
Арал тағдыры, Арал азабы ауқымды мәселе және оны
жиырмасыншы ғасырдағы отызыншы жылдардың жаппай
қасiретiнен бөлiп қарауға болмайды. Ол жылдар-жалпы халыққа
келген нәубет жылдар едi ғой. Арал теңiзiне жер аударылғандар
бiздiң өңiрден аз болмаған, сонда туып келгендер қаншама.
Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгi Қазақстанға қарайды. Немесе
оны терiскей бөлiгi «Кiшi арал» деп атайды. Аралдары түбекке,
тұтас жайылған суы ойдым-ойдым көлдерге айналды, құмдары
көшiп, экологиясы бұзылды. Дегенмен соңғы он жылда жағдай
өзгере бастады. Адамдардың ақылымен, техниканың күшiмен
Көкарал маңында, Сырдария өзенiнiң сағасындағы iрi бөгеттiң –
Көкарал бөгетiнiң орнатылуы бұл өңiрге өң бердi. Кiшi-гiрiм
теңiзден бөлiнiп қалған көлдер суға толып, жағалары жасыл желек
жамылды, балықтары көбейдi, тұзы азайды. Сайып келгенде
аймақтың экологиясы түзеле бастады. Бұған не себеп болды?
Осыдан 12 жыл бұрын Орта Азия, Ресей және Қазақстан елдерi
«
Аралды сақтау» бағдарламасын жасаған болатын. Оның ең бастысы
Сырдария өзенi басындағы Шардара су қоймасы мен Арал теңiзi
арасындағы кедергiлердi жеңу проблемалары шешiлдi. Бiрақ су
қажеттiгi жөнiндегi мәселе шешiлгенмен тоғам жасаудың
қиындығын Қазақстан өз мойынымен көтергенi анық. Бұл ұлкен
iстiң қасында президентiмiз Нұрсұлтан Назарбаев тұрып, АҚШ,
Ағылшын, Түрiк, Жапония инвесторларын көмекке кiрiстiрген.
Қазiргi кезде Кiшi Аралдағы су деңгейi бiрнеше метрге дейiн
көтерiлген, судың жалпы көлемi артқан, Арал қаласына теңiз суы 10-
12 шақырымға дейiн жақындайтын болды (бұрын 80 шақырым
қашықтап кеткен екен). Сырдария өзенiнiң жиегiне салынып жатқан
бөгеттер арқылы, екiншiден бұл өңiр электр энергиясымен
қамтамасыз етiлетiн болады. Бұл құрылыстар – ғасыр құрылысы
Кiшi Аралды сақтау құрлысы жалғаса бермек, бөгеттер салына
бермек, теңiз суы молая бермек. Егер судың тоғамының
(платинаның) деңгейi (Балтық жүйесi бойынша) жеткiлiктi биiктiкке
көтерiлсе Аралдың Солтүстiк бөлiгi өзiнiң баяғы 1960 жылдардың
басындағы қалпына жетедi. Арал қаласы қайтадан портты мойнаққа
айнала алады екен. Дегенмен әлi де шешудi керек ететiн iстер
баршылық.
Арал азабын жүздеген жанұялар көрдi. Олар жалғыз Көкаралда
ғана емес басқа «Барсакелмес», «Ауан», «Возрождение» т.б.
аралдарында да болып қасiрет шектi. Бұл бүгiнгi Қызылорда (одан
бұрын Ақмешiт атанған), одан әрiде (орыстар келгесiн Перовск
атанған) Сырдария уезi болған, кейiн Қазақстан астанасы атанған,
көршiлес Қарақалпақ елi жатқан қасиеттi жер едi. Арал азабын, Арал
қасiретiн көрген бiледi. Ерiксiз жер аудару, мал-мүлiктi тәркiлеудiң
соңы неге соқтырғаны белгiлi.
«
Арал» десе аузын араңдай ашып тұрған ажал көрiнгендей
халық қашып, бәлен жерге барасың деп белгiленсе де жер
аударылғандар басы ауған жаққа босып кеттi. Өлкемiздiң бiраз
адамдары бой тасалап, жақын жатқан кеңбайтақ Ресей елiне – орыс
жерiне сiңiп кеттi. Әсiресе, кешегi ұжымдастыру, кәмпескелеу,
ашаршылық нәубетi келгенде, оның алдындағы қызыл революция
кезеңдерiнде халық елден төңкерiле қашты, молынан қашты.
Шамасы келген әлдiлер алысқа жол тартты, шамасы шамалылар-
әлсiз байлар елде қалды, мал-мүлкi таркiлендi, өздерiн ерiксiз жер
аударды. Осыны көрген халық Ресейге қоныс аудара бастайды.
Солардың ұрпақтары әлi күнге дейiн елге оралмай сол жақта жүрiп
жатқандары қаншама десеңшi.
Бiз әңгiмемiзде тек бiрнеше, әулеттiң ғана тағдырына
тоқталамыз. Талай тағдырлар әлi атаусыз қалып жатыр. Оларға да
кезек келер, келешекте аталар.
А
лдымен өз аталарым жайында айта кетейiн, олар Аралда
болған жоқ. Кеңес үкiметi орнағаннан кейiнгi қиын-қыстау
жағдайлар бiздiң тұқымды да айналып өткен жоқ. Мал-мүлiктi
тәркiлеу, қудалауға аталарымыз да iлiктi. Бай болған, билiк құрған
деп отызыншы жылдары әуре-сарсаңға салып, байдан тақыр кедейге
айналдырып, өздерiн жер аудара бастаған.
Әңгiменi әртiннен бастайық.
Бiз орта жүздегi Арғынға жатамыз. Оның iшiндегi Атығайдан
тараған он екi атаның бiр тармағы Құдайбердi – Бәйiмбет боламыз.
Бұл Есiлдiң бойымен үш жүзден аса шақырым қос қанатын тұтас
алып жатқан қалың ел. Осы елдiң ұрпақтары Есiлден алшақ басқа
облыстарда да тараған. Сонау Құдайбердi-Бәйiмбеттен берi
жылжып, жетi атаға жақындатсақ бiздi Қабай-Тұяқ руы деп
атайды. Бұл ру алғашында бiр жерде қоныстанса, кейiн Кеңес
үкiметi орнаған кезде тарыдай шашылып, бет-бетiмен бөлiнiп
кеткен. Ұжымдастыру мен аштық жылдары әркiм өз күн-көрiсiн
ойлап жан-жаққа бытыраған.
Жаппай ұжымдастыруға дейiн бiздiң ел Есiл өңiрiнде қыстап,
жазғы жайлауын Жаманкөлде өткiзiптi. Бұл ара Есiлден 120-150
шақырымдай жер, осы далада Қабай-Тұяқ жұбы жазылмай бiрге
өсiп, бiте қайнаған екен. Бiрақ ұжымдастыру, кеңес үкiметiне
бағындыру, кедей мен байды теңестiру науқаны күшейген кезде ел
үшке бөлiнiп кеткен. Бiрi Жаманкөл жайлауында (Айыртау
ауданындағы Қарағаш ауылы), екiншiсi Бөрiлiде (Шал ақын
ауданындағы Неждановка селосы), үшiншiсi Есiл қойнауына
қоныс салып, табан тiрейдi. Қабай руынан бұл күндерi басқа
жерлерде тұратындары да аз емес. Атап айтқанда Шал ақын
ауданының Алқағаш ауылында, Қорған облысының Макушино
селосында, Түмен облысының Есiл ауданында т.б. жерлерде
тұрып жатқандары да жеткiлiктi. Ашаршылық пен қуғындау
кезеңдерiнде әкелерiмiз Қызылжар маңында, шойын жол бойында
тұрып, күндерiн көрген. Заман түзелiңкiреп, ел есiн жинаған кезде
қайта елге оралған екен.
Бiздiң ауыл көпке дейiн «Бостау ауылы» деп аталған, ол ескi
карталарда осылай көрсетiлiп келген. Ал, Бостау деген бiздiң
аталарымыздың бiрi. Оның арғы жағында Бадана-Бастау ауылы
деп аталған көрiнедi. Бадана менiң ұлы атам, яғни менiң атамның
әкесi. Сөйтiп, менiң аталарым құнары мол, малға да, жанға да
жайлы, орман-тоғайы қалың, нәрлi Есiл бойын мекендептi.
Бадана ұлы атамыз елде атақты би болған мұрағаттарда
мөрiнiң таңбасы табылды. 19 ғасырдың орта кезiнде Көкшетау
дуанының сайлауына қатысып, аға сұлтандыққа ұсынылады. Бiрақ
ол сайлауда Жылғараның баласы Мұса жеңiске жетiп, аға сұлтан
болады.
Бадананың мөрi алты қырлы, небары сақинаның аумағындай
ғана. Мүмкiн сол мөрдi сақина етiп қолына тағып та жүрген
шығар. Мөрдiң таңбасында «Бадана Мыңбай» деп жазылған.
Мыңбай оның әкесi. Сол кездерi кез-келген болыс, бидiң мөрi бола
бермеген, көпшiлiгi мөрдiң орынына бармағының таңбасын
басқан. Ал, Бадана атамыздың осал болмағандығы осыдан
көрiнедi. Билiк құрып, би болу арғы атамыздан келе жатқан мұра
екен.
Байлық пен билiк атадан балаға жалғасқан мұра iспеттес
құбылыс. Тарихи деректерге қарағанда Бадананың аталары да би
болыпты, ал оның баласы – Шеген де (менiң атам) билiк құрған,
осы төңiрекке аты шыққан атақты адам екен. Ол кiсi сол кезде аса
iрi бай болмағанымен орта шаруадан жоғары ауқатты адам болған.
Баданадан туған көп балалардың iшiндегi пысығы да, жөн бiлетiн
ақылдысы да осы Шеген екен. Би болып сайлануы да содан болар.
Ол кiсiден қалған мұраны көзiм көрдi. Тың және тыңайған жердi
игеру науқаны кезiнде (Кеңес Үкiметi тұсында, елуiншi
жылдардың орта тұсы) ауылдың қақ ортасында үлкен жел диiрмен
тұратын. Оны кезiнде атамыз Жайлаубай деген ағайынға төрт өгiз
берiп салдырыпты. Сол жылдары Саумалкөлден ағаш бөренелер
тасып, сегiз бөлмелi үй салдыртыпты. Кеңес үкiметi орнаған
алғашқы жылдары ауыл белсендiсымақтары диiрмен мен
салдырған жаңа үйдi, мал-мүлкiн түгел кәмпескелеп, мемлекет
меншiгiне алып қойған. Бұл құлақтарды кәмпескелеудiң екiншi
кезеңi (30 жылдар) болатын (бiрiншi толқын 28 жылдары өткен).
Үйдi бұзып 18 шақырым жердегi Дауымбай деген ауылға апарып,
мектеп үйi етiп қайта орнатады. Содан берi сол ауыл – «Мектеп»
ауылы атанып кеткен, бүгiн де солай аталады (Есiл ауданында
орналасқан). Марқұм атамыз Шеген көп жаса да өмiрiнiң соңғы
жылдары көп қуғынға ұшырайды, бай болған, би болған «нағыз
құлақ» деп айып тағылады. Сол кезде ауруға шалдығып, қайтыс
болады. Атамызды Көкаралға айдаудың «сәтi» түспейдi. Құлақтың
баласы деп отызыншы жылдары менiң әкем – Қадiрәлiнi де бiраз
әуре-сәрсеңге салады үкiмет. Амалсыздықтан әкем қашып-пысып,
қала маңында бойтасалайды.
Қала маңы деп отырғанымыз Қызылжардың маңындағы
«
Ауызтал» деген жер екен. Шешем марқұм айтушы едi: «Сен отыз
алтыншы жылы осы Ауызталда тудың» – деп. «Ауызтал» деген
жердiң аты, онда қала шетiндегi шоқ-шоқ ағаштар, үлкендi-кiшiлi
көлдер болыпты. Сол көлдердiң ең үлкенi Ақкөл екен, яғни бүгiнгi
«
Белое» көлi, Белое селосы. Осы көлдердiң жиегiнде, шоқ-шоқ
ағаштардың арасында Көтек, Маңқат, Шарбақкөл, Сарт, Байсал,
Бәйiмбет т.б. ауылдары болған. Олардың көбi кейiн жойылып
немесе орыс атына ауыстырылған.
Ақкөл мен қара шоқтың арасында аталған Ауызтал деген
алаңда бiздiң Бәйiмбет ауылы тұрыпты. Мұнда 18 ғасырда
Ақтабан шұбырынды кезiнде көшiп келген туыстар, яғни бiздiң
аталарымыз, Сыр бойынан бүгiнгi Азат стансасына қоныстанып,
одан осы жерде кейiн орын тепкен ағайындар екен. Оған қоса 20
ғасырдың
отызыншы
жылдары
қуғын-сүргiн
көрген
ағайындарымыз қосылады. Соның iшiнде бiздiң үй және бiздiң
ағайындарымыз болған. Сол жерлердi бүгiнде байқасақ қала
шетiндегi Жылу Электростансасы (ТЭЦ), аңдар фермасы, Белое,
Пеньково, Байсал, Тоқшын, Асаново елдi мекендерiнiң арасы екен.
Бұл жер ұжымдастыру кезiндегi қуғындалған адамдардың
паналаған жерi, күнкөрiс мекенi болған. Ағаш шаруашылығы, мал
өнiмдерiн сату, шойынжол бойындағы жұмыс, сауда-саттық кәсiбi
т.б. күн-көрiс көзiне айналыпты.
Менiң әкем – Қадiрәлi сауда-саттықпен айналысып, сонау
Мәскеу мен Петербургтен мата әкелiп, кәсiп қылған. Вагондардан
–
вагондарға секiрiп қашып жүргенде поездан құлап, бiр қолын
сындырып алғаны да бар. Сөйтiп, қуғын-сүргiн науқаны
басылғаннан кейiн ғана бiздiң шаңырақ, яғни әке-шешемiз екi
баласымен елге қайта оралады.
Бiр Қойлы Атығай жiгiтi - Әбiшев Кенжебек деген азамат
маған Ауызталды тауын бердi. Ондағы аталарымыз жатқан ескi
зиратты көрсетiп, таныстырды. Жылу стансасынан шыққан судың
осы зиратты бұзып шайып кететiндiгiн ескертiп, апаттан тоқтатып,
үлкен ерлiк жасаған адам Кенжебек болатын.
Тағдырдың тәлкегiне түскен атамыз бен әкемiздi бiз ешқашан
естен шығармақ емеспiз.
А
лдымен Аралға айдалудан аман қалған, өзi бай, ешқайда
қашпай елде болған бiр адам жөнiнде айта кетейiк. Ол өмiр бойы
Қызылжар қаласында тұрған Баймағанбет деген адам. Оны бай
Баймағанбет, ал бiлетiндер сақау Баймағанбет деп атап кеткен.
Соған қарағанда байлығы да болған, тiлiнiң кемдiгi де болған екенi
ырас.
Ол кiсiнiң байлығын көрмесек те бертiн келе (алпысыншы
жылдардың басында) фундаментi тастан, бiрiншi қабаты қызыл
кiрпiштен, екiншi қабаты (қиып қаланған) қарағай бөренеден
салынған екi қабатты үйдi көзiмiз шалды. Бұл үй бұрынғы Сталин
(кейiнгi Интернационал) мен Амангелдi көшелерiнiң қыйлысында
тұратын. Осы үй Баймағанбеттiкi болғанымен кәмпескеленгеннен
кейiн әртүрлi қызметтер атқарған: Қызыл отау атанып түрлi саяси
үйiрмелер жүргiзiлген, Мағжан Жұмабаев та осы үйде болып,
жастармен жұмыс ұйымдастырған дейдi. Кейiн қазақ орта
мектебiнiң бiр бөлiмшесi iретiнде бастауыш сынып оқушылары осы
үйде оқытылған. Ең соңында (бұзылғанға дейiн), сауда орынына
берiлiп, асхана, арақ-шарап, пиво iшетiн орынға айналған.
Жер аударудың алғашқы дүмпуi өткеннен кейiн, iлезде,
Баймағанбет бар байлығын, үйiн, мүлкiн үкiметке өз еркiмен
өткiзедi, сөйтiп ерiксiз жер аударудан аман қалады. Екiншi дүмпуде,
тексере келгенде, сақау Баймағанбет Аралға айдаудан аман қалып,
ақталады. Дегенмен, оның сайлауға қатысу құқығы жойылады,
сондай шешiм қабылданады. Иә, «мал бас садағасы» дегендей, аман
сау құтылғанымен, өмiр бойы тырнақтап жиналған дүние-мүлiк бiр
сәтте жоқ болды.
Достарыңызбен бөлісу: |