Оралбекова алия курбановна



Pdf көрінісі
бет19/40
Дата07.11.2022
өлшемі3,87 Mb.
#48231
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40
Іс-әрекеттік тұғыр болашақ маманның кәсіби-педагогикалық әрекетін 
қалыптастырудағы теориялық және тәжірибелік дайындықтың бірлігін 
көрсетеді. Білім беру жүйесінің тәжірибеге бағдарланған мазмұны дайындау 
пәндері бойынша теориялық білімдердің әрекеттің педагогикалық түрінің 
дағдыларымен өзара байланысын қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Іс-
әрекеттік тұғырды педагог кадрларды дайындауда жүзеге асырумен 
байланысты студенттердің педагогикалық іс-тәжірибесінің мәселелері кең 
қарастырып, бірінші курстан бастап әртүрлі іс-тәжірибе түрлерін өту мәселесі 
сөз етіліп келеді (Г.В.Бабина, Н.А.Чевелева, Л.А.Черкасова, С.Н.Шаховская, 
А.Г.Шембель т.б.)[187]. 
Н.Ф.Талызина білім беру жүйесі іс-әрекеттік тұғыр теориясына ғана 
негізделетінін дұрыс айтып, «... білім беру үдерісін оқушылардың таным 
әрекетін қалыптастыру ретінде» түсінеді [29, б.53]. Мұндай бір жақты тұғыр 
білім беру жүйесінің білімдік бағдарлы парадигмасын нақтылауға әкеп соғады. 
Қазіргі заманғы отандық білім беру жүйесінде дайындау техникасы кәсіби іс-
әрекетке дайындықтың ең жоғары деңгейіне, «нәтижеге қол жеткізуге» 
байланысты болғанда, теориялық білімнің маңызды рөлін, ғылымдардың басты 
негіздерін нақтылау кәсіби даярлықтың тәжірибелік-бағдарлық үдерісімен 
орын алмастырды. Дәл осындай талаптар негізінде оқытудың ақпараттық-
коммуникациялық технологияларын қолдануға даярлау үдерісі қалыпты және 
қалыпты емес жағдайда туындаған кәсіби мәселелерді шешуге оқытуға 
негізделуі тиіс. 
Іс-әрекеттік және тәжірибелік-бағдарлық тұғырларды оқытуда ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолдану мен дайындықты тікелей жүзеге 
асыруды мақсат еткен пәндерді оқыту барысында жүзеге асыру тәжірибеге 
барынша жақын педагогикалық ситуацияларды арнайы құрастыру дегенді 
білдіреді. Дәл осындай тұғыр ғана студенттердің кәсіби мәселелерді оқытудың 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларының 
құралымен 
шешуге 
дайындаудың операциялық-әрекеттік ортасын құрастыру мүмкін болады. 
Мәнмәтіндік тұғыр- іс-әрекеттік тұғыр теориясының одан әрі дамуы 
болып табылады. Ол оқу әрекетінен кәсіби әрекетке өту дегенді білдіреді. 
Мәтінмәтіндік -контекстік тұғырға негізделген педагогикалық технологияда «... 
оқытушының оқыту немесе білім беру әрекетінен студенттің таным әрекетіне 
ауысуы жүзеге асады, ал білім беру үдерісі ..., мақсатты біріктіру – теориялық 
және практикалық ойлау, болашақ кәсіби маманның тұлғасын дамыту 
бағытында ұйымдастырылған тұлғаралық өзара қарым-қатынас пен диалогтық 
қарым-қатынас ретінде қарастырылады» [187]. 


95 
Мәнмәтіндік оқытудың мынадай өзіндік ерекшеліктері бар. Ол 
ерекшеліктер зерттеу жұмысымыз үшін маңызды болып табылады: 
– студент белсенді іс-әрекеттік ұстанымды басшылыққа алады; 
– болашақ бастауыш сынып мұғалімі тұлғалық белсенділігінің әлеуеті 
енеді; 
– студент оқу ақпараттарын өзінің іс-әрекеттерін реттеп отыру құралы 
ретінде қолдану тәжірибесін жинақтайды; 
– білімді игеру болашақ кәсіби іс-әрекет контексінде, яғни педагогикалық 
үдерісте жүзеге асып, кәсіби дайындаудың мотивациялық компонентін 
қалыптастырып, білім беру үдерісінің тұлғалық мәнге ие болуына септігін 
тигізеді; 
– кәсіби дайындау үдерісінің ортасында – студенттің тұлғасы тұрады, және 
оның шығармашылық жеке тұлғасының қалыптасуына аса мән беріледі. 
Бұл зерттеу жұмысымызда инклюзивті білім беру жағдайында болашақ 
бастауыш сынып мұғалімдерді ақпараттық-коммуникациялық технологияларын 
қолдануға даярлау үдерісі студенттердің іс-әрекетінің екі басты формасына 
сүйенетіні сөз етіледі. Олар:
Біріншіден, кәсіби іс-әрекетке дейінгі (кәсібиге дейінгі) форма – 
аудиториялық сабақтарда әртүрлі педагогикалық жағдаяттарды құрастыру және 
оның шешілу жолдарын талдау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет