Оралхан Бөкей (1943-1993)



бет2/3
Дата09.05.2022
өлшемі3,81 Mb.
#33126
1   2   3

1970 жылы Алматы қаласындағы «Жазушы» баспасынан басылып шыққан «Қамшыгер» атты алғашқы жинағы жас жазушының атағын шығарды. Осы баспадан оның «Үркер» (1971), «Қайдасың, қасқа құлыным?» (1973), «Мұзтау» (1975) әңгімелер мен повестері шығарылды. Оралхан Бөкеевтің «Ән салады шағылдар» (1978), «Үркер ауып барады» (1981), «Біздің жақта қыс ұзақ» (1984) әңгімелер мен повестері «Жалын» баспасынан жарық көрді. 1986 жылы оның «Құлыным менің» деп аталатын драмалық шығармалары «Өнер» баспасынан, 1987 жылы «Ұйқым келмейді» деп аталатын творчестволық әңгімелері «Жазушы» баспасынан шығарылды.

  • 1970 жылы Алматы қаласындағы «Жазушы» баспасынан басылып шыққан «Қамшыгер» атты алғашқы жинағы жас жазушының атағын шығарды. Осы баспадан оның «Үркер» (1971), «Қайдасың, қасқа құлыным?» (1973), «Мұзтау» (1975) әңгімелер мен повестері шығарылды. Оралхан Бөкеевтің «Ән салады шағылдар» (1978), «Үркер ауып барады» (1981), «Біздің жақта қыс ұзақ» (1984) әңгімелер мен повестері «Жалын» баспасынан жарық көрді. 1986 жылы оның «Құлыным менің» деп аталатын драмалық шығармалары «Өнер» баспасынан, 1987 жылы «Ұйқым келмейді» деп аталатын творчестволық әңгімелері «Жазушы» баспасынан шығарылды.
  • 1976 жылы Оралхан Бөкеев «Құлыным менің» пьесасы үшін Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты, 1978 жылы «Найзағай ізі» повестері мен әңгімелері үшін Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты, 1986 жылы «Біздің жақта қыс ұзақ» повестері мен әңгімелері үшін Абай атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты наградаларына ие болды.

Оралхан Бөкей – Кеңес кезіндегі ескі әдебиетіміздің жаңаша жаза бастаған жазушысы. Ол шығармаларында реалистік, романтикалық, мифтік желіні қолдану арқылы оқырманын таңғалдыра алды. Жазушы өз ортасының шындығын, туып-өскен жерінің тамаша суретін, қарапайым халқының тұрмыс-тіршілігін керемет бейнелеп жазған. Жалпы, адамды ардақтау, адам психологиясын терең зерттеу – Оралхан Бөкей шығармаларының негізгі тақырыбы десе де болады.

Жазушы «Апамның астауы» әңгімесінде әйел баласын қазақ елінің қасиеті ретінде көрсете білген. Ол қазақтың этикалық, этнографиялық, тіпті археологиялық байлығының негізін әйел бейнесімен байланыстырады. Әңгіменің барысында «Апам менің...» деген тіркестің бес рет қайталануы - анаға деген сағыныш ғана емес, ұлттық салт-дәстүріміздің айнасы іспетті аналарымыздың сиреп бара жатқандығы толғандырған. Автор «Адам өмірі де қаңсыған астау секілді қаңсып қалады екен-ау» деген түйінді жасайды.

Мазмұн тереңдігімен, идея сонылығымен ерекше көзге түскен «Терісаққан», «Бура», «Қамшыгер», «Кербұғы» атты шығармалары. Бұл әңгімелер қоғамға, өмірге, табиғатқа көзқарасы тұрғысынан баяндалғандықтан, философиялық ой-тұжырымдарға елеулі орын берілген. Әңгіме барысы авторлық ой, кейіпкер монологы арқылы өрбиді. «Терісаққан» - Кеңес дәуіріндегі қазақ халқының «трагедиялық хал-күйін» көрсететін әңгіме. Мұнда ешқандай кейіпкер де, тартыс та жоқ. Өткенге көз жіберу арқылы тоқырау жылдарындағы қазақ халқының ата-баба дәстүрінен айырылып бара жатқанын тебірене жазады. Кез келген шығармасында жазушы адам жандүниесіндегі күйзелісті кейіпкер сөзімен көрсете білген.

Жазушының тағы бір «Ардақ» атты әңгімесі де адамдар арасындағы алауыздықты, дүние құмарлықты, қанағатсыз, тойымсыз пенденің тіпті мал үшін де қырғи  қабақтасып, ағайынынан безіп кетер  ессіздігін суреттеу арқылы адамның  әлуметтік ортадағы тағы бір бейнесін көз алдымызға әкелетін кесек дүние. Шығарма бас кейіпкерлерінің бірі Қожа шалдың өз пысықтығы мен еңбекқорлығының арқасында өсіп, өз малдарынан саны жағынан асып кеткенін көре алмаған жамағайындары Далабай мен Шалабайдың қызғанышына, күңкіл-күңкіл сөздеріне шыдай алмай шешесімен ен далаға елден безіп кетуі, сол иесіз меңіреуде ақтық демі таусылған шешесін жалғыз өзі жерлеп, тіпті орарға кебін табылмай қиналуына кім кінәлі? Қожа шалдың артық аша таяғын көре алмаған ағайындары ма, әлде бір ауыз ауыр сөзді көтере алмаған Қожа шал ма?

Иә, мұндай жайттар күндегі  өмірімізде де аз кездеспейтіндігі рас. Дана қазақ «Бөлінгенді бөрі жейді» демекші көріңе әкете алмас дүниеқоңыздарды, саны жоқ санасыздарды сынаған еңбек бұл. Тағы сол халқымыз «ағайын өлім мен тойда бір» демеуші ме еді? Қанша жүз шайысып, жұдырық сермесең де сол ағайынға жетер жан бұл жалғанда тағы жоқ екенін автор ақтық демі жетіп, жан тәсілім берер сәттегі Қожа шалдың шешесінің сөзі арқылы былай жеткізеді:

– Есің барда еліңді тап, – біздікі әншейін битке өкпелеп, тонымызды отқа салу екен. Кең дүниенің кемшілігі болмай тұрмайды. Басқа тепсе де жұртыңның қасында жүрсең, басың ауырып, балтырың сыздағандай болса, қол ұшын беруге жарар. Алғашқы ашумен аттанып кетсек те сол ел-жұртты сен де, менде көксемей жүргеніміз жоқ... Иті жесе де, қайтіп еліңе бар... Біле білсең сүйегімді орар кебін де жоқ-ау, бұл айдаладағы адасқан үйде. Қарызға ала қоятын қосыласың жоқ. Құдайдың тарттырған жазасы да... [8, 21-б.].

Міне, елінен кетуі кетсе  де, өлер алдында өкінген, өкірген  ана. Бірақ, өзекті өртеген өкініштен  пайда жоқ. Адам өкінбейтіндей өмір сүруге тырысуы керектігін біз автордың ана сөзі арқылы жеткізген осынау сөздері арқылы аңғарамыз.

Кешегі бағы заманнан бүгінге жетіп, бойымызға бүйідей  жабысып, ой-санамыздан, адами кескін-келбетімізден  жұрдай қылып, адамгершілікті ұмыттыратын  көрсеқызарлық, мінеп-сынаушылық, өшпенділіктің кесірінен Шалабай Қожа шалға өшігіп, мұқатудың айласын жар сала іздеп ақыр аяғы, бойжетіп отырған Ардақтың абыройын төккізуге байлам жасап, жылпос салықты жіберіп бейкүнә қыздың аяқ-қолын ауырлатқандығы адам дегеннің мынау жалған дүнияда қаншалықты қатыгез болатындығын айғақтайтын, жаныңды түршіктіретін көрініс. Осынау әңгіме «Сәбидің дүниеге келу мінін өз мойнына алған Марқакөл «әкең менмін, әкең менмін» деп, тебірене күбірлеп жатыр....» [8, 28-б.]. деген сөздермен аяқталады. Неге? Бұл жерде автордың айтпағы қолыңмен жасағанды мойныңмен көтермейтін адамдар осынау төрт күл дүние де өріп жүргендігін аңғартқысы келгендей ме, қалай? Неге Марқакөл «әкең менмін дейді? Енді қайтсін, табиғат-ана бәріне көнбіс. Біз сол табиғат-анадай таза, ақиқатшыл бола да алмаймыз-ау! Тілі жоқ тілсіз табиғат-ана арқылы жазушы адамның осынау қылықтарын недеген көркем жеткізген десеңізші!? Жазушы бұл әңгімесіндегі бір отбасының тағдырын суреттеу арқылы бізге үлкен өмірдің,толғауы тоқсан тірліктің тағы бір тосын тұсын әңгімелеп,жаңа сипатты кейіпкерлермен кезіктіреді.Өз дәуірінің өзекті мәселелерін батыл көтерген бұл әңгіменің түпкі мақсаты адамзаттық көрсеқызарлық пен көреалмаушылық дертінен сақтандыру. Туысқанына өкпелеп айдалада тентіреген Қожа шал мен туғанының байлығын көре алмаған Шалабайдың ақымақтығы бүгінгі замана суреті деуге боларлық жайттар. Суреткер идеясы шығармаға дендеп енген сайын шым-шымдап анықтала түседі.Әңгімедегі ширығып,шиелене түсетін драматизм мен кейіпкерлердің даралануы,олардың ішкі психологиялық иірімдерінің тереңдеуі,әрбірінің танымдық деңгейінің ашылуы,оқиғалар тізбегі арқылы жанды суретке айналады.

Проза тек әсемдікті  ғана емес, шын мәнінднгі суреткерлік  сұлулық-байлығымен де, елдік ірі ұғымдарды, философиялық ой-толғам тереңдігі де мейлінше салмақты, толымды, салиқалы түрде елдің, сол дәуірдің бет-бейнесін суреттеуі керек. Осы тұрғыдан келсек, Оралханнның «Айпара ана» әңгімесі аталған талаптарға сай жазылған айтары мол, артқан жүгі ауыр туынды.

Ақ сәукелелі әйел – Айпара ана жұмбақ, айтар сөзі шешен, ділмар, діндар, бір ауыл-аймақты  аузына қарата білетін аузы дуалы  кейіпкер. Оның әр сөзінде терең  философиялық сарын, ой-толғам, тұңғиық  жатыр.


  • Олжай-ерім айтып отырушы еді: жер өртенсе сумен сөндірер едің, егер су жанса, немен сөндірер едің, егер жер мен ел өртенсе немен сөндірер едің», - дген сөздері осы сөзімнің дәлелі емес пе?  Осынау жолдарды оқи отырып ойланып қаларыңыз шындық емес пе? Тағы бір ретте Айпара ана:
  • Олжай-ерім айтып отырушы еді: «тілге шебер, іске олақ елміз ғой. Түбі бізге сүйексіз тілден гөрі, ырзықты іс керек-ау. Қымыз ішіп қыз аңдығаннан миды шаршатар ой қуған жөн еді»,-дейді. [8, 43-б.].

  • Осынау жолдар арқылы Оралхан қазақ еліне, қазақ жұртына  ең бастысы не керектігін айтып жеткізгендей. Елдің елдігімен, татулығын, шаңырағының шайқайлмай, қазақтың әр киіз үйінің түтіні түзу ұшуы үшін қайғы жұтып, есіміне қайғы деген сөзді даланың өзі қосып берген боз даланың сақшысы, қазақ жұртының ақылгөйі бола білген Асан қайғы абыз ойымен Оралханның айтпағында бір үйлесімділік бар. Олай дейтінім кезінде қайғы жұтып, елі мен жерінің бүтіндігі мен халқының бірлігі үшін қабырғасын қайыстырып, хан екеш ханның өзіне дат айтқан.

Сатылай кешенді талдау 1. Авторы – Оралхан Бөкей-сан қырлы талант, көркем сөздің зергері. 2. Тақырып – Соғыстан кейінгі жетімдік тауқыметін тартқан балалардың өмірі мен тағдыры. 3. Әдеби жанры – Әңгіме 4. Идеясы - Автордың Тортайдың « ақ боз ат мінер» арман-мүддесінің символдық бейнесін шынайы жеткізуі 5. Шығарманың композициялық құрылысы Сюжеттің басталуы- Салықсалған ауылының көрінісі Сюжеттің байланысы- Тортай мен Ораштың достығы Сюжеттің шиеленісуі- Тортайдың үйінен кетуі Сюжеттің шегі- Тортайдың түсі Сюжеттің шешімі- Тортай мінер ақ боз ат... Менің тақымымда кеткендей еді... 6. Шығармадағы кейіпкерлер бейнесі – жағымды кейіпкер – Тортай, Ораш жағымсыз кейіпкерлер – Тортайдың туыстары 7. Әдеби теориялық ұғымдар: Теңеу - кілемдей, ұлардай, бақсыдай, ұядай, қыздың шолпысындай, найзадай. Эпитет - (жаймашуақ сәт, көкпеңбек болып көмкеріліп тұрар аспан, бейбіт күннің шуағы, тас үңгір, жұмақты өмір, көк мұнар дүние, қоңыр үн) Тұрақты тіркестер- қой аузынан шоп алмас, бас алмай, ит басына іркіт төгілді, көз байлана бастады ( идиома), міз бақпай, қыздың жиған жүгіндей, тақымы қотыр тайға тимеу – ештеңеге қол жеткізбеу, келді-кетті деп сөге жамандамаңыз – тез келді де кетті деп ойламаңыз, сәл мүкісі бар- құлағы аздап естімейді, ұядай қылып жинау – тап-таза, сәнді қылып жинау) Мақал-мәтелдер: Ораза-намаз тоқтықта, Тоқ бала аш баламен ойнамайды. 8. Тәрбиелік мәні: Оқушыларды адамгершілікке, достық қарым-қатынасқа, өз арманына жетуге тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет