Орындаған: Избасарова Динара


Өсімдіктерге әсер ететін факторлар



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата12.12.2022
өлшемі0,49 Mb.
#56615
1   2   3
Өсімдіктерге әсер ететін факторлар 
1. Гидрофиттер 
(гр.гидро-су, 
фитин-өсімдік)-сулы 
ортаға 
бейімделген өсімдіктер. (бедежапырақ, қара өлеєшөп, қамыс, су 
сарғалдағы, тұңғиық). Бұл экологиялық топтың өсімдіктерінің қайсы 
бірі су түбіне бекінеді де, жапырақтары су бетінде қалқып жүреді (су 
сарғалдағы, мүйіз жапырағы). Барлық вегетативтік мүшелерінде 
клеткаралық жүйелер жақсы жетілген. Осы ауаның кеңістіктер 
арқылы олардың денесі оттегімен қамтамасызданады. Толық суға 
батып тұрған өсімдіктерге газ алмасу біршама қиын. Сондықтан 
олардың жапырақтары жұқа, кутикуласы болмайды, сосудтар нашар 
жетілген, өсімдік суды бүкіл денесімен сіңіреді /гидатофиттер денесі 
толық суға батып өсетін өсімдіктер/ тұңғиық. 
2. Гигрофиттер /гигрос-ылғал/ ылғасы мол топырақта өсетін 
өсімдіктер /бастапқы шабындықта, өзен арнасында, ылғалды 
орманда/. 
Бұлар 
ылғал 
тапшылығын 
білмейді. 
Сондықтан 
трансперацияны көтеріңкі клетка арасын кеңістік жақсы жетілген 
/аэренхима/ булану жақсы жүреді. 
3. Мезофиттер (гр.лизос-орташа) ылғалы жеткілікті, қоңыржай 
жағдайда өсетін өсімдіктер. 
4. Ксерофиттер 
(грек-ксерос-құрғақ)-ылғалдылықтың 
ауада, 
топырақта немесе уақытша тапшылық жағдайда өсетін өсімдіктер. 
Оларда судың жетіспеуінен реттеуші әр түрлі бейімділіктер пайда 
болады. Мысалы: эпидерма клеткаларының сыртқы қабырғалары 
қалың, ол кутикуламен жабылған. Вегетативтік мүшелер сыртындағы 
қалың түктер, олардың беткі ауданында өзіндік микроклимат 


қалыптастырады. Клетка аралық жоқ, ішкі ұлпаларының ұлпалары 
сүректелген, тамыр жүйелері кең, тереңге кеткен, жайылған
яғни басқа экологиялық топтар пайдалана алмайтын ылғалды сіңіреді. 
Өсімдіктер өсетін субстрактқа және жарыққа қатысты да экологиялық 
топтарға бөлінеді. Мысал: минералды тұздар жеткіліксіз субстратта 
олиготрофтар мекен етеді. 
Тұзды мол топырақта өсімдіктердің тобы. Галофиттер /соран 
бұзаубас, көппек/. ¬алың көлеңкелі жағдайда өсетін өсімдіктер-
цинофиттер деп аталады (орман өсімдіктері). Көлеңкеде өсе алмайтын 
өсімдіктер тобы-гелиофиттер деп аталады (сарбас жоңышқа). 
Өсімдіктің 
тіршілік формасы-жергілікті жағдайда ұзағырақ 
бейімделу нәтижесінде пайда болды. Өсімдік формасы, ұрпаққа беріледі. 
Өсімдіктердің өсу формасына және вегетативтік мүшелерінің тіршілік 
мерзімінің 
ұзақтығына 
негізделген 
эколого-морфологиялық 
классификациясы бойынша тіршілік формалары үш категорияға бөлінеді. 
1. Ағаш өсімдіктер: бұталар және бұташалар, ағаштар. 
2. Шөптесін өсімдіктер: бір жылдық және көп жылдық. 
3. Жартылай ағаш өсімдіктер: жартылай бұталар, бұташалар. 
Ағаштар мен шөптесін өсімдіктердің өзара басты айырмашылығы, 
алғашқысының ұзақ жылдар бойы өсетіні, бүршікті көп жылдық қаңқалы 
өркенінің болуы. Жартылай ағаш өсімдіктердің жер беті бөліктерінің 
бір бөлігі өліп, енді бір бөліктері жаңарту бүршіктерімен жерден 5-20 см 
деңгейінде, көп жылдық ретінде сақталады. (Жусанның түрлері, теріскен). 
Экологиялық факторлардың әсер ету принциптері. 
Экологиялық факторлар тікелей немесе тікелей емес әсер етеді, яғни 
аралық буындар арқылы беріледі. Мысалы: 
Сарышатыр. Мыңжапырақ, әр жерде өскен. Егер тұқымын алып сепсек, 
күрделі сарышатыр (улы зат бөліп) басқа шөптесін өсімдіктерді 
ығыстырады. 
Саңырауқұлақ пен бактериялар да басқа бактериялардың өсуін 
тежейтін антибиотик синтездейді. 
Жарық үшін бәсекелестік орман ағаштары (емен) жеке түрде 
өскеніне қарай олардың келбеті мүлде өзгеше болады. 


Тіршілік үшін күрес, маусымдық құбылыс, гүлдеу периоды 
т.б. барлық сыртқы процестер өсімдік тіршілігіне тікелей әсер етушілер. 
¬азіргі таңда антропогендік органдардың жағымсыз әсері өте басым. 
Құс базары. ¬ұстар көп шоғырланған-құстың саңғырығы суға түседі, 
су минералданады-балдырлар көптеп өседі-ол өз кезегінде плонктон, шаян 
тәрізділердің санының артуына әсер етеді-балықтар қоректенеді, балыққа 
жағдай туады, әр фактор құс саңғырығы. 
Экологиялық факторлардың әсерін популяцияның өзгеруінен 
байқауға болады. Осы тәуелділік мынадай жолмен түсіндіріледі. 
1. тіршілік етуіне қолайлы жағдай-оптимум. Оптимальды жағдайлар. 
2. Оптимальдың жағдайдан ауытқыса, тіршілік әрекеттер өзгеріп, 
төмендей бастайды. ¬алыпты тіршілік ету аймағы айқындалады. 
3. Дара организмдердің тіршілік ете алатын аралығы төзімділік шектері. 


Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. "Қазақ Энциклопедиясы" 
2. Қазақ совет энциклопедиясы 
3. Биология, 2011. 
4. Сұрақ және жауап. Энциклопедия 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет