Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Кіріспе



бет2/4
Дата06.01.2022
өлшемі27,34 Kb.
#11822
1   2   3   4
1. Менеджменттің мәні

Менеджмент ұғымы 19-ғасырдың аяғында пайда болды. Менеджмент ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «манус», яғни «қол күші» деген сөзінен шығып, ағылшында мал бағу саласында, дәлірек айтқанда ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың жіне ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды.

Ағылшын тіліндегі Оксфордт сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі:

1.Адамдармен қарым қатынас жасау әдісі, үлгісі;

2.Билік жіне басқару өнері;

3.Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;

4.Басқару органы, әкімшілік бөлігі

Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді.

Сонымен, менеджменттің бастапқы ұғымы бұл басшылық.

Іскер кәсіпорындар тек өз органдары, яғни басшылар, немесе менеджмент арқылы ғана әрекет ете алады.

Жеке кәсіпорын, өзінің правлық формаларына қарамастан,басшылығы болуы тиіс.Басқадай басқару түрлерінен іскер кісіпорын менеджментінің айырмашылығы сол, кәсіпорынның мақсаты, демек оның басқару міндеті тауар өндіру немесе қызмет көрсету, басқаша айтқанда, жұртшылықтың қажетін өтеу, немесе рынок арқылы әлеуметтік қаеттілікті қанағаттандыру.Өндірістік кәсіпорындағы менеджменттің басқа ұйымдардан өзгешелігі, олар өзінің барлық шешімдерінде экономикалық түсінікті басшылыққа алуы тиіс. Оның өмір сүруі мен мәртебесі қыметінің экономикалық нәтижесіне негізіледі.

«Менеджмент» ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган. Менеджмент қабылдаған кез келген әрекет, кез келген шешім бұл экономикалық сипаттағы шаралар. Сонымен, менеджменттің тиімділігін және менеджерлердің іс әрекетін экономикалық табыстар, экономикалық нәтижелер арқылы ғана таразылауға болады.

Менеджменттегі басты нәрсе өзіне кәсіпорын мүддесіне жауап беретін мақсаттар қою( алдына мақсат қойған менеджмент). Ескі стильдегі кәсіпорын басшылығынан менеджерлердің түбегейлі өзгешелігі де осында.

Менеджменттің тағы бір анықтамасына сәйкес оның жұмыс істеу міндетіне жататын қолда бар адам мен материалдық ресурстар негізінде тиімді кәсіпорын құру.

Кәсіпорын ең сапалы, әрі бағасы бір шама арзан тауарларды шығара алуы немесе бәсекелестеріне қарағанда ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс.

Кәсіпорын ең алдымен адамдар. Осыдан келіп бұл терминнің үшінші анықтамасы шығады менеджмент бұл адамдардың, қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру.

Кәсіпорындағы адамдар өндірістік процестің маңызды элементі болып саналады. Жаңа кәсіпорынды құрарда жаңа инвестициянгы жүзеге асыратын ақша қаржысы мен капиталды рынок капиталдарынан алуға болады. Ал өз ісін жетік білетін қызметкерлерді іздеп табу анағұрлым күрделі іс.

Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа рыноктары игеруне жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайыны жұмысшыларды емес, басшыларын ауыстырады. Сонымен, менеджмент днгеніміз ұжым жұмысын ұйымдастыру. Кәсіпорын жұмысын ұйымдастырғанда, қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандыруды, олардың жұмысын жандандыруды, әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет.

Сонымен, менеджменттің екі ұғымы бар.

Бірінші ұғым. Менеджмент бұл басқару, басшылық ету органы.

Екінші ұғым. Менеджмент бұл адамдарды басқару (әрекет).

Менеджмент іс әркектінің бағыты

Менеджмент мынадай бағыттарда жүзеге асырылады:

Экономикалық

әлеуметтік психологиялық

құқықтық


ұйымдық техникалық

Экономикалық бағыттың мәні өндірісті процесті басқару.Мұндай жағдайдағы менеджер қызметі аз шығындала отырып, материалдық және еңбек ресустарын кординациялау.

Әлеуметтік психологиялық бағыт басқарудың барлық деңгейіндегі менеджерлерді біріктіру.

Басқарудың төменгі және орта деңгейіндегі менеджерлердің қызметі жәнежұмысшылар мен коллектив арасындағы дұрыс өндірістік қатынастар орнатуға бағытталған.

Менеджментің құқықтың бағыты фирманы құру бойынша заңдар, кедендік жіне салықтық саясат, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу бойынша заңдарды қамтиды. Менеджерлердің ұйымдық техникалық міндеттерді тағайындау, ресурстармен жабдқтау, жұмысшылар еңбегін жетілдіру және т. б. қамтиды.

Менеджментің үш кезеңі белгілі:

Стратегиялық басқару,

Оперативтік басқару,

Бақылау.

Стратегиялық басқару менеджменттің мақсаттарын тағайындау, жобалау мен перспективті жоспарлау

Оперативтік басқару қызметтің екі түрін қамтиды: ұйым жіне жетекшілік.

Бақылау пайдалнбаған өндірістік резервтерді, қойылған мақсаттарға жетудегі нәтижелерді талдау мен бағалау.

Тиімді әрекет етуші мекеме менеджменттің барлық бағыттары емен кезеңдерінің бірілігін қамтамамасыз етеді.

Пайданы қамтамасыз ету менеджменттің басты міндетті.

Фирманың пайдалық деңгейі нарықпен анықталады, бірақ өндірістік ресустарды рационалды пайдалану мен тиімдібасқаруға тәуелді.

Менеджментің қазіргі және болашақтағы тәуеклдік деңгейін төмендетуге негізделген.

Менеджер еңбегінің заты ақпар және ұжымдағы қарым қатынас.

Өндірістік басқаруда менеджер аз білімді болсада, басқару іскерлігінің қырсырын жетік білілуі керек. Басқару негіздерін зертттеу мен оқу менеджерлер, кәсіпкерлер, бизнесмендердің қажет білім игеруне мүмкіндік береді.

Менеджер деген сөздің өзі бізге ағылшын тілінен келген: бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, басшылық ету деген сөз. Мәселен, тек ғылыми ізденістермен шұғылданатын зерттеуші менеджер емес. Алайда, егер ол зерттеуді ұйымдастыруға қатысатын болса, онда ол әрине, менеджер. Ауруды те емдеп қана қоймай,клиниканы меңгеретің дәрігер жөнінде де осыны айтуға болады.

Менеджер ең көп тараған кәсіптің бірі. Бұл басқарумен, экономикамен шұғылданатын, заң және басқа да мәселелерді жақсы білетін кез келген адам. Шаруашылықтың түйінді орнында жұмыс істейтін кез келген адам да менеджер.

Барлық менеджерлер үшін, олардың қызмет орнына қарамастан, ортақ қызмет міндеті болады.

Біріншеден, менеджер іскер кәсіпоынның мақсатын орындайды, сол мақсатын орындау үшін не істеу керектігін ойластырады, адамдарға нақты міндеттер жүктей отырып, оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Екіншіден, менеджер ұйымдастырушы. Ол жұмыстарды жүйеліп, бөледі, қажетті ұйымдық құрылымды құрады, басшы жұмыскерлердің тиісті құрамын іріктейді т.б.

Үшіншіден, менеджер көтермелеу шараларын қамтамасыз етіп, адамдармен тығыз байланыс орнатады. Ол ұжымды (коллективті) өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын адамдармен құрады: бұл үшін қолда бар барлық мүмкіндікті – сыйлық беру, наградтау, жоғары қызметке тағайындау шараларын пайдаланады. Менджер ұжымдағы барлық адамдармен тіл табысып, тұраұты байланыс орнатады.

Төртіншіден, менеджер адамдардың қызмет жағынан кемелденіп, жоғарылауын қамтамасыз етеді. Адамдардың мамандығынығ жетілдірілуі де, қызмет жағынан жоғарылап, не төмендеуі де, ұжым бірлігінің нығаюы, не берексізденуі де менеджер жұмысына байланысты.

Менеджер алдында тұрған барлық проблемаларды біле бермейді, сондықтанда ол «бесаспап данышпан» болуы да мүмкін емеес. Оның арнайы еңбек құралы, атап айтқанда ақпараты (информациясы) болады. Менеджер адамдарды жұмысқа ынталандырады, бағыттайды, ұйымдастырады. Оның бірден-бір құралы – жазбаша немесе ауызша сөзі; немесе цифр тілі. Менеджедің жұмысы техникаға, есептеу операцияларына немесе өнім сатуға қатысты болғанына қарамастан, оның жұмысының тиімділігі тыңдау және оқу, айту және жазу қабілеттеріне байланысты. Ол өз ойын басқа біреулердің санасына жеткізе білуі, сондай-ақ басқа адамдардың да пікірін айқындай алуы тиіс.

Менеджерлік шеберліктің маңызды жақтарының бірі – келіссіөз жүргізе білуі – әріптесінің мүддесін өз мүддесіне сәйкестендіре білетін өнері болуы тиіс. Мұның өзі әсіресе қарамағындағы адамдарға әкімшілік билік жүргізе алмайтын басшылар үшін де, сондай-ақ сырттан шикізат жеткізушілермен қарым-қатынас орнату үшін де аса қажетті жағдай. Келесі онжылдықтарда нағыз компаниялар көп жағдайда маклерлік фирмаға ұқсайтын болады.

Менеджерлер жұмысын ұйымдастырудың маынадай принциптері бар.



  • төңірегіңе жақсы жандарды топтастыр, интелегенттерге және қабілетті адамдарға сүйен;

  • өзінің бірінші кезектегі мүдденді айқында, күнделікті іс-әрекетіңнің жазбасын жүргіз, ең күрделі проблемаларды тексттің бірінші бетіне жазып қой;

  • нақты іс жөнінде айт, қалай айтсаң, солай жаза біл, жүргізілген талдаулар мен қорытындылар материалдарға негізделсін, әрі нақты, қысқа, кімге арналғаны белгілі; ал ұсынылатын шешімдер нұсқасы – шағын болсын;

  • басшы штаб немесе өндірістік сала аралығындағы кикілжің қымбат уақыт пен күш-жігерді бос жіберу екендігін ұмытпа. Басшы екі жақтың да жауапкершілігін дұрыс шектей білуі тиіс. Штабтың бірінші кезектегі міндеті – басшыға жәрдемдесу, әрі өндіріс учаскесіне дұрыс ықпал ете білу,

  • әркімнің билік аясын нақты айқында, адамдардың дербес жұмыс істеуіне мүмкіндік бер;

  • сын-ескеопелерді, ір түрлі көзқарастарды ескер, оларды дұрыс пайдалан;

  • пайда болған өзгерістерге көңіл аудар, әрбір күннің түсйінді мақсаты – барынша пайда табуға қамқорлық жасау екендігін есте сақта;

  • өз жұмыс стилінді тап, әрі соны қолдан.

Шет елдің жоғары басшы корпорациялары менеджерлер үшін үш өсиет айтады: адамды құрметтеу, клиентке көңіл бөлу және жұмыстың жоғары сапасы. Ал «Уэлкомбэроз» компаниясы басқарушы үшін он өсиетті келтіреді: «адалдық, әдептілік, адамды құрметтеу, ұжымдық (коллективтік) жұмысқа қабілеттілік, зерттеуге икемділік, жұмыс сапасы, азаматтық сезімдңлңк, тиімділік және бейімдеушілік»

Еуропалық менеджерлер қазіргі кезде қатал талапты, өзгерістерді және қауіп-қатерді бастан өткізуде. Басқару жөніндегі ағылшын консультанттары М. Вудкок пен Д. Френсистің «Басыбайлықтан босанған менеджер» кітабында алдағы онжылдықта басқару үшін менеджердің мынадай дағдылары мен қабілеттері болуы тиіс:



  • өзін меңгере білу;

  • жеке басының бағалы қасиеттері;

  • жеке өзінің айқын жоспарлары;

  • жеке басын үнемі жетілдіріп отыру;

  • проблемаларды шешуге дағдылану;

  • өнертапқыштық және инновацияға қабілеттілік;

  • маңайындағы адамадарға ерекше ықпал ете білетін қабілет;

  • қазіргі басқару әдіс-тәсілдерін білу;

  • басшылық ету қабілетін;

  • қол астындағы адамдарды ьаулып, жетілдіре білу;

  • тиімді жұмысшы топтарын қалыптастыру және дамыту қабілеті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет