Орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат



бет69/154
Дата09.10.2022
өлшемі4,91 Mb.
#42012
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   154
Байланысты:
2022-2023-оқу-жылының-ӘНХ

min

maх

5

В 1

180

3

10

318

80

80

90

80

318

330

6

180

3

10

318

80

80

90

80

318

330

7

180

3

10

318

80

80

90

80

318

330

8

180

3

10

318

80

80

90

80

318

330

9

180

3

10

318

80

80

90

80

318

330

10

В 2

180

3

10

318

80

80

90

80

318

330

11




180

3

10

318

80

80

90

80

318

330

Ескер

тулар


* 12 сағат (Жиынтық бағалау)











*Барлығы
2974/3098

9-сынып білім алушыларына арналған қорытынды аттестаттау туралы
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 193 бұйрығының 39-тармағында былай көрсетіледі:
«9 (10) сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:
3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан».
11-сынып білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтиханын өткізу туралы
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18
наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12
мамырдағы №193 бұйрығының 41-тармағына сәйкес: «11 (12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:
1) қазақ/орыс тілі бойынша және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер/сыныптар үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан».

  1. Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жүргізілетін элективтік курс тақырыптары

Элективті курстар мазмұнына мемлекеттік тілді үйрету, тіл үйренудің инновациялық әдіс-тәсілдері, ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіруге бағытталған мәтіндермен жұмыс, қазақтың салт-дәстүрлері, тәрбиемен берілетін білім мазмұны, тіл, діл, мәдени, рухани және әлеуметтік мәселелерге арналған тақырыптар алынады.

  1. «Ұлттық құндылықтар» курсы. Негіздемесі: Бұл элективті курс аясында «Қазақ тілі мен әдебиетін» оқытуда ұлттық құндылыққа өткен атабабаларымыздың елі мен жері үшін жан аямай жасаған ерліктері бейнеленген тарихты білу, сан ғасырдан бері келе жатқан салт-дәстүрлер мен әдетғұрыптарды тиімді пайдалану, жауһар халық ауыз әдебиеті мен өнегелі ұлт қайраткерлерінің халқы үшін жасаған күресі сынды ұмытылмас сезімдер жатады. Ұлттық құндылықтың асқан биігі – «ұят болады» деген сөзде. Бәрімізге үлкен кісілер «ер адамның жолын кеспе, тамақты әуелі үлкендер бастасын, екі қолдап амандас, көп күліп, көп сөйлеме» сынды көптеген тиым салып, бәріне ұят болады деп бізге дұрыс жолды нұсқаған. Расыменде, ұят бар жерде мәдениет пен адамилық қасиет сақталынып қалары анық. Курстың мақсаты осы айтылғандарды білім алушының бойына сіңіріп, біліммен қатар тәрбие беру.

  2. «Тілім менің–тірлігімнің айғағы» курсы. Негіздемесі: Бұл элективті курс аясында «Қазақ тілі мен әдебиетін» оқытуда маңызды мәселелердің бірі болып табылатын мемлекеттік тілге деген құрметті дәріптеп, білім алушының бойына сіңіру. Сол арқылы оқушының қазақ тілін үйренуге деген құлшынысын оятып, тілге құрмет көрсету, ұлттың ұлт ретінде өмір сүруі үшін ең маңызды фактор тіл екендігін ұғындыру.

  1. Оқу пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатын тақырыптар

Әдістемелік бірлестік отырыстарында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру (әдістемелік бірлестік, жас мамандар мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, шығармашылық топ және т.б.) бойынша ұсынылатын тақырыптар:

  1. Оқу бағдарламасы негізінде сабақты жоспарлау мен критериалды бағалау;

  2. Тиімді сабақ. Жоспарлау. Бақылау.

  3. Рефлексия – мұғалімнің кәсіби дамуының негізі;

  4. Қалыптастырушы бағалау – бағалаудың тиімді тәсілі;

  5. ҚМЖ құрудың тиімділігі мен артықшылығы;

  1. Lesson Study жүргізу жолдары және күтілетін нәтижелер;

  2. Зерттеу жұмысын жүргізу жолдары;

  3. Білім беруде қолданылатын цифрлық технологиялардың тиімділігі.

  4. Жаңа ақпараттық құралдардың ерекшеліктері мен тиімділігі;

  5. Цифрлық білім беру ортасындағы заманауи оқыту құралдары; 12. Инновацияларды және цифрландырудың озық практикаларын оқу процесіне енгізу;

  1. Оқу пәні бойынша оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің тізімі

«Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығы (өзгерістер ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 маусымдағы № 291 бұйрығымен енгізілген ).

  1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнді оқыту процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыру

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша сабақтарды жоспарлау және ұйымдастыру барысында оқытудың тәрбиелік компонентіне ерекше назар аудару қажет.
Білім алушыларды тәрбиелеудің негізгі идеясы ұлттық құндылықтар. Сондықтан «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша Рухани жаңғыру идеясы негіздерінің құндылықтарын «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаларын оқыту мен тәрбиелеуде жүзеге асыру ұсынылады.
Еліміздің орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл білім алушылардың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мен дамытуға негіз болады. «Рухани адамгершілік тәрбие» бағыты білім алушылардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін, адамгершілік және азаматтық сана-сезімді, жеке ар-намысының құндылығын, парасаттылық пен адалдықты, еңбекке деген құрметті, «толық адам» қасиеттерін қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет