Орта ғасыр философиясы: орта ғасыр христиан философиясының кезеңдері мен белгілері


ПАТРИСТИКА ФИЛОСОФИЯСЫ: АПОЛОГЕТИКА



бет3/8
Дата14.10.2023
өлшемі31,89 Kb.
#114065
1   2   3   4   5   6   7   8
қорытынды кезең (VІ-VШ ғғ.).

2. ПАТРИСТИКА ФИЛОСОФИЯСЫ: АПОЛОГЕТИКА

Ориген (185-254 жж.) ертедегі философтардың еңбектерін оқып үйренуге шақырып, одан христиандықты қорғайтын, негізін нығайтуға қажетті идеяларды іздестіреді. Құдайдың материалдық еместігін көрсеткен дәлелдерді келтіріп, «құдай шексіздік қасиетіне ие болады, денесіздіктің ешқандай шекарасы болуы мүмкін емес» деп пайымдайды.

Платонның мәңгі өлмейтін, материядан бұрын өмір сүрген жандар туралы ілімін қабылдаған Ориген жанның басқа денеге қайта көшіп-қонатыны туралы идеяны теріске шығарды. Оригеннің ойынша, ең нашар рухтар да Құдайға қайтып келу арқылы, жаңадан қастандық пен қайырымдылықты қайта жасау таңдауына ие болады, осылайша олар құтқарылуға шексіз мүмкіндік алады. Әлемнің мәңгі-бақилығы туралы идеясы үшін шіркеудің айыптауына ұшыраған Ориген кейінгі классикалық патристика өкілдеріне елеулі ықпалын тигізді.

3. АВГУСТИН АВРЕЛИЙ ФИЛОСОФИЯСЫ


  • «Тәубе» еңбегінде ол өзінің дүниетанымдық ізденістеріне жауап берген христиан дініне келудегі азапты жолын сипаттап жазады. Оның 13 жыл бойына жазылған «Құдай қаласы туралы» еңбегі 413 жылы Рим қаласының қиратылу әсерімен өмірге келген. Оның ойынша, адам өмірінің ең жоғарғы мақсаты Құдайға сүйіспеншілік және Ең жоғарғы иеге толық тәуелділігін жете түсінуі. Құдай – адамдардың ой-пікірлері мен іс-әрекеттерінің бастапқы және соңғы түйіні.

  • Августин адамзат тарихының қалыптасуы мен дамуын егжей-тегжейлі зерттегеннен кейін, бұл тарих екі патшалықта – «Жер қаласында» және «Құдай қаласында» өріс алады деп қорытынды жасайды. Жер қаласы бұл жауыздық пен шайтандар әлемі, мұнда «оның әкім, басқарушылары мен оған бағынатын халықтарда» күншілдік үстемдік жүргізеді. Құдай қаласы – бұл мейірімділік, сүйіспеншілік пен құдайлық әлем, мұнда «алдыңғы қатарда тұрушылар басшылығына бағыныштылар бағынып, бір-біріне өзара қызмет етеді».

  • «Әлем неге ерте жаратылған жоқ? Соған қарағанда, ешқашан «ерте» болған жоқ. Уақыт әлем жаратылған кезде жаратылды. Құдай мәңгі, өйткені ол уақыттан тыс өмір сүреді; Құдайда ешқандай «ерте» де, «кеш» те жоқ, бары тек қана осы күн, құдайдың мәңгілігі уақыт қатынастарынан алынған; онда бірден барлық уақыт көрініп тұрады», - деді Августин. (Рассел Б. История западной философии. –М., 1993)
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет