«Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»



бет70/82
Дата14.10.2023
өлшемі0,66 Mb.
#113865
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   82
Байланысты:
«Орта асырда ы Азия ж не Африка тарихы»

1. Діннің мәні. Ежелден келе жатқан мәдениет түрінің бірі – дін. Адам баласының тарихында көп тараған дүниежүзілік діндер: буддизм, христиан, ісләм. Бұл діндер және басқа да діни сенімдер қоғамда жоғарғы ұждан өлшемдерінің – қайрымдылықтың, ізгіліктің, мейірбандылықтың мықтап орнығуына көмектесуде. Екінші сөзбен айтсақ, дін адамгершілікті, қайырымдылықты, жан тазалығын, рух биіктігін уағыздайды, бейбітші лікке шақырады. Қиянат қылма, ұрлық істеме, кісі ақысын жеме, күштілер әлсіздерге үстемдік жасамасын, жетім-жесірге, қаріп-қасірге қорған бол, ақ бол, адал жүр дейді дін.
1985 жылы Американың Гэллап институтының жүргізген зерттеуіне қарағанда, Африка тұрғындарының–95, Латын Америкасының–96, Аме рика Құрама штаттарының – 94, Азияның – 89, Батыс Еуропа халқының – 78 пайызы дінге сенушілер.
Әрбір елдің Конституциясы сол елдің дінге деген саясатын тұжырымдаған. Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы» делінген. Сонымен қатар, «әркімнің ар-ұждан бостандығына құқығы бар» деп те тұжырымдалған. Дін адамның рухани өміріне, бірінші кезекте имандылығына әсер етеді.
Діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген, мемлекет қандай да болсын дінге немесе атеизмге артықшылық бере алмайды. Діни негізде саяси партиялар құруға жол берілмейді. Діни бірлестіктер саяси мақсаттар мен міндеттер көздемеуге тиіс деп көрсетілген Конституцияда.
Күнделікті өмірде өзімшіл, күншіл, пайдакүнем, менмен, тәкаппар, суайт адамды имансыз деп атайды. Олай болса, жаман мінезді бойына жинаған адам имансыз деген баға алады. Сондықтан адамның асыл қасиетінің – адамгершілік, жақсылық, ерлік, қарапайымдылық, кішіпейілділік, адалдық, әділдік, шыншылдық, ұяттылық жиынтығын имандылық десек артық болмас. Шексіз (мәңгілік, өзгермейтін) адамгершілік құндылықты уағыздау әлемдік діндерге тән. Әсіресе тарихтың өтпелі қиыншылық кезеңінде діннің әсері күшейе түсті. Будда, христиан, ісләм, т.б. діндер де өз идеологиясын барынша пәрменді түрде жарыса насихаттап және өз діндерін дәріптеп жатқанын жоққа шығаруға болмайды. Мешіт, шіркеу иелері жиындарда, теледидар арқылы да сөйлеуді жиілетті, оған барушылар да көбеюде. Кез келген діннің негізгі идеясы – дене бар жерде жан бар, дене өледі, жан ұшып кетеді, өмір сүре береді деген тұжырым.
Дін ертеден-ақ құндылықтың иесі болған. Діннің өзі мәдениеттің бір түрі. Сәулетті мешіттер, храмдар, тамаша әдеби және діни философиялық шығармалар, шіркеулік әдет-ғұрыптар, имандылық, қайырымдылықтар адам баласының мәдени қорын байытты. Олардың ішінде түрлі шіркеулер, соборлар, Қожа Ахмет Йассауи мешіті, Библия мен Құран, некеге тіркеу әдеттері, т.б. бар. Қазіргі уақытта шіркеу және мешіттің міндеті осы және басқа да мәдени ескерткіштерді сақтау.
Шіркеудің мемлекеттен ажыратылғанына қарамастан, көптеген елдерде оның саясатқа әсері тиіп отыр. Батыс Еуропа елдерінде дінге сенуші адамдардың әлеуметтік мүддесін қорғайтын партиялар да бар. Мысалы, Италиядағы Христиан демократиялық партиясы және Германиядағы Христиан демократиялық одағы. Шіркеу саяси және қоғамдық қозғалыс тардың, жастар және әйелдер ұйымдарының, студенттер одағының, шаруалар қауымының, кооперативтердің жұмыстарына қатынасады. Олар арқылы халықтың әр түрлі топтарына әсер етеді. Шіркеу, мешіттер, діни ұйымдар бейбітшілік үшін күресте өз үлестерін қосуда. Оған Рим папасы Иоанн II Павелдің қызметі дәлел бола алады. Қол жеткен прогресс өзінің қарама қайшылығын да көрсетіп тұрады. Ол адамға қауіп туғызуда, бірінші кезекте ядролық соғыс қаупі тұр. Имандылықтың техникаға үстемдігі ғана бұл ғаламдық проблеманы шеше алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет