●Қала тұрғындарының арасында әр түрлі діни-наным сенімдер болған
●Сырдария аймағында қойға табыну салты болған,мұндай бейнелер зооастралық фарнға байланысты,оғыздар мен түрікмендерде қойға табыну кең тараған
●Тотем –шығу тегін белгілі бір аңмен байланыстыру
●Құйрықтөбе,Отырар қалаларын қазғанда ХІ –ХІІ ғ.үйлердің ошақтары отқа табынудан ерекше безендірілген
●ертедегі діни наным дәстүрлері Жетісу аймағында кең тараған
●Ақтөбе қаласы орнын қазғанда шарап ашытатын орыннан табылған кірпіштерде христиандық крестің таңбасы табылды
●Жетісу аймағында зороастризм,несториандық христиан діні, будддизм сияқты діндер де тараған
|
●Ислам діні Орта азия мен Қазақстанға арабтардың жаулап алуынан бастап ене бастады, 633 жылдан арабтар «дін үшін соғыс» деген ұранмен көрші елдерді жаулап ала бастайды
●араб қолбасшысы Кутейба ибн Муслим 709 жылы Бұхараны соғыссыз басып алады,714 жылы Шашты алып,Испиджабқа жорық жасайды
●737-748 ж.Насыр ибн Сейяр Орта Азияның бірқатар аймақтары мен Қазақстанның Оңтүстігіне басып кіреді
●Х-ХІ ғ. қала мәдениетінің дамуында ислам маңызды роль атқарды
● Әл Макдиси Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың Хғ. қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағанын жазған.
●Отырар қаласының оңтүстік жағында 4 км жерде Байалдыр қыстағының жанындағы Жұма мешітінің орныф зерттелген
●Құрықтөбе қала жұрты жанындағы зираттарда адамдар мұсылманша жерленген, адамынң басы құбылаға қаратылып, жанына ешбір зат бірге қойылмай жерленген.
●Х ғ.басында Қарахандар әулетінің негізін салушы Сатұқ хан ислам дінін қабылдаған
|