Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы 7- класс. «Атамұра» -2003


§ 18. Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы



бет26/44
Дата25.01.2023
өлшемі1,36 Mb.
#62955
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44
§ 18. Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы



Сәндік қолданбалы өнер

Архитектуралық құрылыс жүйелері Мешіт

Кесенелер

Моншалар

Сәндік қолданбалы өнер орта ғасырдың дамыған кезінде өркендей бастады
●Үйлерді безендіру, ғимараттарды сәндеуде қолданылды
● Қолданбалы өнердің құрылыс материалы -сары топырақты балшық пен ғаныш болды
ХІ –ХІІ ғ.ғимараттарды өрнектеуде терракота кеңінен қолданылды
Терракота – оюланған кірпіштер
●Керамикаға оюлап жануарлардың бейнесін салу да шықты, мысалы,Қызылөзен қаласының орнын қазғанда арыстан бейнесі бар терракоталық тақталар табылды

Х –ХІІ ғ.сәулетті ірі құрылыстар салына бастады
●мұндай құрылыс жүйесінің салынуына Қазақстанда ислам дінінің нығая бастауы себеп болды, әсіресе діни кешендер салу ісі жақсы дамыды
Мешіт –мұсылман дінінің әдет –ғұрып, салт-дәстүрлері орындалатын қасиетті ғимарат
●Х ғ. араб-парсы жазба деректерінде Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағындағы қалаларда мешіттердің болғандығы айтылған
Боран мұнарасы – Х ғ.аяғы немесе ХІ ғ.басында Жетісу халқы мұсылмандыққа көше бастаған кезде салынған.
●Құйрықтөбе қаласынан ең ертедегі мешіттің орны табылды, күйдірілген және шикі кірпіштен тұрғызылған

Бабаджа- қатын кесенесі – күйдірілген кірпіштен шаршылап салынған порталдары бар, әсем күмбезді ғимарат, Жамбыл қаласының батыс жағында, 18 км. жерде орналасқан, шатырлы күмбезбен жабылған,Х-ХІ ғ. салынған
Айша – бибі кесенесі- Жамбыл қаласының батыс жағында, 18 км. жерде орналасқан,жартылай сақталған,сыртқы қабырғалары оюлы терракот кірпіштермен қапталған,қабырғаларының бұрыштары төрт ширектік бағандармен безендірілген, ХІ –ХІІ ғ.салынған.



●Отырар моншасы – ХІ –ХІІ ғ,. салынған,жалпы көлемі 11,5 *16,5 м,жылу құбырлар арқылы берілген,екінші монша оңтүстік рабад аумағында, қалаға кіреберіс қақпадан 200 м жерде орналасқан,моншаға құдық суын пайдаланған.
●Тараз моншасы – екі монша табылды, көлемі 12,4 * 12,4 м, бірінші моншаның 7 бөлмесі болған,қазандыққа тау суын қыш құбырлар арқылы жеткізген,
●Осындай шығыс моншасы ХХ ғ. 60-жылдарына дейін Түркістан қаласында болған.
● Алматы қаласында шығыс моншасы тәсілімен салынған «арасан» моншасы бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет