Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы 7- класс. «Атамұра» -2003


§ 16. Қалалық мәдениеттің дамуы



бет25/44
Дата25.01.2023
өлшемі1,36 Mb.
#62955
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44
§ 16. Қалалық мәдениеттің дамуы

Орта ғасыр қалалары санының өсуі

Қала құрылысындағы өзгерістер

Тұрғын үйлер

●Орта ғасырдың дамыған кезеңінде
(Х –ХІІ ғ) отырықшылық мәдениет өркендеп,қалалар саны көбейген.Бұрын Оңтүстік Қазақстанда 30 қала орны болса, кейінгі зерттеулер бойынша олардың саны 37 қалаға жеткен.Ал жазба деректерде алғашқы кезеңде 6 қала аталса, соңғы кезде 33 қала болды
Оңтүстік Қазақстанда қалалардың топтаса орналасқан жерлері –Арыс өзенінің Сырдарияға қосылатын тұсындағы сағалары
Арыстың орта ағысындағы орталығы Осбаникет қаласы болған Кенже аймағы құрылды
Сырдарияға құяр жерде орталығы Отырар қаласы болған Фараб аймағы болды
Шауғар (Йасы) аймағында Қарнақ,Қарашық,Шур,Шағылжын қалалары болған
Сырдың орта ағысы – Сүткент қаласы
Сырдың төменгі ағысында –Сығанақ,Жанкент,Аснас,Жент, Баршынкент қалалары болды

Қалалар көлеміне қарай 3 топқа бөлінді:
1/Көлемі 30 га. асатын қалалар (Испиджаб,Отырар,Сауран, т.б.)
2/ 10 га –дан -30 га-ға дейінгі қалалар (Бурух,Хурлуг, т.б.)
3/ Көлемі 10 –га. жетпейтін қалалар (Алмалық,Лавар,Қапал, Ақтам, Арасан т.б.)
●Х –ХІІ ғ. қалалардағы тағы бір жаңалық- мұсылман дінінің енуіне байланысты мешіттердің пайда болуы
●Қала құрылысындағы тағы бір жаңалық –шығыс моншасы, Отырардан екі монша табылды,кейін Тараз, Йасы қалаларынан да табылды
●Моншаларға су қыш құбырлармен тартылған
●Қалалық отырықшылық мәдениеттің тағы бір қанат жайған жері – Жетісу аймағы,әсіресе оңтүстік –батыс Жетісудың орталығы –Тараз болды
●Жетісу аймағынан 36 қала жұрты табылды
●солтүстік –шығыс жетісудан 70 қала жұрты табылды

●Х-ХІІ ғ. қалалардан ашылған тұрғын үйлердің құрылыс жүйесі ерте орта ғасыр кезінде (VІ –ІХ ғ) салынған үйлерге ұқсас.
●Х ғ.бастап, бөлме сандары көбейе бастаған
●Үйдің ішінде аузын есік жаққа қаратқан тандыр пеш, жанында төртбұрышты 30*30 см,беті ашық ошақ болды
●ХІ –ХІІ ғ. тұрғын үйлері құрылысында өзгерістер болды,яғни қатар жасалған 3 бөлмелі, бір –бірімен байланысты үйлер салынған, мұндай үйлер Құйрықтөбе қаласын қазғанда табылды, қазақтар ондай үйлерді «қоржын үй» деп атаған
●ХІІғ, тұрғын үйдегі тағы бір өзгеріс –еденге орнатылған дөңгелек немесе тік бұрышты темір ошақтар
●ХІІ ғ. тағы бір жаңалық – бөлмелерде ошақ алдында салынған ташнау. Ташнау –канализацияның қарапайым бір түрі.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет