●Әбілқайыр ханның ойраттардан жеңілуі оның ел ішіндегі беделін түсірді,осындай жағдайда Әбілқайыр хан Қазақстанның Оңтүстігінде өз билігіне мойынсұнбағандарды жазалай бастады,елде қатаң тәртіп орнады,Әбілқайырдың бұл әрекеттері халық наразылығын бұрынғыдан да өршітті
●Керей мен Жәнібек Әбілқайырға қарсы шыққан қазақ тайпаларын бастап,Жетісуға,Моғолстанға қоныс аударды
●Моғолстан ханы Есен –бұға Керей,Жәнібек сұлтандарды Әбілқайыр ханға қарсы пайдалану үшін құшақ жая қарсы алды
●Керей мен Жәнібек сұлтандарға Шу бойынан қоныс бөліп берді
●Керей мен Жәнібек сұлтандар Батыс Жетісуда, Қозыбасы деген жерде қазақ хандығының туын тігіп, 1464-1466 жылы Қазақ хандығын құрды
●Жаңа құрылған Қазақ хандығының тағына жасы үлкен Керей отырды,ақылдасар тірегі Жәнібек болды
§ 36. Қазақ хандығының ішкі –сыртқы жағдайы
|
● Қазақ хандығының бастапқы кездегі алып жатқан жері Батыс Жетісу жері –Шу мен Талас өзендерінің аумағы болды
●1462 жылы Моғолстан ханы Есен –бұға қайтыс болды, Моғолстан хандығында ішкі талас –тартыс өрши түсті
●Тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Та,рих –и Рашиди» атты еңбегінде «Қазақ сұлтандары хижраның 870 жылдары (1465-1466ж) билей бастады,Керей мен Жәнібектің маңына жиналғандар саны 200 мыңға жетті» деп жазды
●●Жаңа құрылған Қазақ хандығының тағына жасы үлкен Керей отырды,ақылдасар тірегі Жәнібек болды
●Жәнібек – Барақ ханның баласы
●Керей –Барақ ханның ағасы Болат сұлтанның баласы (екеуі немере)
●Моғолстан ханы Есен-бұғаның Керей мен Жәнібекті қарсы алу себебі –Әбілқайыр хан мен Темір әулетіне қарсы күресте Моғолстанның батыс шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұмтылды және ойраттар шабуылына қарсы қазақтар күшін пайдаланбақ болды
|