●Қазақ хандығы өз алдына мынадай міндеттер қойды:
1/ Көшпелі шаруалардың жайылымдарды пайдаланудағы Дешті Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасақан тәртібін қалпына келтіру
2/ Сырдария бойындағы Сығанақ,Созақ,Отырар,Йасы (Түркістан) т.б. қалаларды Қазақ хандығы құрамына қарату
3/ Қазақ тайпаларының басын қосып,қазақтың этникалық аумағын біріктіру
●Сыр бойындағы қалалардың саяси –экономикалық және әскери-стратегиялық маңызы зор болды
● ХV ғ. 70- ж.қазақ хандары Сырдария бойы мен оған жалғас жатқан Қаратау өңірін басып алды
●Сыр бойындағы қалалар үшін Әбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбани ханмен соғысы 30 жылдан астам уақытқа созылды
●1470 жылы Керей хан әскерімен Түркістанға, Жәнібек хан Созаққа шабуыл жасады, Сауран түбінде Мұхаммед Шайбани жеңіліп,Бұхараға қашты
|
●Шайбани хан Мауараннахрға қоныс аударуға мәжбүр болды
●● ХV ғ. 80- ж.Мұхаммед Шайбани Моғолстан ханынан қолдау тауып,Аркөк пен Сығанақты екінші рет басып алды
●Шайбани хан Аркөкте 40 күн қоршауда отырып,жеңіліп, Йасыны тастап,Хорехмге кетті
●1482-1485ж.Моғолстан ханы Жүніс Ташкент,Сайрамды басып алды және Отырарды басып алып,Шайбаниға сыйлады,Шайбани Сауран мен Йасыны басып алды
●Созақ түбіндегі шайқаста Шайбани жеңіліп, келісімге келді
●Қазақ хандығы мен Шайбани хан арасындағы келісім:
1/Отырар, Йасы,Аркөк, Бозкент қалалары мен Түркістан аймағының бір бөлігі Мұхаммед Шайбаниға қарады
2/ Сығанақ,Сауран,Созақ қалалары мен Түркістан аймағының солтүстік бөлігі Қазақ хандығы құрамында қалды
3/ Ташкент,Сайрам қалалары Моғолстан хандығының құрамына кірді
|